Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі туралы қазақша реферат
Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер және занды түлғалар, сондай-ақ басқа да қызметпен айналысатын, занды тұлға болып саналмайтындар (бір сөзбен айтканда, салық төлеушілер), міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнетақы корларына төлеуші ретінде тіркелгсндер, өзінің түрған жеріндегі салық қызметінің органдарына аударады.
Егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайың олардың жалакысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинак зейнетакы корына аударып отыруы керек.
Әскери және ішкі істер органдарынын кызметкерлері үшін 1998 жылдың қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған кызметкерлердін міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады.
Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және ұсталып отырады:
— егер занды тұлға, сондай-ак жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және нотариустер, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол енбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік жарнасына аударады;
— жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10% деңгейінде аударады;
— адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық Кодексіне сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады.
Міңдетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды:
— еңбеккерлердің денсаулығынын бұзылуына әкелген зардаптар үшін төленетін төлемдерден;
— егер де тұракты жұмыс орны жолда немесе жүріп-тұру сипатында болса, онда оларға төленген төлемдерден;
— ядролық сынақ немесе экологиялық апаттардан зиян шеккеңдерге берілетін әлеуметтік жәрдем ақыдан;
— медициналық қызметке төлеу үшін біржолғы төлемдерден, бала талқан кезде төленетін төлемдерден;
— пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілер төлеген компенсациясынан;
— сақтандыру сыйақысынан;
— берілген арнайы киімдер құнынан;
— және т.б.
Одан баска зейнеткерлік жасқа жеткендер міндетті зейнеткерлік төлемдер төлеуден босатылады.
Міндетті зейнеткерлік жарналар ақшалай да, акшасыз да төленеді. Жинақ зейнеткерлік қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш данада, жеке тұлғаға екі данада төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бірінші данасы банкте, калған екеуі төлеушіде калады.
Егер де заңды тұлға-төлеуші ретінде жойылса, ондағы зейнеткерлік жарна туралы құжаттар міндетті түрде Мемлекеттік архивке беріледі.