Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы туралы қазақша реферат
Құқықтық мінез-қүлық әдебиеттерде өзінің жалпы түрінде заңдық мағынасы бар жағымды және жағымсыз сипаттағы заңдық салдарға әкеледі деп қарастырылады. Құқықтық мінез-қүлықтың белгілерін қарастырайық. Бірінші және негізгі белгісі болып оның әлеуметтік мағынасы ескеріледі. Құқықтық әрекет шеңберіне тек жағымды (пайдалы) немесе жағымсыз (зиянды) маңызды әлеуметтік мағынасы бар адамадардың мінез-қүлқы енгізілетіні белгілі. Құқықтық мінез-қүлықтың екінші белгісі — психологиялық. Ол әрқашан түлғаның саласы мен еркінің бақылауында болады. Бұл белгі құқықтың өзінің табиғатымен анықталады. Құқық тек өзінің еркі және орынды түсінігі бойынша өрекет ететін түлғаның мінез-құлқын реттейді және оған әсер етеді. Үшінші белгі — құқықтық мінез-қүлықтың анық белгіленуі. Бұл заңдық белгі және оның субъектілерінің мінез-құлқы заңның белгілі бір шеңберімен шектелінеді. Төртінші белгі — құқықтық мінез-құлықтың құқық қолданушы және құқық қорғаушы органдары тұлғасында мемлекеттің бақылауында болуы. Құқыққа сай мінез-құлық әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Ал құқыққа қарсы мінез-құлық үшін мемлекет жағымсыз құқықтық салдар қарастырған. Бесінші белгі — құқықтық мінез-құлық заңдық саладарға тартуы және тартуға қабілеттілігінен құрылған. Ол құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқталуына және құқықтық жүйедегі басқа элементтерге әсер етеді.
Құқықтық мінез-құлық құқыққа сай және құқыққа қайшы деп екі түрге бөлінеді. Олардың арасындағы ортақшылық құқық сферасындағы ұқсас субъектілердің мінез-құлқы. Сонымен қатар олар кейбір сипаттары бойынша қарама-қайшы болып келеді. Біріншіден, егер құқыққа сай мінез-құлық қоғамдық қатынастарды нығайтса, ал құқыққа қарсы мінез-құлық әлеуметтік жүйені бұзады, әлсіретеді. Екіншіден, мінез-құлықтың психологиялық белгілірі қарама-қайшы. Құқыққа сай мінез-құлық қоғам мүддесіне сай келетін, оған қайшы келмейтін өз міндетін саналы түрде түсіну, қоғамдық қажеттілік, жеке мүдделермен дөлелденеді. Құқыққа қайшы мінез-қүлық көп жағдайда пайдакүнемділікпен, эгоистік және агрессивтік үмытылуымен сипатталады. Үшіншіден, мінез-құлықтың заңдық сипаты әр — түрлі. Құқыққа сай мінез-құлық әдетте рұқсат етуші немесе міндеттеуші нормаларымен қарастырылса, ал құқыққа қайшы мінез-қүлық тиім салушы нормаларымен қарастырылған. Құқыққа сай мінез-қүлық нормаларды сақтау немесе орындаумен бекітіліп нормативтік болады; ал құқыққа қайшы мінез-құлық тиім салушы немесе міндеттеуші нормаларды бұзып, нормаға қайшы болады. Төртіншіден, мінез-құлыққа мемлекеттің әсерінің әр түрлі болуы. Мемлекет құқыққа сай мінез-қүлықты жан-жақты қорғап, кепілдік береді. Мемлекет кінөлі тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлық үшін жағымсыз салдар қарастырады.
Құқыққа сай мінез-құлық дегеніміз — бұл құқық нормаларында қарастырылған және заңдық салдар ала жүретін, субъектілердің саласы мен еркінің бақылауында болатын, жеке немес ұжымдық субъектілердің әлеуметтік мағынадағы мінез-құлқы.
