Жерге орналастырудағы жұмыстық жобалау

Мазмұны

Кіріспе
1 Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
1.2 Жобалау үшін дайындық жұмыстары
1.3 Топырақтың құнарлы қабатын алу
1.4 Үйінділерді рәсімдеу талаптары
2 Жерді қалпына келтірудің техникалық кезеңі
3 Жерлерді қалпына келтірудің биологиялық кезеңі
4 Сызбалар құрамы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Жер әр түрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылған жер — адамның өндірістік іс-әрекеті салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су және жел эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140 бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.

Рекультивация — бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық шаралардың кешені. Рекультивация объектілеріне: карьерлер, олардың үйінділері және т.б. жерлер жатады. Жерді қалпына келтіру жөніндегі жобада келесідей мәселелер қарастырылады: топырақтың құнарлы қабаты, алынатын учаскенің ауданы есептеліп, біріншісінің қалыңдығы сыдырып алынатын құнарлы қабаттың көлемі анықталады, уақытша үйінділерді қоятын орын алынған ТҚҚ пайдалану бағыттары белгіленеді.

Жалпы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар екі кезеңде жүргізіледі: 1) техникалық, 2) биологиялық. Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезең жерді тегістеуді, керекті жағдайда химиялық мелиорацияны жүргізуді жол, гидротехникалық және басқа инфроқұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Ал екіншісі міндетті жердің құнарлығын және өзгерген жер учаскелерін қалпына келтіру, ол үшін эр түрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар қолданылды. Бұл іс- әрекеттердің мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, жалпы шаруашылық құндылығын қалпына келтіру. Қалпына келтірілген жерлерді қолданудың негізгі бағыттары:

  1. ауыл шаруашылығында, егер қайта қалпына келтірілген жерлер ауыл шаруашылық алаптары болса;
  2. орман шаруашылығы, егер орман екпелері болса;
  3. балық шаруашылығы, егер балық өсіру су айналым құрылысы болса;
  4. су шаруашылығы, әр түрлі мақсаттағы төменгі рельефте су қоймалары құрылысы;
  5. рекреациялық, егер бұзылған жерлерде демалыс зоналарының құрылысы;
  6. санитарлық-гигиеналық, егер қоршаған ортаға зиян келтірілген, халық шаруашылығына қолдануға тиімсіз бұзылған жердің биологиялық және техникалық консервациясы қарастырылса;
  7. құрылыстық, егер бұзылған жерлерді өндірістік және азаматтық құрылыстар салуға ыңғайландыру.

Курстық жұмыс / 32 бет