Жергілікті атқарушы органдары курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСІПЕ 3

1. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 5
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру 8
1.3.Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері 10

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1.Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың проблемалары 14
2.2.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары 16
2.3. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері 17

ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі  де осында жатыр.

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының  қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының  мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің  жергілікті басқару органдары туралы  жан-жақты түсінік алу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

—         Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;

—         Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;

—         әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;

Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының  еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.

Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін талдау.

Курстық жұмыс: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы қарастырылады, екінші тарауда ҚазақстанРеспубликасында атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметі қарастырылады.

Курстық жұмыс орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, интернет желісінен пайдаландым.

  Курстық жұмыс / 24 бет