Азаматтардың мінез-құлқының басты түрі құқыққа сай мінез-құлық деп саналады. Көпшілік жағдайда азаматтар адам және заңға сай әрекет етеді. Жалпы азаматтардың қызметі құқықтық жүзеге асуымен байланысты болады. Ол тиім салуды қарастырады, міндеттерді орындайды, құқықты тағайыңдалуы бойынша пайдаланады. Конституция бойынша барлық азаматтар заң мен сот алдында тең. Дегенмен, азаматтардың құқықтық қызметі біркелкі болмайды. Ол көптеген факторларға байланысты: жас шамасынан, әлеуметтік жагдайынан, қызығушылығынан, объективтік мүмкіншілігінен және т.б.
Азаматтардың мінез-құлқының басты себебі әлеуметтік тобтар мен қоғамның толығымен қажеттілігі мен мүддесі, басқа тұлғалардың қажеттілігі мен мүддесі болып табылады. Құқықтық мінез-құлықтың себептерін қалыптастыру кезінде әрекет етуші субъектінің мүддесі мен басқа түлғаның мүддесінің, сондай-ақ себебшінің қызметінің бастауының арасындагы байланыс сипатының маңызы бар. Осы мүдденің екі түрі де көптеген немесе аздаған дәрежеде бір-біріне сай келеді немесе қайшылыққа түседі. Көптеген жағдайда баланың мүддесі ата-ананың мүддесіне айналады. Ұжым мүшесінің жеке мүддесі қоғамдық мүддеден асып кетуі мүмкін.
Мінез-құлықтың қоғамдық және жеке себептері:
— қылықтың қоғамдық пайдалы идеясына көз жеткізу;
— қоғам алдындағы парыз, құқықтық міндет;
— кәсіби жауаптылық сезімі;
— қылықтың басқалар үшін пайдалы тәжірбиесі;
— стереотиптік, үйреншікті мінез-қүлық;
— конформизмдік, көпшілікке бағыну;
— заңдық және моральдық жауапкершіліктен қорқу;
— қылықты жасаудан жеке пайда көру;
— эгоистік мүдделер;
— құқыққа сай қүралдармен жүзеге асырылатын жағымсыз себептер
(өш алу, қызғаныш және т.б.)
Қоғамдық бағыттағы себептердің жоғарғы сатысы болып, қылықтың әлеуметтік қүлдылығының күшіне байланысты, оның айналадағылар, туыстар мен жақындар, қоғам үшін пайдалығына көз жеткізу болып табылады. Құқыққа сай мінез-қүлықттарды жағымды баға беруге қиын себептер де тудырады. Өйткені, себебтің сипаты мен қылықтың құқыққа сайлылығының арасынла қатаң үйлесімділік жоқ. Бірақ, көпшілік жағдайларда жағымды себептер құқыққа сай мінез-қүлық тудырса, ал жағымсыздар — құқыққа қайшы мінез-қүлық тудырады. Әйтсе де бүл жалпы тәртібтің ерекшелігі бар. Оның пайда болуы себеп пен қылықтың арасында тағы да бір түйіннің — жоспарлау мен шешім қабылдаудың болуы. Ол әлеуметтік тиімді себептерді өзгертеді немесе, керісінше, әлеуметтік зиянның орнын толтырады.
Мемлекет пен қоғам азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсеңділігін көтеруге мүдделі В.П. Казимирчук осы мәселемен айналысып, «Түлғаның әлеуметтік-құқықтық белсенділігі» деген мақаласында осы түсінікті үсынды. Бұл құқықтың мүддесінде, құқықты қызметтеуде, құқықтық ұйымдардың қызметінің жоғарғы мәртебесін тануда көрініс табатын өзіндік, саналы қызмет және индивидтің өзінің заңдық күшін пайдаланудың неғүрлым тиімді жолын іздеумен немесе құқық сферасында оның азаматтық міндеттерін, азаматтығын парызын жүзеге асырумен байланысты. Әлеуметтік құқықтық белсенділік әдетте құқыққа сай мінез-қүлық өзіндік әр түрлілікте ерекшеленеді, өйткені ол заңның әдеттегі талаптарынан, нақты құқықтық бүйрықтардан асып түседі. Осы мінез-құлық неғүрлым ынталы, белсенді және нәтижелі деп саналады. Мысалы, қауіпті қылмыскерді батыл үстау; қажетті қорғаныс туралы тәртіб негізінде жәбірленушіні қорғау; заң жобаларын талқылауға белсенді қатысу; заңды жетілдіру бойынша тиімді үсыныстар енгізу және т.б. Аталған мінез-қүлық формалары әрекет етуші құқықпен қарастырылған және өнегелік нормалармен мадақталанады; оны жүзеге асырушы тұлғалар өз еркімен әрекет етеді.
