МАЗМҰНЫ
Кіріспе…..3
I. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары…..5
1.1. Жұмыссыздық теориялары……5
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, себептері және деңгейі…..7
II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу…..11
2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің маңызы……11
2.2.Жұмыссыздық деңгейі және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы……14
III. Еңбек нарығын реттеу және жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары….21
3.1. Еңбек нарығын реттеу…..21
3.2.Жұмыссыздықты жоюдың жолдары…..23
Қорытынды…..27
Пайдаланылған әдебиеттер…29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған биылғы Жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға бағытталған жағдайда ғана тиімді болады» делінген.
Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшуге, экономикалық реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне амалсыздан душар болып отыр. Жете дамымаған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипаттала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың экономикалық және қаржылық тетіктерінің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың (қағтығыстың), кедейліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.
Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтарының бірі — жаңа жұмыс орындарын ашу.
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.
Қазіргі күнгі басты мәселе не? Ол – жұмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне: жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау, әрі болжау, бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу, жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету, т.б кіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық не себептен туындайды, жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашып көрсету.
Курстық жұмыс / 30 бет