Жер ресурстарының пайдалану мәселесі туралы қазақша реферат
Адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд.га құнарлы жерлерден айрылған.Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда.Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады.1950 жылы дүние жүзінде 1адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0,15 га –ға дейін кеміген.
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор.Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ- зат айналымның маңызды буыны.Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де,айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады.Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор.Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты.Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты.Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосыыстарды байланыстыруға қабілетті.Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктермен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.В.В.Докучаев «топырақ-ландшафттың айнасы » деген.Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрлііктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен , өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.
Жер ресурстарына әсер ету — құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың , радиациялық және су балансының өзгеруі, олай болса климаттық парметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады.Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі қатты және химиялық ағыстардың артуы.Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты.Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады.Ал бұл параметрлер топырақтың өзін өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден бір шарты болып табылады.
Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда-«бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады.Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде,ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған.Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді.Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақтар жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.
Су және жел эрозиясы брлық жерлерде орын алады.Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына , кеңістіктің ашықтығына және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді.Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар көп ұшырайды.Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе,шымтезекті жерлерге тән.Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады.Мұндай эрозиялық процестер Украина мен Белоруссия территориясында байқалған.
Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.Су эрозиясы орманды дала зонасында басым.Сонымен қатар , дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған.Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық процестердің болуына,әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу,өсімдік жабынын жою,мал жаю,туризм және т.б. әсер етеді.Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригацияның , яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады.Бұл су сіңіп үлгермейді де,топырақ бетімен ағады.Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Жер ресурстарына зиян келтіретін үшінші үлкен фактор-бұл жердің азуы.Оның орын алу себептері –өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі.Гумустың жойылуы , су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, олардың құнарлығы жойылып шөлге айналады.
Адам үшін қажетсіз түрлердің санын реттеудің биологиялық әдістері биология мен экологияны білуді талап етеді.Биологиялық агент ретінде антагонист ағзалар немесе олардың тіршілік өкілдері , экожүйелерге және алынатын өнімге зиян тигізбейтін кейбір заттар мен агротехникалық шаралар қолданылады.
Пестицидсіз технологиялар ауыл шаруашылығында кеңінен таралып келеді.Бұл кезде пестицидтермен қатар минералдық тыңайтқыштар, өсуді жылдамдататын заттар және т.б. қолдану да кемиді.Шет елдерде өнім химиялық құралдарсыз өсірілетін шаруашылықтарды органикалық фермалар деп атайды.Мұндай өнімнің бағасы жоғары болса да, оған деген сұраныс көп.Бірқатар елдерде улы химикаттарды пайдалануды кеміту бағдарламалары жүзегеасырылуда.
А.В.Яблоков ағзалардың санын реттеудің биологиялық және басқа да химиялық емес шараларының жүйесін ұсынды.Мысалы:
1. Зиянды түрлердің жыртқыштары мен паразиттері, оларды қолдан өсіру және экожүйеге енгізу.Оларға құмырсқалар, паразит бунақденелілер, ызылдауықтар, қанқыз және т.б. жатады.
2.Вирустық және бактериялық препараттар.Мұндай препараттардың үлесі зиянды түрлермен күресудің биологиялық құралдарының шамамен 10 пайызды құрайды.
3.Популяцияға ұрпақ бермейтін немесе ұрпағына өміршең емес қатарлар беретін даралар енгізу.Қазір осы генетикалық әдіс кеңінен қолданылып келеді.АҚШ та аталықтарды толық ұрықсыздандыру әдісі кеңінен қолданылады.
4.Жануарлардың белгілі бір даму кезеңдерін үзу немесе қорқыту мен өзіне көңіл аударатын табиғи заттарды қолдану не оларға ұқсас заттарды қолдан жасау.
5.Тек белгілі бір өсімдік түрлерімен ғана қоректенетін жануарлар.Егер мұндай өсімдік арамшөп болса, онда жануарлар оларды жояды да, ауыл шаруашылық дақылдарына тимейді.
6.Табиғи пестицидтер.Мұндай препараттарға темекінің сөлі, ұнтағы, қызан,сарымсақ, түймедағы және т.б. өсімдіктер жатады.Қазір биологиялық табиғаты бар 800-дей пестицидтерді ауыстыра алатын заттар бөлініп алынған.
7.Пестицидтік қасиеті бар физикалық препараттар. Мысалы, бунақденелілермен «диатомды топырақпен » күресу әдісі белгілі.Бұл диатомды балдырлардан алынған өте ұсақ шаң. Мұндай шаң бунақденелілердің трахеясын тыныс алу кезінде жауып қалады.
8.Белгілі бір зиянкестерге тұрақты қолтұқымдарды шығарудың селекциялық әдістері.Мысалы,АҚШ ғалымдары тегіс жапырақты мақта сортын шығарған.Ол өсімдікке бунақденелінің жұмыртқасын бекітуге мүмкіндік бермейді.Фтиофтораға тұрақты картоптың тұқымдары шығарылған.Өкінішке орай өнімділігі жоғары өсімдік тұқымдары зиянкестер мен ауруларға тұрақтылығы төмен болуымен сипатталады.
9.Интеграцияланған әдістер. Химиялық препараттарды қолдануды мүмкіндігінше кеміте отырып, биологиялық, агротехникалық және селекциялық әдістерді үйлесімді түрде қолдану.Бұл әдістер аралық әдістер болып есептеледі.
Экологиялық әдістердің бірі ландшафттардың оптимизациясы. Мысалы,ауыл шаруашылық танаптарын орман экожүйесімен , орман белдеуімен кезектестіру.Мұндай жағдайда өзінің қоректену тізбегінде ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерін енгізетін жануарлар популяциясын сақтауға мүмкіндік болады.
Зиянкестермен экологиялық күресу әдістері -ең алдымен экожүйелердің тіршілік ету заңдылықтарын биологиясын терең білуге негізделген.