Жеке адамның жыныстық бостандығына және жыныстық қол сұғұлмаушылыққа қол сұғатын қылмыстар; өзекті сұрақтар

Жоспар:

Кіріспе
1. Жеке адамның жыныстық бостандығына және жыныстық қолсұғылмаушылыққа қол сұғатын қылмыстардың жалпы түсінігі
2. Зорлықпен жсалатын жеке адамның жыныстық бостандығына және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қол сұғу
2.1.Зорлау: құқықтық біліктіліктің ерекшеліктері, теория мен тәжірибенің проблемасы
2.2. Нәсіпқұмарлық сипаттағы жыныстық әрекеттер
3. Зорлықсыз жыныстық қатынастар
3.1. Жас өспірімдері азғындаты
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Әрбір қоғам өркениетінде  әйел адамының абыройы мен намысы өз намысының белгісіндей, ал оны қорғау өзінің мәдениеттілігін білдіреді. Әрине мұндай намысқа, абыройға қол сұғу заңмен ғана емес адамзатпенде қорғалуда. Бұл жеке адамның бостандығына қол сұқпау адамдар арасындағы қарым қатнастардың мәдениетін және де олардың арасындағы түсініспеушіліктерді орнына келтіріп алдын алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Және осы сұрақты шешкенде уайым, психологиялық тапталудың жоғалып жыныстық тәрбиенің орын алуына толық мүмкіншілік алуына алып келеді. Ал кәзіргі таңда жыныстық бостандыққа қол сұғу көп орын алуда. Бұл қылмыс ҚР қылмыстық заңымен қорғалатын қылмыстардың аса ауыр түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл қылмыс құрамын басқа қылмыс құрамдарымен салыстыру қате сияқты. Бұл қылмыс салдарынан  психологиялық, моралдық және физикалық таптаулар пайда болады. Бұл адам баласының әрі қарай дамуына үлкен кедергі келтіреді. Кейбір ауыр жағдайларда адамның есінен ауысуына әкеліп соқтырады, кейбір жағдайларда жәбірленушілердің кек алу мақсатымен осы қылмысты жасауына да алып келеді. Бұл бізге осы қылмыстың көбейуін көрсетеді. Ал осы көтеріп отырған мәселеміздегі жағдай өз еркімен, өз шешімін талап ететін белгілі бір жағдайда жеке адам меншігі болып табылады. Ал бұл қылмыс салдарынан еркіндік пен жеке шешім тапталып бітетін сияқты. Бірақ көптеген психикасы бұзылған адамдар заңмен тиым салынған әрекетерді жасағанда оның салдарынан пайда болатын жағдайларды ескеру туралы әлдеқашан ұмытқан. Әлде бұл адамбар заңнан қорқудан қалған ба жоқ әлде біздің бүгінгі таңдағы заң әлсіз ба? Бұл сұраққа қалай жауап ізделмесе де кәзіргі таңда бұл қылмыс шешімі жоқ өзекті сұраққа, жағдайға айналып барады. Қалай болғанда да белгілі бір уақыттан кейін шешімі жоқ мәселеге айналмауына кім кепіл. Мүмкін осы қылмысқа арнап шығарылған жазалар қатаң еместігін ойланбай айта аламыз ба?

Бұл қылмыстың алдын алу не үшін қиын болып барады? Мүмкін жеке адамның жыныстық бостандығына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғуға кінәлінің псхологиясын, оны не үшін жасағанын түсінбеуімізде болар. Бірақ кәзіргі таңда мұндай адамдардың психологиясы дұрыс зеріктелмеген. Бұл жерде көптеген криминологиялық және жөндеу проблемаларына және кінәлілардың дұрысталуына,қылмыстарды ашылуына ғылыми негіздегі ұсыныстардың болуы жоқтың қасы.

Және де осы қылмысты ашудың тағы бір жағдайы бар. Бұл қылмыстарды ашу үшін бұл адамдардың психологиясын жақсылап зеріттеу үшін тек жоғары білім емес және осы қылмысты қарастыру кезінде ең жеңішке және нақты методика қажет. Бірақ бұл қылмыстық сатысы және өзінің мінездемесі зертеушіні артқа тартады. Мысалыға зорлау мен адам өлтіру аса қатігездікпен жасалуы және жныстық сипаты бар түрлілі жауыздықтар адамда жиеркеніш тудыратыны ақиқат. Осының салдарынан осы қылмысты ашумен айналысу құлқының жоғалуы да жаңалық емас. Бұның өзі көп кедергі келтіреді

Курстық жұмыстың мақсаты:

  • Осы қылмыстың алдын алып, аса маңызды көңіл бөлдің қажет екендігін көрсету;
  • Кәзіргі таңдағы осы қылмыстың алып отырған орнын көрсету;
  • Заңға кейбір қатаң жазалар енгізу керек екендігін дәлелдеу;

Зерттеу әдісі: Осы курстық жұмысты жазу барысында екі ғылыми зерттеу түрі қолданылған: а) салыстырмалы(екі заңнаманы салыстыру); және б) сараптау.

 Курстық жұмыс / 25 бет