Әлеуметтік зерттеу әлеуметтік құқықтың белсенділік әр түрлі
жастағы және қызметтегі азаматтардың кең шеңберіне тән деп
көрсетеді. Ол білім мен еңбек тәжірбиесінің өсуіне байланысты
жоғарылайды деп бекітілген. Әлеуметтік-құқықтық белсенділік — бұл демократиялық құрлысқа сәйкес, құқыққа сай мінез-құлықтың жетекші формасы.
Құқық бұзушылық өзінің жағымсыздығының күшіне байланысты ертеден адамдардың назарын аударады. Бұл қүбылыстарға әлеуметтік жақындау олардың табиғатын, себебі мен ұдайы өндіріс механизмін жұмыс істеуін, тарихи қалыптасқан қоғамдық процесстермен өзара байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын көрсетеді.
Құқық бүзушылықтың табиғатын түсіну үшін ең алдымен құқыққа қайшы мінез-қүлықтың дамуының әлеуметтік және биологиялық бастауларының ара қатынасын түсінуден бастау қажет. ХХғ. 60 жылдарында Кеңестік Криминология қоғамға қарсы құбылыстардың табиғатына әлеуметтік түсінік берді. Құқық бұзушылықтың кез келген азаматтық қылық сияқты, жалпы, әлеуметтік және биологиялық табиғаты бар екендігі дәлелденді. Әлеуметтік бастау кез-келген саналы мінез-құлықта адам организмінің жұмыс істеуінің биологиялық элементтерінен үстем болады.
Құқық бұзушылық бұл тек жеке ғана емес, көпшілік қүбылыс
және бүл аспектіде оның әлеуметтік табиғаты өте анық көрінеді.
Ресми статистика мен таңдалған әлеуметтік зерттеулер қоғамдық
өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен құқық бұзушылықтың құрылымы, күйі мен динамикасы тікелей байланысты деп көрсетеді. Атақты американдық криминолог Э. Мур өзінің «Біздің қылмыстық қоғам» деген кітабында ешбір саналы американдық бір жағынан кедейшілік, тең емес әлеуметтік мүмкінділік, бақытсыздық пен әділетсіздік сезімін және екінші жағынан — қылмыс арасындағы тығыз тәуелділікті одан әрі жоққа шығара алмайды деп көрсетеді. Әлеуметтік қайшылықтың шексіз тереңдігі қылмыс, нашақорлық, жезөкшелік және т.б. сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға әкеледі. Құқық бұзушылық –бұл қоғамдық өмір тудыратын өмірдің сәтсіздіктері, дау-жанжалдан, әлеуметтік ауыр жағдайлар.
