Мазмұны
Кіріспе………..3-4
1.Бағалау туралы жалпы мағлұматтар
1.1Жеңіл көлікті бағалау процесі………5-7
1.2 Жеңіл көлікті бағалаудың түрлері мен әдістері…….8-14
ІІ Қазақстандағы жеңіл көліктің бағалану ерекшеліктері
2.1. Жеңіл көліктің бағалануының динамикасы….15-22
2.2 Машиналардың тозу турлері…….23-26
2.3 Жеңіл көліктің қазіргі кезеңдегі көріністері….27-31
ІІІ Жеңіл көлікті салыстырмалы түрде талдау….32-34
Қорытынды……35-37
Қолданылған әдебиеттер…..38-39
Кіріспе
Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен (2725 мың км2), оның халқының сирек орналасуымен (орта есеппен 6 адам/ км2), шикізат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Осындай ахуалда көлік-коммуникациялар кешені (ККК) еліміздің экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси тұтастығын да қамтамасыз етеді.
Екінші жағынан, Еуразия континентінің дәл кіндік ортасына, негізгі еңбек рыноктары мен капиталдан шалғай географиялық орналасуы, экспорттық-импорттық операциялардағы көлік құраушысының сөзсіз өсуіне жетелейді және соның салдары ретінде әлемдік экономикалық жүйеге орай интеграция жасауына себеп болады. Дегенмен, Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның сыйымтал және қарқынды дамып келе жатқан рыноктары арасындағы Қазақстанның геосаясаттық жағдайы осы қолайсыздықты өтеу үшін, мәселен, ел аумағына трансконтиненталды транзиттер тарту жолымен мүмкіндіктер береді.
Алайда накты интеграциялық үдерістерді баламалы жұмыс істейтін көлік жүйесі арқылы ғана жандандыруға болатыны айқын.
Нарыктық қатынастардың қалыптасуы мен меншік құқығын жаппай қайта бөлу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігіне жаһаңдық өзгерістер әкелді.
Көлік секторында бәсекелі орта пайда болды және күнкөріс үшін қатаң тайталас күшейе түсті, әрі осы ымырасыз күрес ККК тек әр түрлі секторларының ғана арасында емес, сонымен бірге көліктің бір түрі ішіндегі шаруашылық жүргізетін жеке субъектілер араларында да жүріп жатты. Бұл ахуал экономикалық белсенділіктің елеулі бәсеңдеуі мен қоғамдағы қарама-қайшылықтың шиеленіскен жағдайында орын алды. Жас тәуелсіз мемлекетке еңбек бөлудің орныккан жалпы әлемдік жүйесіне енуге тура келетіндігі жағдайды одан бетер қиындата түседі. Осы үдеріс, атап айтқанда, Ішкі бағаларды әлемдік бағаларға сәйкестікке келтірусіз тиімді бола алмайды. Көлік секторы үшін бұл тарифтердің сөзсіз өсуін білдіреді, ол өтпелі экономика жағдайларында өзгерістер қарқынына өте келеңсіз түрде әсер етеді.
Сонымен, Қазақстан Республикасынан жаңа экономикалық жағдайларда ККК жұмыс істеуге одан әрі бейімделуі жөніндегі мәселелердің тұтас жиынтығын шешу талап етіледі. Бұл орайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек рыноктық механизмдерге ғана сенім арту жеткіліксіз.
Елдегі әлеуметтік тұрақтылықпен экономикалық орнықтылықты сақтау арқылы социалистік меншікті мемлекет иелігінен алу ең басты міндет болып табылған реформалардың бастапқы кезеңдерінен айырмасы, ағымдағы мезет жаңа басымдықтар ұсынады. Экономикадағы ырықты (ықтиярлы, либералды) қатынастарды сақтап, әрі дамыта отырып жергілікті және республикалық деңгейлердегі ұйымдық-баскарушылық қызметтерді жетілдіру, мультимодалды немесе құраматасымалдардың логистикасына негізделген осы заманғы көлік технологияларын қазақстандық нақты жағдайларға бейімдеу қажет. Көлік коммуникацияларын, көлік инфрақұрылымы объектілерін, сондай-ақ техникалық қайта жарақтандырудағы, ең алдымен көлік құралдарының паркін (КҚ) жарақтандыруды қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі өзектілік арта түсуде. Көлік процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен көлік кешенінің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайтудың есебінен халықтың денсаулықтары мен өмірлеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттілігі барған сайын арта түсуде.
Курстық жұмыс / 39 бет