Жоспар:
Кіріспе
1. бөлім Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 «Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының орналасқан жері
1.2 «Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының есеп саясаты және оның жүргізілу жолдары
1.3 «Қазақстан ГИС Центр» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2- бөлім Борыштар бойынша есеп айрысу операцияларының есебі
2.1 Дебиторлық берешек туралы түсінік
2.2 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
2.3 Сатып алушылар мен күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау
2.4 Басқадай дебиторлық борыштар есебі
3.Бөлім. Дебиторлық және басқа да кредиторлық берешек аудиті
3.1. Дебиторлық берешектердің аудиті
3.2. Басқа да кредиторлық берешектің аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Менің «Дебиторлық берешектер есебі»- атты курстық жұмысымда Дебиторлық берешектер мәні мен мазмұнына, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерге, салықтар бойынша міндеттемелерге және де қысқа мерзімді кредиторлық борыштарға түсініктеме беремін.
Курстық жұмысты жазу барысында дебиторлық берешектер есебін және ағымдағы активтер ашып көрсетіп, оларға толығымен сипаттама беруге тырысамын
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай- ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жұмысын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен мтаериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азйтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге ( ұлғайтуға ), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, қаржылық жағдайын және басқада ресурстарын тиімді жұмсауға яғни табысын көбейтуге мүдделі.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез елген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушылардың алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан активтер саласымен шектеліп қана қоймай, бұлар сыртқы көздерден :банктерден несие, басқалардан қарыз салалар мен сауда алуға толық құқылы. Сыртқы көздерден алынған қаражаттарды – қарастырылған қаржы көздері деп атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі үлкен екі топқа: ұзақ және ағымдағы яғни қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлінеді. Бірінші топқа ұйымдар меншігіндегі бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатылып алынып, жұмсалынатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер саласы көрсетіледі.
Кәсіпорындардағы ағымдағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің үшінші қысқа мерзімді деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Типтік шоттар кестесі бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер мынандай бөлімдерді қамтиды: қысқа мерзімді міндеттемелер, салықтар бойынша міндеттемелер, міндетті және өз бетінше төлемдер, қысқа мерзімді кредиторлық борыштар, қысқа мерзімді бағаланушы міндеттемелер, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: «Шолу жасап отырған кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы», «Міндеттемелер есебі» және «Ағымдағы міндеттемелердің мәні мен мазмұны».
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Қарастырып отырған «Қазақстан ГИС Центр» акционерлік қоғамының жалпы экономикалық сипаттамасына және есеп саясатының қалай жүргізілетіні туралы ашып көрсеттім. Осы берілген кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауына көп көңіл бөлдім.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде міндеттемелерге жалпы шолу, анықтама беріп одан қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні мен мазмұнын ашып көрсетіп жеке- жеке қарастырамын.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ағымдағы міндеттемелердің бөлімшелеріне толық мағұлмат беруге және олардың қаржылық есепкерлікте тиімді пайдалануын көрсетемін. Сонымен қатар курстық жұмысымның мәліметтерін ескі шоттар көрсеткіштері бойынша жазамын.
Жоғарыда айтылғандарды мақсат тұта отырып және олардың мәліметтеріне сүйене отырып, дебиторлық берешектердің есебін ағымдағы активтердің қаржылық есеп үшін және экономикадағы шаруашылық субъектілері үшін міндеттемелердің тиімді пайдалануын анықтаймыз.
Курстық жұмыс / 38 бет