Азаматтық құқық пәніне мүліктік қатынаспен қатар мүліктік емес қатынас жатады, жеке мүліктікпен байлынысты мүліктік емес жеке қатынасты жасайды. Мүліктік емес жеке қатынастың екі белгісі бар екенін атынан көруге болады. Біріншіден мүліктік емес жеке қатынас ар-намыс, қадір-қасиеті, іскерлік бедел сияқты рухани игіліктер,азамат есімі, юристтік жеке тұлға атауы, авторлық шығарма, кәсіптік үлгі, өнертабысы сияқты т.с.атаулардан туындайды. Екіншіден жеке қатынасқа қатысатын барлық жеке тұлғалармен тығыз байланысты. Бұл қатынаста азаматтың немесе қандай да бір ұйымның дербес екені байқалып, олардың адамгершілік және әлеуметтік қасиеттеріне баға беріледі. Осы игіліктері мен бостандықтарына байланысты олардың азаматтық қоғамдағы қатысушыларының қарым-қатынастары және сыйластықтары қалыптасады.
Толық регламенттеуде реттеулік және қорғаулық әдістері арқылы мүліктік емес жеке қатынасқа әсер ете отырып, тығыз байланысты мүліктік қатынас жасай алады. Бұл қатынасқа интеллектуальды жеке меншік және үшінші бір тұлға өзінің пайдасын қолдана алатын, дұрыс және сапалы баға берілген тауар. Бұл кейбір жеке субъектілердің авторлық және өнертабысының қатынасы бар, бірақ авторлық және өнертабысы құқығы институт негізіне жатады. Мысалы, егер де бір азамат роман жазса, осы романның шығуына байланыты қоршаған адамдардың арасында мүліктік емес жеке қатынас туындайды. Сол қатынаста жазушының жеке шығармашылық қасиеттері, әлеуметтік және адамгершілік қасиеттері жазған шығармаларында байқалып, оқырман тарабынан сай баға беріледі. Бұл мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқық ережелерімен реттеліп, осыған сәйкес,жазушы сол шығарманы жазуға өзінің авторлық құқығына ие болады:
— автор бүркеншік атпен, жасырын атымен немесе атсыз, яғни, аноним қолдануға немесе қолдануға рұқсат беру құқығы(аталу құқығы);
— шығарманы әртүрлі формада жалпы халыққа көрсету құқығы (жалпы халыққа көрсету құқығы);
— шығарманы қорғау құқығы, оның ішінде автордың атын кемсітуден, ар-намысы зиян келтіруден қорғау (іскерлік беделін қорғау құқығы).