Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек — сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз — тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:
— сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.
— лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау.
— отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.
— лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.
— лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу.
Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.
Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.
Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.
Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже — регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен ёсепке алу, есеп беру түрлері жазылған.
Қазақстан мемлекетінің Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айында № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ережесі — регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген:
Спорт мектебін, оның директоры басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, оку, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылык етеді.
Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұ-сқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.
Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттықтыру кестелерійе, күнтізбелік жарыс жоспарына, оның орындалуына, жаттықтыру сабактарының сапасына, бапкерлердің білім жоғарылату курстерін уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер-нұсқаушы оқу, тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.
Жаттықтырушьшар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жатгықтыруларға, жоспарлау, есепке алу құ_жаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға катысып, спорттық дәрежелерінің тұрақты, жоғарғы өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне жауап береді.
Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттықтыру сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорыньщ рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабактарында, жарыстарда, мектептің жатгықтыру секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұхынып отырулары керек.