Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты туралы қазақша реферат. Мердігерлік шартының шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өнделуін қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес ғимарат олардың кешені болып келуі мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып оларды нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырысшыға да және мердігерге де тиесілі болады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттарын реттейтін нормалардың мәнісі бойынша, орындайтын жобалау және іздестіру жұмыстарына материалды – техникалық қамтамасыз ету міндеті көбінесе мердігерде болады. Мердігерлік шарты туралы нормалардың диспозивтілігі бұл міндетті тапсырысшыға жіктеуді де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезінде тапсырысшы қажетті қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға міндетті болады. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты көбінесе тапсырысшы үшін тәуекелді болып келеді. Егер заңнама актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупі оған жүктеледі.
Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі, бір немесе өзге қажетті мәліметтер өз уақтылы берілуі, материалдар сатып алынуы, оларға кірудің арнайы тәртібі бекітілген аумақтарға кіруге рұқсат алынуы мүмкін т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердігерлік шарттары бойынша да сияқты бұл мердігерлік шарты бойыншада тапсырысшының және мердігердің ынтымақтастығы орын алуы тиіс. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегі тапсырманы тиімді орындау үшін қажетті болуы немесе көмек көрсетпеу мердігерге елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша мінднтті тікелей шартта көрсетіледі. Оның жеке мысалы ретінде, тапсырысшының мердігермен бірге жобалау – сметалық құжаттаманы жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен немесе мемлекеттік өкілетті органдармен келістіруде қатысу міндетін атауға болады. Бұл міндетті заңмен бекітуде тапсырысшының мүддесін ескеру айқын сезіледі. Ол тапсырманы тиісті орындауда мүдделі, сондықтан өзінің нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бір кедергілер құтылуға кқмектесуі керек. Сондай-ақ ол өзін келешекте жобалау – сметалық құжаттамаларды мердігерден алған соң олар мемлекеттің сертификаттау, архетиктуралық бақылау органдарының және т.б. талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупінен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткілікті қожайын сезімін, қамқорлықты иеленбесе, онда болашақта ол едәуір мүліктік және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын, алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлар өзгеруіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы. Бұл түсінікті, себебі алғашқы кезде тапсырысшы өзінің беріп отырған мәліметінің бір немесе өзге жағдайда қандай мәні болатынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, мердігер тапсырысшыға оның ұсынған мәліметтері аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектінің кқрсеткіштеріне) қалай әсер ететінің кқрсетіп тұруы керек. Мердігерге қатысты емес жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгертілуіне байланысты тапсырысшы мердігердің қосымша шығындарын өтеуге міндетті.
Шарт бойынша, жоғарыда көрсетілгендей жобалау және іздестіру жұмыстарының түпкі нәтижесіне екі тарапта да құқықтар пайда болады. Тапсырысшы да жобалау – сметалық құжаттаманы пайдалану шектеулері жөнінде айтылған. Сондықтан тапсырысшы осы шарттар нәтижесін тек шарттың өзінде анықталған мақсаттарда ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгілі бір елді – мекен бірқатар ғимараттарды салу үшін осындай шектеуге жол берілу жобалаушының құқықтық мүддесінен туындайды, себебі жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижесін шектеусіз пайдалану, мердігердің өз қызметін нарықта одан әрі өткізу мүмкіншілігін де шектейді. Одан басқа тапсырысшының өзге аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшеліктерін ескермей ғимараттарды ойламастан сала бергені жобалаушының, іздестірірушінің жұмысының нәтижелері жөнінде теріс пікір қалыптастырады және сол арқылы аталған тұлғалардың іскерлік беделіне нұсқан келуі мүмкін. Жобалау – смметалық құжаттамаларда интелектуалдық меншік объектілеріне жататын және мердігерге тиесілі болатын бөлек мәліметтер болуы мүмкін, сол мәліметтер мердігердің келісімінсіз таратылуы тиіс болады. Осының салдарынан тапсырысшы жобалау – сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге және онда сақталатын мәлімттерді мердігердің келісімінсіз жария етуге міндетті.