Жоспары
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
1.1. Жеке адам туралы түсінік
1.2. Жеке адамның психологиясы туралы теория
1.3. Адамның негізгі түрткілері
1.4. Темперамент туралы жалпы түсінік
3) Қорытынды бөлім
Кіріспе.
Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» — қазақ тілінде «жан», «логос» — «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі өзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны–жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Жан туралы осындай ұғым адам баласының, қоғамның өсіп дамуының жоғарғы сатысында ақыл – ой қызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әр түрлі ұғым болған. Мысалы, ерте замандағы адамдар өздерінің дене мүшелерін, оларда болатын физиологиялық құбылыстарды (жүрек қызметі, қан айналысы, демалу т.с.) жан деп түсінген. Себебі олар кейбір дене мүшелерінсіз күн көріп, тіршілік ете алмайтынын білген. Мәселен аяғы жоқ адамның тіршілік етуі қиын, баратын жеріне бара алмай, жауларын көргенде қашып құтыла алмайды. Ал егер қол болмаса тамақ тауып жей алмай, қару алып, жыртқыш аңдарға қарсы тұра алмайтын еді. Аш адамға жағымсыз сезімдер пайда болып, көңіл күйі болмай жөнді қызмет істей алмайды, ал тамағы тоқ адамның көңілі көтеріңкі болып, жағымды сезімдер туады, осыған орай олар кейде құрсақты да жан өрісі деп санаған. Адам тірі кезінде жүрегі соғып, қаны жүріп, дем алып тұрса, өлген соң бұл әрекет тоқтайтындықтан адамдар жүректің соғуын да, қанның жүрісін де жан деп білген. Сөйтіп, қорыта айтқанда, жан туралы жұрт арасындағы ең алғашқы ұғым тұрпайы материалистік сипатта болған.
Психологияда адамның жан дүниесінің ғылыми негізінде зеттеудің орнына, тек қана жан деген не, оның қандай қасиеттері бар, адам өлгенде онымен бірге жаны да өле ме, жоқ па, егер өлмейтін болса ол қайда кетеді, қандай адамның жаны тозаққа барады, бір иненің ұшына неше періште отыра алады немесе бір иненің көзінен неше періште өте алады дегендей құрғақ, ешкімге керексіз мәселелермен шұғылданатын ғалымдар көбейе түсті. Мұндай психология – жанды материямен ешбір байланысы жоқ абсолюттік ұшы-қиырсыз, еш уақытта өзгермейтін субстанция (негіз) деп білді.
Курстық жұмыс / 27 бет