Жоспар
Кіріспе………3
I.Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі………4
1.1. Жер және жер рентасы туралы ұғым………4
1.2. Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы…….10
1.3.Жер пайдалану ақылылығы және оны экономикалық ынталандыру….13
II.Қазакстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрлық жүйесінде жерлердің бағалануы……16
2.1. Қазақстан Республикасының жер учаскелерін жеке меншікке беру кезіндегі базалық ставкалары…….16
2.2. Сапалы бағалау (жер қыртысының бонитет балы)……21
III. Жер қойнауын бағалау әдістемесі……….23
3.1. Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі құқықтары………..23
3.2. Жер учаскесінің бал банитетін бағалау………………27
Қорытынды…………….33
Пайдаланылған әдибиеттер тізімі………34
Кіріспе
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері – жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру.Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады.Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған. Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма –жыл ренталылық табыс береді.Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек.Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.
Жер және құралдардың басты салуларының негiзгi салалары бiрде қалуға жалғастырған болады. Ол сатып алуға, жалдауға сатып, беруге болады.
Жердi нарықтық құн, ең алдымен, қазiргi нарықта оның тұрған орыны және сыртқы факторлардың ықпалы, сұраным және ұсынымнан тәуелдi болады. Егер жер телiмiнде жылжымайтын мүлiктiң әр түрлi түрлерiнiң объекттерiнiң құрылысын жоспарланса, қазiргi желiлерге коммуникациялардың сандық және сапалы бар болу тұры және қосуды мүмкiндiк жердi баға.
Жер учаскесiне құқық шектерi туралы айтып кетсек. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.
Курстық жұмыс / 34 бет