Загрузка...

Ерен өнер иесі

Загрузка...

Семей өлкесінде, Абай ауданының Қайнар ауылында жай шаруаның отбасында дүниеге келіп, жастайынан Тойған анасының әнімен, әкесінің домбыра үнімен сусындап өсіп жетіледі. «Әнші бала Әміре», «Қашаубайдың әнші баласы» атанып, ауыл-аймақтағы үлкенді-кіші жиындарда, той-думандарда ән, күй, айтыс, жыр, терме кештерінде орындалған шығармаларды жан-тәнімен тыңдап, бойына қабылдап өседі. Әміре ән, күй, өнер сүйгіш қауым арасына шақырылып, халық әндерін, халық композиторларының әндерін шебер орындайды. «Әнші бала Әміре» атанады. Ауыл-аймақ мәдениет кештерінің көрнекті қонағы, төрден орын алатын дәрежеге жетеді. Анасының ақ сүтінен дарыған әдемі, әсем, көркем даусы, күмбірлеген домбыра дыбысының көмегімен қасындағы өнерсүйгіш жастарды, ата-әжелерін тамсандырып бұрын-соңды кездеспеген бала, жігіт даусымен тыңдаушыларын өзіне игеріп алғандай сезінген Әміре ауыл шеңберінен Семейге ауысып, 1921-1924 ж. қазақ жастарының «Ес аймақ» атты ағарту ұйымына мүше болып, әншілік өнерін дамыта береді. 1924 ж. Семейде өткізілген халық өнерпазшыларының байқауына қатысып, бас бәйгені әнші Қ.Байжанов екеуі бөлісіп алады. Әншілік өнерімен аймаққа танылады. Әміренің өнері, ән мектебі — өз замандастары өсіп-өнген халықтық тұрғыда ән салу, күй тарту, жыр жырлау, терме, айтыс өнерлерінің ортасы мен аға буын бойындағы дарындылығы, салдар серілер дәстүрі деп білеміз. Халықтық өнер, мәдениет мектебінің түлегі Әміре әншілік, орындаушылық ерекшелігінің арқасында 1925 ж. сол уақыттағы астана Қызылордада өткен кеңестердің 5-съезіне, 1927 ж. Мәскеуде өткен Одақтық Кеңестердің 4-съезіне делегат болып сайланып, делегаттарға арналған концерттерге қатысады. Кең өлке қазақ жері мен елінде еркін өсіп, ән  мәдениетін   игерген Әміренің қайталамас даусына қайран қалған өлке, Республика басшылары оны атақты фольклоршы-этнограф А.В.Затаевичпен таныстырады. Белгілі қайраткер, музыка зерттеушісі А.В.Затаевич Әміренің дарындылығын өте жоғары бағалап, одан көптеген шоқтығы биік әндерді жазып алады да оған жан-жақты көмегін аямай, республика, Одақ, әлем сахналарына ұялмай өнерін паш етуге болатындығын басшыларға дәлелдейді. Осылай ерен дарындылықты таныған А.В.Затаевич ұсынысы бойынша Әміре 1925 ж. Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік сауда, сән өнері көрмесінде ұлттық халық өнершілерінің жарысына қатысып, 2-бәйге мен күміс медальді алып қайтады. Күміс көмейлі дарын иесі Әміренің әншілік мәдениетінің арқасында, қалықтап ұшқан асқақ әні домбыраның сүйемелдеуімен бүкіл әлем қауымына тарап, халқының ғасырлар бойы жиналған өнер мәдениетінің Еуропа сахнасынан жырлауы кездейсоқ жай емес болатын. А.В.Затаевич, «500 казахских песен и кюев» атты жинағында әміренің әншілік өнеріне берген бағасы: «Амре Қашаубаев — выдающийся каркаралинский певец, он весной 1925 года состоял в группе казахского государственного театра.

