Жыраулардың қазақ әдебиетіндегі ролі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ ……. 3.

І ТАРАУ. САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫҢ СӘУЛЕСІН БОЙЫНА СІҢІРГЕН ― ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ!
1.1 Толғамды ой – пікірлермен зерттелген жыраулық поэзия…. 7.
1.2 Жыр және жыршылық қасиет……… 13.

ІІ ТАРАУ. ҒАСЫРЛАРДЫ КӨКТЕЙ ӨТКЕН.
2.1 Жыраулар поэзиясындағы әдеби – көркемдік дәстүр………. 17.
2.2 Ғасырлар белестері…. 27.

ҚОРЫТЫНДЫ……. 32.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…. 33.

І КІРІСПЕ.

Қазақ әдебиетінің қайсы бір кезеңі болмасын бәрі де белгілі тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты дамиды. ΧV–ΧVІІІ ғасырлардағы көркем әдебиеттің жайын халық әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар туды. Осы жырлар негізінде,әдеби тіліміз де дами түсті. Бұл кезең – қазақ хандығы құрылып,тайпалар бірлестігінің дербес мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден  бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Кейбір жазба ескерткіштерінің осы кезде таза қазақ тілімен жазылғандығы соның дәлелі. Бұған Қадырғали Қосымұлының «Шежірелер жинағын», Әбілғазының «Түрік  шежіресін» алуға болады.

Заманалар жасаған көркем сөз кестелері, асқақ арман, ұшқыр қиял  жемістері – халық өнерпаздары жасаған өлмес, өшпес мәңгілік мұра. Әр халық өзінің рухани мәдениетінің деңгейін көркемөнер туындыларының нәрлі қорлары, сан–салмағы, сән-сәулетінің аумағымен өлшейді,   бағалайды.

Атадан балаға ауысқан, үрім-бұтаққа мұра болып жеткен «шебердің бізі, шешеннің тілі» туғызған өнер құдіреттерін рухани байлығынан санайды. Берік материалдық негізде дамыған рухани мәдениет адам баласы қоғамының жетіле түсуінде шешуші рөл атқарады.    Адам баласы өзінің өсіп

өркендеу  жолында өмір сүруі үшін тікелей қажет нәрселерді алып қоймайды, соған қоса рухани азық болатын өнер мұраларымен де  сусындап отырады .Барлық материалдық және рухани байлықтардың нағыз иесі халық кемеңгерлігі деген қағиданың маңызы да осындай заңдылықтарын таныта білгендік болса керек.

Қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әлеуметтік қайшылықтар да айқындала береді. Әр топ өз көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал іздейді. Кейбір үстем тап өкілдерін әдебиет осы мақсатта пайдалануға  әрекет жасады, оған  ізгілік көрсетіп, өз пікірлерін танып, қошеметшіл поэзиясының кейбір түрлерін туғызды.

Қара күш біреудің беделін күшейтеді, екінші біреуді төмендетеді. Поэзия  әлемінде бір адамның екінші біреуді қалай жеңгенін, қандай олжа түсіргенін жырлау пайда болды. Жеңімпаздар жеңілгендерді өзіне бас идіреді және өздерінің құқықтарын мойындатады. Осы тұста поэзияда қошеметшіл жырлар туады. Ал, кейнірек, жеңімпаздар озбырлығы күшейе келе, жеңілгендердің күңкілі, үні естіле бастайды, олар наразылық білдіреді. ΧІІІ–ΧІV ғасырлар – моңғол шапқыншыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап ,тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алды. Қазақ хандығының дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды. Ілкі шығармаларда жоқтау сияқты салт жыры ертегі – аңыздар басында болса, кейін жеке адамды дәріптеген туындылар көбейіп, әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял – ғажайып аңыздар туды, онда адамның әртүрлі ғаламат күштерге қарсы күресі бейнеленді. Бұл жағдай тарихи сюжеттерді өмірге әкелді. Қолбасы батырлар не хандар дәріптеліп, олардың қаһармандық бейнелері жасалды. Халықтық туындылардың ол кезде шығарушылары шешендер мен жыраулар еді.

Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қышпен тасқа ою ойып, мәрмәрдан мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық әртүрлі атаулармен атап қадірлеген. Айталық, қапияда сөз тауып, өз сөзінің жүйелі логикалы күшінің арқасында асқынған дауды шешкен, бітіспес жауды бітімге жүгіндірген, жүрместі жүргізген өнерпазды халық – шешен деп атаса, заманының қоғамдық ойын жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөзді термелеп, афористік ақылдарға толы жыр шығарған сөз өнерпаздарын – жырау деген атауға ие еткен.

Жыраулық поэзия – ΧV–ΧVІІІ ғасырдағы қазақтың халық поэзиясы.

Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ΧV ғасырдың орта шеңінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алады. Ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденеді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен — ақ кемелдікті көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман мен адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік жайлы сан — салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның  терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.

Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспеншілігі ,елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын  ел жайлап, шалғынына бие біз байлап”  деп  Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр  үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым”  деп  Ақтамберді жырау  еліне  ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған.

Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа

даңқы кеткен  Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізбасарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер — азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт — бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там — тұмдап болса да жеткен ақын – жыраулар творчествосы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Оларда ел өміріндегі елеулі оқиғалар, феодалдық қоғамның  ащы шындығы, халықтың әдет — ғұрып, салт — санасы бейнелі тілмен көрініс тапқан. Демек, жыраулар  поэзиясы —  халқымыздың  неше ғасырлық  өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұра.

Курстық   жұмыстың   мақсаты:

Курстық   жұмыстың   міндеті:

Курстық   жұмыстың   құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және жеке тараушалардан, қорытынды мен пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 34 бет