Жанжалсыз қоғам болмайтынын білеміз, жанжалдың болуы әлеуметтік топтардың меншікке, билікке қатысты мүдделі бойынша жіктелуіне байланысты. Саяси, экономикалық және т.б. басқа да адамдардың мүдделерінің сәйкес келмеуі, әлеуметтік жағдайдың қанағаттандырмауының салдарынан идеалдар, түсініктер өзгеріп, жағымсыз себептер пайда болады. Тұлға өзін қанағаттандырмайтын жағдайдан шығудың жолдарын табуға, оны жақсартудың жолдарын табуға тырысады. Қылмыстың дамуы екі бағыт бойынша жүруі мүмкін: экономикалық және агрессивтік-мәжбүрлеу. Олар бір-бірімен өзара байланысты және бір-бірімен шырмалып жатыр. Экономикалық мінез-құлық материалдық пайданы көздейді. Ол қауіпті жағдаймен, маңайындағылармен қатынастың шиеленісуімен, даулармен, қауіптілікпен қатар жүреді. Осы негізде қылмыстың екінші бағыты — агрессивтік мәжбүрлеу өрши түседі. Оған адам өлтіру, дене жарақаты, бүақылық т.б. жатады.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғатын тану арқылы құқық бұзушының жеке мінез-құлқының механизмін ашуға болады. Ғалымдар кез-келген мінез-құлықтың негізгі механизмін құратын себептік тізбегін құрады: қажеттілік және тұлғаның мүддесі — себебтер — мақсатты таңдау және оған жету құралдары жағдайды бағалау — шешім қабылдау — әрекет. Осы себептік тізбегінің бір немесе бірнеше кезеңдерінде өзгерістердің болуынан құқыққа қайшы мінез-құлық механизмінің құқыққа сай мінез-құлық механизмінен айырмашылығын байқауға болады. Мұндай өзгеріске ұшыраудың құқық бұзушы тұлғаның түрі мен сыртқы орта ерекшелігіне байланысты төрт түрі бар.
Бірінші түрі: субъектінің қажеттілігі мен мүддесі бұрмаланады.Бүл құқық пен мораль түрғысынан қарағанда дұрыс емес мінез-қүлықтың міндеті мен қүралын таңдауға әкеледі және құыққа сай емес әрекеттерді жасауға итермелейді.
Екінші түрі: әдеттегі қажеттілік пен мүдделер оларды заңдық қанағаттандыру үшін субъектіде бар мүмкіншілікпен дауға түсуін ықтималдығы.
Бұл агрессивтік мінез-құлық үшін, сонымен қатар бұзақылық, кейбір мүліктік құқық бұзушылықта себептер тудырады. Сондай-ақ мұндай жағдайларда жәбірленушінің дұрыс емес әрекеті де өз рөлі ойнамайды. Үшінші түрі: субъектінің құндылық бағытының өзгеруі. Субъект өзінің мақсатына жету үшін құқыққа сай құралдардың бар болуына қарамастан құқыққа қайшы жол тандайды. Зерттеулердің көрсетуі бойынша мүндай жолдар қылмыскер-рецидивистерге тән. Сонымен қатар мұндай механизм әр түрлі түрдегі әкімшілік және шаруашылық тәртібтерді бұзу кезінде де әрекет етеді. Мұндай жағдайларда құқықтық және өнегелік нормаларының талаптарын елемеумен байланысты үсақ құқыққа қайшы әрекет саяси және құқықтық мәдениеттің төменгі деңгейіне тән қоғамдық сананың стеоретипін көрсетеді.
Төртінші түрі: шешім қабылдау сатысындағы өзгерістер. Бұған әр түрлі себептер бар: жағдайды бағалаудағы жаңылыс, өзін бақылау сферасын бұзу және т.б. жағдайды бүрмалап қабылдау психикалық кемістігі бар тұлғаларға тән. Сондай-ақ жағдайды дүрыс бағаламау, байқаусызда жасалатын қылмыстың негізгі белгісі болып табылады.
Құқыққа қайшы мінез-құлық механизмінің әр келкі түрлерінің тек жеке ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мағынасы да бар. Олар тек құқық бүзушы түлғаға ғана байланысты емес, сонымен бірге қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне де байланысты. Бұл байланыстарды білу әр түрлі құқық бұзушылықтың жағдайы мен деңгейіндег, құрылымындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді және олардың сапалық, сандық белгілерін болжауға көмектеседі.
Егер бұрмаланған мүдде мен қажеттіліктегі тұлғалар саны көбейсе, онда қылмыс та өседі. Мұндай жаппай бұрмалаушылықтың болуы өз кезегінде экономикалық өмірдегі құбылыстардың қателігін, тұрғындардың белгілі бір топтарының әлеуметтік жайғаспағанының дәлелі болады.
