Загрузка...

Бейнелеу өнері жайлы лекция және оның мазмұны

Загрузка...

Бейнелеу өнері жайлы лекция көбіне жоғары сынып оқушыларына оқылады. Лекцияныц мақсаты–оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктерін тереңдетіп, өнер шеберлерімен, озық ойлы туындылармен таиыстыру. Мектеп оқушыларының әсемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мұғалім лекция өткізу үшін техникалық құралдарды өнер шеберлерінің ұлағатты сөздерін көрнекілік ретінде қолданады.

Орта мектептің оныншы сынып оқушыларына «Қазақ бейнелеу өнері» тақырыбы бойынша лекция көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында оқылады. Лекция кезінде өнер шығармаларының репродукциялары көрсетіліп отырды. Кейбіреулерін лекция оқу барысында оқушыларға таратып берілді.

Көп ұлтты бейнелеу өнерінің жалпы дамуында Қазақстан бейнелеу өнері де белгілі орын алады. Қазан революциясына дейін әсіресе сәндік   қолданбалы өнер қазақ жерінде барынша кең түрде дамыды. Республикамыздағы алғашқы жұмыс істеген профессионал    суретшілер Н. Хлудов,  Ф. Волков, А. Бортников, Н.Крутильниковтер болды. Қазақстанда бірінші бейнелеу өнерінің көрмесі 1928 жылы Семей қаласында ұйымдастырылып, кейін көшпелі көрмеге айналдырылып, республиканың барлықжерінде көрсетілді.

Отызыншы жылдарды бейнелеу өнері көрмелерінен Ә. Қастеевтің, Ә.Исмаиловтың, ағайынды Ходжиқовтардыңшығармалары көріне бастады. Бұл суретшілердің туындыларында кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдері көрініс тапты. 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті ашылды.

1934 жылы Москвадағы шығыс мәдениетінің Мемлекеттік музейінде қазақ суретшілерінің бірінші көрмесі болды. 1935 жылы Алматыда «Қазақстандағы кеңес үкіметіне 15 жыл» деген атпен мерекелік көрме ашылды. Көрмедегі таңдаулы жұмыстар Қазақстан бейнелеу өнері көрмесінің алғашқы шығармалары ретінде танылды. Республикасуретшілерінің шығармаларын жинау, зерттеу, көпшілікке таныстыру, халыққа жаңадан таныс бола бастаған станоктың бейнелеу өнерінің дамуына жол ашты.

30-40 жылдардағы бейнелеу өнерінің дамуына В. Антощенко — Оленов, В. Теляковский, А. Ненашев,Л. Леонтьев, А. Черкасский, М. Лизагуб, Р. Великанов сияқты орыс суретшілерінің ықпалы көп болды. Олар өздерінің шығармашылық еңбектерін Қазақстан жеңістеріне арнады. Суретшілер шығармаларының басты тақырыбы,  адам, оның еңбегі және еліміздің кеңестік кезеңдегі алғашқы жеңістері болды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Қазақстандағы әрбір төртінші адам майданға аттанды. Майдангерлердің ішінде суретшілер де болды. Тылда қалған суретшілер үгіт-көркемдеу жұмыстарын орындау арқылы халықты екпінді еңбек пен жеңісті тездетуге жұмылдырғаны лекцияда айтылады.

Соғыстан соңғы жылдары Қазақстан бейнелеу өнерінің ішінде кескіндеме алдыңғы орынға шықты. Қазақстан кескіндемесінің мұндай қарқынды дамуы Москва, Ленинград,   Харьков қалаларьшдағы көркем-сурет институттарын бітіріп келген А.Ғалымбаева, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев, Н. Нурмухаммедов, М. Кенбаев, Г. Исмаилова, С. Романов, К. Шаяхметов т.б. суретшілердің мәдени өмірге етене араласуы себеп болды. Суретшілер, аға ұрпақ өкілдерімен қосылып әділдік, әлеуметтік өмірді жырлайтын алдыңғы қатарлы шығармашылық күшке айналды.

Сонымен аға буын суретшілер таза академиялық формада еңбек етті. Олардың шығармаларынық шабыты шалқар, өмір жайлы түсінігі кең, тынысы эпикалық. Бұл стильді суретшілер өз дәрежесінде меңгерді. Сондықтан да олардың шығармашылығында жарқын бетбұрыстарға, жетістіктерге жол ашылды.

Орта буын суретшілер өкілінің бірі Салехадин Айтбаевтың «Бақыт» атты кең тынысты, күрделі протреті көрермендерге кеңінен таныс. Шығарманың колориті бай, лирикалық сарында жазылған. Кейіпкерлер мен жер табиғаты ән әуеніне ұласып тұрғандай.

