Жастар

Жастар — жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл 4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.

«Стратификация»  термині латынның stratum — жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.

Әлеуметтік стратификация — қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.