Кашаубаев обладает красивым, сильным, сочным голосом (тенор) при большом запасе дыхания. Чтобы охарактеризовать его как певца и музыканта лучше всего сопоставить его с двумя другими выдающимися каркаралинскими певцами «поетом» Габбасом Айтбаевым, «Бытабиком» Кали Байжановым. В этом случае Кашаубаев занял бы первое место между ними обоими»-деп көрсетті де… Нужно. Однако желать и надеятся что отведавший и заграницы певец выйдет из этого испытания с честью для себя выгодной для казахского и певческого искусство ко его он является видным представителем [1].

Париж сапарында Әміре «Ағаш аяқ», «Қызыл бидай», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз ағаш», «Екі жирен», «Қызыл бидай», т.б әндерін үлкен толқыныспен орындайды, тыңдаушыларын игеріп алады.

Семейдің губерниялық халық ағарту бөліміне Мәскеуде 1925 жылдың жазында: «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жер жүзілік көрмеде қойылатын этнографикалық концертке қатысуға келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын. Жол қаражаты, гонорары төленеді. Мерзім маусым, шілде айлары. РСФСР халық ағарту комиссары Луначарский», -деген хабар екі рет келді [2].

Парижде болатын концертке қатысу үшін Мәскеуге басқа халықтардың да маңдай алды өнерпаздары шақырылып, соған үлкен дайындықта тыңдап, електен өткізу үшін: беларустың құрайшысы Исенбаев, қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев, –өзбектің бишісі және әншісі Тамара Ханум, армянның аспапты үш орындаушылары, т.б. шақырылған екен. Жиналған мамандардың тыңдауынан кідірмей өткен Әміре атамыз былай деп еске алған екен: «Парижде осындай табысқа жетуіңе тілектеспін-деп менің репертуарымды А.И.Затаевич өзі жазып берді. Парижде кезек өзіме келгенше домбырамды даусыма дәлдеп, зар күйіне келтіріп алдым. Бір уақытта концерт басқарушысы жігіт сахнаға шығып: қазақ әншісі — Әміре Қашаубаев қазақтың ұлттық құралы домбыраға қосып, «Қанапия» дейтін халық әнін орындайды,- дейді. Мен міз баққаным жоқ кердеңдеп басып сахнаға шықтым да отыра қалып мұнан бірнеше күн Мәскеу халқын таң қалдырған «Қанапияға» бастым. Қайта-қайта биске шақырған соң «Ағаш аяқты», тағы бірнеше өлең айттым. Концерт біткен соң сахнаға француз халқының жазушылары Ромен Роллан, Арни Барбюс келді. Таныстық. Олар мені құттықтады. Сонымен біз Парижде он шақты рет концерт бердік . Мен екінші орынға ие болдым, күміс медальға ие болдым»,-деп еске алған екен дарын иесі. «Париж апталығы» газетінің 1925 жылғы 31 шілдедегі санында: «Комедия » залында өтіп жатқан орыстың этнографиялық өнері әдебиеттегі біз болып жүрген концерттерден ерекше. Біз осында жоғары қызықты сахна көрдік, Біз Түркістанның, Украинаның, Оралдың, Кавказдың таза шыны қалпында тұрған жүрек қылыңды қозғайтын музыкасын естідік. Олардан гармониялық, мелодиялық бұрмалау, дыбыс құрылыстарын өзгерту сияқты өзінің ерекшелік сипатын бұзатын нәрселерді таба алмайсың, башқұрттардың, орыстардың әндері олардың төл дыбыстары арқылы, ол аспаптық шығармалар өздерінің қолдан жасаған аспаптарында орындалады», -деп жазды.

«Француздың «Ле Музикл» журналы «Әміренің сирек кездесетін музыкалық көрініс» екендігін, Сарбони университетінің профессоры Перно фонографқа оның орындауында қазақтың әндерін жазып алған екен», — деп жазады М.Тоқжігітов «Ән- атасы Әміре» атты кітапшасында [3].