Қылмыстың өсуі адамдардың қажеттілігі мен мүмкіндігінің арасындағы қарама-қайшылықтың өсуі кезінде болады. Бүл әсіресе қоғамдағы экономикалық құлдырау, дағдарыс кезеңдерше тән. Құқық бұзудың динамикасы жаппай қоғамдық санада: саяси, құқықтық, өнегелік қолайсыз процестер болған кезде нашарлайды. Егер қалыптасқан құлдылық бағытының жүйесі бұзылса, онда заң мен өнегелік нормаларына құрмет төмендейді, лауазымдық қылмыс өседі, қоғамдық тәртіпті бұзу, саны көбейеді.
Заңдық мағынадағы мінез-құлықтың барлық субъектілерінің ішінде құқық бұзушы неғұрлым терең және толық зерттелген. Құқық бұзушы — бұл өзін қоғамға қарсы қоятын тұлға. Тұлғаның жеке ерекшелігі криминологияда, қылмыстық сот ісінде мәнді мағынаға ие болады. Қылмыстың себебін ашуда индивидтің жеке ерекшелігі маңызды роль ойнайды, сондықтан тергеу процессі мен сот кезінде айыпталушы мен сотталушыға толық сипаттама беріледі. Кеңес ғылымында құқық бүзушы түлғаны зерттеу 1918 жылдан басталған. Атақты орыс және Кеңестік заңгер М.Н. Гернет өзінің «1925,1926 және 1927 жылдардағы КСРО сотталғандардың статистикасы» деген еңбегінде келесі жағдайларға талдау жасады: әлеуметтік қүрамы, жынысы, жасы, үлты, сотталған адамның отбасылық түрмысы, олардың тәрбиесі, білімі, түрмыс жағдайы, алкоголизм; қылмыс қалада немесе ауылда жасалады. Сол уақытта қылмыскерге дәрігерлік-психиатрлік зерттеу жүргізіледі. 30 жылдардың басынан 50 жылдардың аяғына дейін қылмыс пен қылмыскердің жеке басы зерттелмеді, өйткені бүл облыстағы көптеген мамандар репрессияға үшырады. 1963 ж. қылмыстың алдын алу шараларын дайындау мен себебін зерттеу бойынша Бүкіл одақтық институт қүрылғаннан кейін криминологиялық зерттеулер дами түсті. ХХғ. 70 жылдарында Кеңестік криминология сол кезеңдегі қылмыскердің қорытынды бейнесін берді. Ол 25-29 жас аралығындағы, аяқталмаған орта білімі бар мамаңдығын толық меңгермеген ер адам. Профессор К.Е. Игошев кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушының жеке басына әлеуметтік-
психологиялық зерттеу жүргізді. Ол былай деген ұйғарымға келді,
жастар мен жас өспірімдер жасаған қылмыс салдарының сферасында
көптеген үлес салмақты саналы емес себептер алады. Олар құқыққа
қарсы қызметтің қасақаналықсыз, жағдайға байланысты,
ырықсыздықпен жасалатынын дәлелдейді. Бұл өз әрекетін бақылай алмау, ішімдікке әуестік, өмірлік мақсаттың болмауы сияқты тұлғаның жеке басының белгілеріне байланысты.
Кейбір зерттеулер мәжбүрленуші қылмыскерлердің құндылы бағытын талдауға бағытталады. Материалдық игіліктерді алуға бағытталған пайдақорлық, бағыттың әрекетінің мәжбүрлеу мінез-қүлқынан айырмашылығы жетекші сана бойынша екі үлкен тобқа бөлінуінде. Біріншісі «инструементалдық» мінез-қүлық деп аталып, онда мәжбүрлеу басқа мақсатқа жету үшін қызмет етеді. Мысалы, аманат үстау, самолетті басқа ьағытқа өкету, үлттық араздық және т.б. Екінші топ мәжбүрлеуді өзІндік мақсат деп қарастырады. Бүл бүзақылық, балағаттау және т.б. өрекеттер.