«Басқа планетаға», «Жұлдызды аспан», «Юрий Гагарин», «Жер планетасының адамы» атты картиналарымен Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер А. Степанов бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбына қомақты үлес қосты.

График суретшілер И. Исабаев, М. Қисамаддинов, Ә. Рахмановтар форманы пластикалық түрде бейнелеу стилін батыл дамытты. Бұл суретшілердің шығармаларының композициялық құрылымында  басқаларға қарағанда көп өзгешеліктер бар. Суретшілер С. Айтбаев, М. Сыдыханов, Б. Тәбиев, И. Исабаев туындылары ой толғаныстарының тереңдігімен, композиция мүмкіндіктерімен өмір құбылыстарын жан-жақты көрсетуі басым түседі.

Шығарма мазмұнының күрделілігіменен ерекше көз тартатын суретшінің бірі — Т. Тоғысбаев. Шығармаларының түстері, ырғағы және формасына қарап, сүретшінің халық өнеріне деген ерекше ықыласын аңғарамыз. Ол аға ұрпақ суретшілерінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, халықтық мәдениеттің терең құбылыстарына бойлаудың жолын ашқанын айтқан жөн. Суретші шығармаларында халықтың сәндік өнерінің дәстүрі мен бірінеше сюжет желісі астасып күрделі образдар жүйесіне біріктіретін композицияның көркем байланысы бар. Бұл сөзімізге мысал болатын шығарма — «Дала балдадасы».

Шығарма мазмұны кең, көркемдік орындау стилі, ою-өрнектермен жасалған композиция қүрылысына үқсас келеді. Суретшінің «Жастық», «Әнші таула», «Күй», «Дала әндерінің нақыштары» атты шығармалары арқылы өмір шындығын халықтың талғамы, сезімі, көзқарасы негізінде көрсетеді.

Республиканың жас суретіпілерінің шығармаларында соңғы уақытта айқын бетбұрыс аңғарылып кследі. Бұл жайлы алпысыншы жылдардың екінші жартысында көріне бастаған бір топ суретшілерімізді айтуға болады.

Снмволикалық көріністерге жиірек бой ұру, мен кең ұғымды шығармалар жетпісінші жылдардың орта шеніне тән ерекшеліктер. Жас суретшілер өнердегі өз жолын, өз бояуын   табуға талпынды. Кейіпкерлерді еңбек үстінде бейнелеп, әрбір детальді шығарма мазмұнын ашуға қатысты алып отырды.

Суретші Б. Тулкеевтің «Тау әні», «Дала шежіресі», «1941 жылдың июні», «Хабар» картиналары кейіпкерлердің жан дүниесін мейілінше терең аша отырып, қоғамдық кезеңдердің көрінісін тап басып көрсетеді. Адам болашағы жайлы өміршең ой толғаныстарына барады. Суретшілер А. Ақанаевтің «Операция столында», А. Нақысбековтің «Балалықтың шынары», атты кескіндемелері В. Халатовтың «Тыныштық саған туған жер», «Біздің планета біреу ғана» деп аталатын плакаттары, К. Молдашевтің «Уақыт пен жер» атты картиналарында аға дәстүрін жалғастыру мен композиция кұрылысындағы жаңалық сипаты айқын байқалады.

Суретші А. Нақысбековтің шығармаларының негізгі арқауы– әдептілік, сыйтластық, туған жерге деген махаббат. Суретшінің «Балалық шақ», «Күн атар сәттегі дала» картиналары бақытты балалық шақ, туған ауыл көріністері арқылы өмірдегі әсем көріністердің көркем образын жасаған.

Суретші Е. Төлепбаев шығармаларында кейіпкерлер жан дүниесін көрерменге шебер жеткізе біледі. Бояулар реңіне көп еркіндік бере бермей, табиғи қалпына сай орынды пайдаланып отырады. «Маңғыстау бүгіні» «Зымыраған жастық» шығармаларында табиғат пен еңбек адамдары әр түрлі қырынан кәрінеді.

XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды ғана алға тосуды көп тілеген секілді. Сонан болар, осы уақыт суретшілері мүмкіндігінше кесек, есте қаларлық бейнелерді жасауға бейім болды.

Қорытындылай айтқанда қазақ бейнелеу өнерінің мектеп оқушыларына көркемдік білім беру мүмкіндігімен қатар сыныптан тыс тәрбие құралы ретінде қолдануға болатын ерекше сипаты басым.

Загрузка...