1927 жылдың жазында Әміре Мәскеуге екінші рет шақырылып, профессор Любимов бастаған Советтік этнографиялы ансамбльдің құрамында Германияның Франк-Фурт Намайне қаласында өткен дүниежүзілік Халықтардың музыкалы көрмесінде концерт беріп, дүние жүзі өнерпаздарымен жарысқа түсті, іскер ұйымдастырушы, сауда, мәдениет, мемлекет қайраткерлеріне халқымыздың домбырамен ән салу мәдениетін жоғары деңгейде таныта білді.

1925 жылы Парижге барардағы Мәскеуде орындалған Әміренің орындауында фонографқа жазылып алынған «Жазық арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Дудар-ай», «Бесқарагер» әндерін 1974 жылы музыка зерттеушісі Ж.Шәкәрімұлы тауып алып, техникалық өңдеуден өткеннен кейін, күйтабақ болып халыққа таралды. Әрдайым радиодан беріліп тұрды.

Шет ел сапарынан оралысымен Әміре Қызылордада шаңырақ көтерген Қазақ драма театрына алғашқы актерлер қатарына шақырылып қызметке қабылданады. Аталған театр сахнасында М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Жапал, «Қаракөзде» Ақын, «Бәйбіше тоқал», «Айман-Шолпан», М.Тригердің

«Сүңгуір  қайығында» Қария, т.б.  образдар  жасап  ойнайды. 1934   жылы музыка театрында әнші-солист қызметіне шақырылып, соңғы кейіпкерлерін әрі концерттерін атқарады.

Мақатай Тоқжігітұлының «Ән атасы-Әміре» атты кітапшасында: «Сауық-сайранға бұрынан бейімі бар Әміре қалада жүріп, қазақтың әнін, татардың жырын, орыстың күйін үйренеді. Біраздан кейін домбыраны қолға алып ән шырқайтын болады [3].

Сол кезде арқа әншілерінің орталығына айналған Қоянды жәрмеңкесіне барып ән салуға құмартады. Әміре – «Мәжілістің гүлі» «он сегіз баспалы гармонды құлаштай созып, қазақтың халық әндерін құйқылжыта соққанда, оның даусы, сай сүйегіңді балқытып, жан сарайыңды тебіренетін», — деп тұжырымдайды.

Әміре өз әншілігімен ғана болып қойған жоқ, ол бүкіл Семей облысы әншілерінің тәрбиешісі болды. Талабы бар талай жас әншілердің Әміреден сабақ алмағаны кемде-кем. Әміренің ән өнері замандастары Қали, Қуан, Қаббас, Майра, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Шашубай, Иса, т.б. бірге қалыптасты, сусындады, дамыды, әлемге әйгілі дәрежесіне жетті. Ұрпағы – біздер үшін үлкен мақтаныш бола бермек [4].

«Ән атасы — Әміре» дегендей, атасының салып берген жолын ұстап Азия-Еуропалық білім алып, қазақ халқының ән өнер мәдениетін әлемге танытып, желбіреген туын көтеріп жүрген әншілері деп: Әнуарбек Үмбетбаев (драматикалы тенор), Байғали Досымжанов (лирикалы тенор), Ермек Серкебаев (Баритон), Нариман Қаражігітов (тенор) Кәукен Кенжетаев (баритон), Бекен Жылысбаев (лирикалы тенор), ағайынды Мүслім, Рашид Абдуллиндер (тенор варитон), Әлібек Дінішев (тенор) Ерік Құрманғалиев (сопрано), т.б мақтанышпен айтамыз.

ӘДЕБИЕТТЕР   

  1. Затаевич А.В. «50 казахских песен и певец» А.1931.55-б.
  2. Жұбанов А.Қ. «Замана Бұлбұлдары» А.1957.
  3. Тоқжігітов М. «Ән атасы-Әміре», А.1972.
  4. Malimets.clan.su сайты
  5. Миненко В.М., Момынұлы П. «Краткий курс музыкальный летературы Казахстана», А.1978.
Загрузка...