Құқық бұзушылардың өздерін зерттеумен қатар зерттеушілер заң тыңдаушы азаматтардың құлдылық жүйесі, мүдделеріне салыстырмалы талдау жасау идеясын пайдаланады. Келесі қорытынды жасайды. Қылмыскерді қылмыкер еместерден айыру олардың қасиетіне немесе олардың санына қатысты емес, әр кімнің қайталанбас үлес салмағы мен ерекшелігі, яғни әлі де жүйелік сипаты бар түлға ерекшелігінің жиынтығы жеткіліксіз зерттелген. Құқық бұзушыларға тән ортақ тұлғаның белгісі жоқ.
Әдебиеттерде қойылған мақсаттарға байланысты құқық бұзушының типологизациясы бар. Жедел іздеу, тергеу, соттық, еңбекпен түзету мақсаттарын көздейтін типология бар; криминологиялық аспектіде себеп бойынша қылмыскерлерді көрсету тараған (пайдақорлық, күштеу және т.б.); демографиялық, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық белгілер бойынша құрылған типологиялардың тәжірбиелік мағынасы аз емес.
Құқық қоғамдық қатынасқа сендіру, мәжбүрлеу, жағдай жасау және жауапкершілік құралдары арқылы әсер етеді. Елдегі құқықтық климатқа басқалармен қатар әсер ететін құқықтық жүйенің элементі ретіндегі жауапкершілік рөліне тоқталайық. Кеңес ғылымында 70 жылдары құқық бұзушылыққа заңдық жауапкершілікке қатысты әлеуметтік-құқықтық зерттеулер жүргізілді. Мысалы, Г.А. Злобин қылмыстық заңның көп түрлі функциясын белгіледі. Ол қылмыстық заң келесі функцияларды орындайды деп санады: әлеуметтік-ескертушілік, құнды-бағыттаушы, заңдық-зерттеуші, әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттік биліктің мәртебесін қолдайтын және нығайтатын функция. В.Н. Кудрявцев пен В.П. Казимирчук кім жауапкершіліктің әлеуметтік мәселесін зерттесе, ол келесі үш сұраққа бас назар аударады деп көрсетеді: заңдық жауапкершіліктің тиімділігін түсіну; құқық бұзушы тұлғаның жауапкершілік шарасына әсер ету механизмі; азаматтардың әр түрлі категорияларының жауапкершілікті әлеуметтік және психологиялық қабылдауы.
Әдетте түсіндірілетін құқықтық жауапкершіліктің тиімділігі жалпы және арнайы ескертудің әрекетімен қалыптастырады, яғни, оны бүкіл тұрғындарға, құқық бұзушылық жасағандарға қолдануда заң мен тәжірбиенің әсері. Бүл екі аспекті де құқықтық әдебиетте барынша толық зерттелінген. Қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық-құқықтық әер етудің негізгі көрсеткіші, қайталану процентімен саналады, ал жалпы ескертудің тиімділігі елдегі барлық қылмыстың өсуі мен азаюымен анықталынады.
А.Р. Ратиков әлеуметтік зерттеулердің негізінде қылмыстық-құқықтық жауапкершілік тиімді болатын бірқатар шарттарды қүрды. Ол келесі талаптарға жауап беруі керек: жазаның мағынасы оның қолдану кезеңі жақындаға сайын қарқынды болуы;
— жазалаудың сақтандыру рөлі, оның сөзсіз болатындығын субъект
түсінген сайын жоғары болады;
— қылмыскер жазалауды қолдану нәтижесінде неғүрлым көп
игіліктен айырылса, соғүрлым жазалаудың ынталандыру күші жоғарылайды;
— жазалаудың ескерту себебінің жетістігі мінез-қүлықтың тиім салу формасының таралуы және тұрақтылық деңгейінің қарсы байланысында болады;
— ескерту себебінің жетістігі жазалау санкциясы мен тиім салушы мінез-құлықтың сай келуінен байланысты;
— жазалаудың себебтік әсерінің деңгейі субъектінің тиім салушы әрекетті өзі үшін қандай дәрежеде түсінуіне байланысты.
