ЖОСПАР
Кіріспе—————3
І. Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары———5
1.1 Жұмыссыздық теориялары———5
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері, себептері——6
1.3 Жұмыссыздықтың көрсеткіштері, деңгейі———10
ІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін талдау—15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың барысын талдау———-15
2.2 Қазақстандағы жұмыссыздықтың болу себептерін талдау————17
2.3 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері——————————-19
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары——23
Қорытынды————29
Пайдаланылған әдебиеттер————31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
- біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
- екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
- үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.
— тұрғындарды жұмыспен қамту теориялары;
— Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдары
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету.
Курстық жұмыстың міндеттері. Зерттеу курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
— жұмыссыздық теорияларын анықтау;
— жұмыссыздықтың болу себептерін қарастыру;
— жұмыссыздықты реттеу мәселелерін қарастыру;
— Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдарын қарастыру;
— Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту мәселелерін зерттеу болын табылады.
— Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының мемлекетте атқарған жұмысын, орнын талдап көрсету;
— Қазақстан Републикасында еңбек нарығы және оның бүгінгі мәселелерінің экономикаға тигізетін ықпалын қарастыру;
— еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың жолдарын ұсыну.
Курс жұмысының құрылымын негіздеу. Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Осы зерттеу жұмысы экономикаға ықпалын, еңбек нарығының мәнін, құрылымын зерттейді, яғни тұрғындарды толық және тиімді еңбекпен қамтылуын шешеді.
Курс жұмысының деректері «Экономикалық теория негіздері», Дүйсеновтың «Еңбек нарығы», Мамыровтың «Еңбек нарығының мағынасы», Шеденовтың «Жалпы экономикалық теория», «Статистикалық жинақтардан» және тағы да басқа оқулықтардан алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.