Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу

Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу туралы қазақша реферат

Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы, ал қосымша не-гізгі обьект адамдардың өмірі.

Обьективтік жағынан ҚК-тің 266-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс- қызметтің таңдап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы сипатталады.

Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық, протездік-орто-педикалық, реабилитациялық қызмет көрсетулер жатады.

Фармацевтикалық қызметке – дәрі-дәрмектерді дайындау, зерттеу, сақтау және оларды босату әрекеттері жатады.

Медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен шұғылдану құқығы арнаулы медицалық білім алған: дипломы бар және қызметтің таңдап алған түрі бойынша лицензия алған адамдарға ғана беріледі. Мұндай тәртіпті сақтамау жекеше медициналық қызметпен заңсыз айналысуды білдіреді. Мұн-дай заңсыз айналысу абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққанда ғана іс-әрекет қылмыс қатарына жатады: Яғни осы қылмыстың обьективтік жағының қажетті белгісі – адамның денсаулығына  зиян келтіру болып табылады. Іс-әрекет пен келтірілген зияның арасында себепті байланыс орын алуы қажет.

Қылмыс құрамы материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Субьективтік жағынан адамның лицензиясыз қызметпен айналасуы қасақана-лықпен, ал қылмыстың зардабына тек қана абайсыздықпен жол береді.

Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған, лицензиясыз көрсетілген қызметті таң-дап алған адам.

Қылмыстық Кодекстің 266-бабыеың 2-тармағында осы қылмыстың ауырлата-тын түрі – абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.