Бұл ұсыныстар жазалау неғүрлым қатаң болса соғүрлым тиімділігін көрсетеді. Бірақ жазалауға мұндай көзқарас бір жақты болады. Соңғы жылдары зерттеушілер жазалаудың әділеттілік, гумандық, жасалған әрекетке сай келушілік сияқты маңызды жиынтығына баса назар аударуда.
Заңдық ұйым дегеніміз — бұл заңдық функцияларды кәсіби орындау үшін арнайы құрылған, яғни заңдық фактілерді қалыптастыру және құқық негізіңдегі ақтаңдақтарды шешетін мемлекеттік мекеме немесе қоғамдық ұйым.
Заңдық ұйымдарға сот, прокуратура, полиция, тергеу аппараты, нотариат, адвокатура, әкімшілік мекемелер және тағы басқалар жатады.
Құқықтық шешім қабылдамайтын ұйымдар заңдық ұйымдарға жатпайды. Оларға юстиция, еңбекпен түзету, тәрбиелік мекемелер жатады.
Заңдық ұйымдардың белгілеріне келесі факторлар жатады:
— қызмет түрі заңдық;
— кәсіби мамандығы заңгер.
Заңдық ұйымдар келесі функцияларды атқарады:
— құқыққа қайшы мінез-құлықпен бұзылған қоғамдық қатынастарды қалпына келтіру;
— құқық бұзушыны жазалау және сонымен оның тарапынан жаңа құқыққа қайшы әрекетті ескерту;
— басқа қоғам мүшелеріне жалпылама ескерту жасаудың әсерін анықтау.
Лауазымды тұлға дегеніміз — адамдарды басқарумен немесе материалдық қүндылықтардың қозғалысымен байланысты мемлекеттің, мемлекеттік органдар немесе қоғамдық үйымдардың атынан құқыққа сай әрекетті жүзеге асыратын ұжым мүшесі.
Лауазымды тұлғаның әрекетіне төмендегідей сипаттама беріледі:
— лауазымды тұлғаның әрекетінің мағынасы оның жеке мүддесінен тыс болады;
— оның әрекетінің салдары көптеген тұлғалармен ұйымдарға қатысты болуы мүмкін;
— лауазымды тұлғаның әрекетінің салдары өмірдің әр түрлі сферасында көрініс табады.
Лауазымды тұлғаға тән белгілер:
— ол өз атынан емес мемлекет атынан әрекет етеді;
— лауазымды тұлганың әрекеті оның өкілеттілігі, қүқығы мен міндетінің шеңберімен анықталады;
— лауазымды тұлға — адам, азамат.
Лауазымды тұлға мен азаматтың құқыққа сай мінез-құлқының ұқсастығы:
— ол нақты әрекет етуші субъектімен жүзеге асырылады;
— оның субъективтік жағы құқықтық нормалармен анықталады;
— субъективтік жағы саналы жігерлі әрекетті шамалайды.
Лауазымды тұлға мен азаматтың құқыққа сай мінез-құлқының
айырмашылығы:
— лауазымды түлға жеке тұлға ретінде емес, лауазымы бар абстрактілік түлға ретінде әрекет етеді;
— лауазымды тұлға жеке емес функционалдық, мемлекеттік және қоғамдық мақсатты көздейді;
— лауазымды тұлға шешім қабылдауда өзінің еркін емес, ұжымның, топтың, мемлекеттің мүддесін көрсетеді:
— лауазымды тұлғаның әрекетіне ол өзі ғана емес, сонымен қатар ол көрсететін мекеме, ұйым да жауапты.
Лауазымды тұлғаның мінез-құлқының психологиялық ерекшелгі:
— ол объективті себептерде ескертіледі: әлеуметтік, мәдени, заңдық және қызметтің әлеуметтік-психологиялық жағдайында;
— оған шешім қабылдайтын жеке тұлғаның өзіндік әсері болады, мұнымен бірге білім, жұмыс тәжірбиесі, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, жеке-психологиялық ерекшеліктің мағанасы болады.
Лауазымды тұлғаның мінез құлқына әсерін тигізеді:
— лауазымды тұлға жұмыс істейтін ұжым;
— лауазымды тұлғаның қабылдаған шешімі жолданатын азаматтар мен басқа тұлғалар.
Аталған факторлар тығыз байланыста болады және лауазымды тұлғаның жұмысына мағаналы әсер етеді.
Лауазымды тұлға үшін қажетті кәсіби және жеке қасиеттер:
— терең логикалық ойлау;
— жақсы есте сақтау;
— ынта;
— табандылық;
— өзіндік сын;
— адамгершілік
Лауазымды тұлғаның қызмет деңгейін көтеруге әсер ететін жағдайлар:
— олардың қызметіне тиісті құқықтық регламентациясы;
— олардың тарапынан барлық заң талаптарын орындауды қатаң бақылау.
Заңдық ұйымдардың тиімділігінІң социологиялық критерииі сот мекемелерінің жұмыстарының аспектісінің мысалында берілген.
Сот — ерекше мемлекеттік орган. Заңгерлер мен социологтар мемлекеттік басқару органдарына сипаттама бере отырып, социологиялық көзқарас тұрғысынан былай деп көрсетеді: «басқару органдары бұл — әкімшілік ұйымдастырудың белгілі бір түрінің шеңберінде немқұрайлы бекітілген мақсатта ұйымдастырылып қызмет ететін адамдардың жиынтығы». Сот — басқару органы емес, дегенмен, жоғарыда аталған белгілер оған толығымен қатысты, тіпті, олар оның құрылымында көрсетілген және қызметі неғұрлым айқын көрінеді. Сот қызметкрлері ең алдымен кәсіби соттар қатаң заң шеңберінде әрекет етеді. Олардың қызметінің алгоритімі аса немқұрайлы бірақ, соттың қалауының да үлесі аз емес.
Сонымен, мемлекеттік органның қызметінің тиімділігі туралы келесі критерии бойынша талдауға болады:
— мемлекеттік орган қызметінің сферасына қатысты әлеуметтік үмітті жүзеге асырады;
— мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан күтетін жалпы үміт ол өкілеттілік, тиімділік, заңдылық, әдістемелік. Бұл сотқа толық көлемде қатысты. Сот қызметінен күтетін әлеуметтік үміттің көрсетілу формасы келесіде:
— сот істерін дұрыс шешу;
— сот ісіне қатысушы азаматтардың құқықтық және заңдық мүддесін қорғау;
— азаматтарға әділеттіліктің тәрбиелік әсері.
Сот ісінің төменгі сапасы келесі факторлармен түсіндіріледі:
— ішкі факторлар заңдық жүйенің ішінде тамырланады — бұл ойланбаған құқық шығармашылығы, кәсіби деңгейдің, тәжірбиенің, қуқықтық сананың деңгейінің, құқықтық мәдениеттің төмендігімен;
— сыртқы факторлар заңдық жүйенің сыртында болады — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени- идеологиялық жағдайымен.
И.Л. Петрухин әділеттіліктің нәтижелік деңгейіне әсер ететін үш жағдайды көрсетеді:
— заң шығарушы және құқықты қолдану қызметінің жағдайы;
— соттың жеке басының жағдайы;
— олардың қызметінің әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастырушылық, идеологиялық жағдайы.
Әділеттіліктің деңгейі келесі жағымсыз факторларға байланысты төмендейді:
— бюрократия;
— жергілікті билік пен соттардың тұтасуы.
Бюрократизация шешім қабылдау кезіндегі немқүрайлықтан, істі қарау қортындысының жауаптылығынан өзін босатуға үмытылудан; іс жүргізудегі баяулылықтан; ең алдымен азаматтардың мүддесін қамтамасыз етуге емес, жұмыстағы «жақсы көрсеткішке» ұмытылудан көрінеді.
Жергілікті билікпен соттардың тұтасып кетуі — бұл көптеген соттардың Конституцияда жарияланған олардың тәуелсіздігін жоғалтуының тікелей салдары.