Жасөспірімдердің құқық бұзуға мінез-құлқы

қазақша Диссертация

 Кіріспе 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Бұндай мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық мәліметтерінен көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және 2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен.

Осы кезеңдерде Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Мысалы, 2000 жылы Республикамызда 150 790 қылмыс жасалса, ондағы жас адамдардың үлес салмағы 52,9% болған, 2006 жылы 57%-ға жеткен. Әсіресе, студенттер арасындағы жағдай өте нашар. Қарастырылып отырған кезеңдегі студенттер қылмысы 12,5%-ға өскен.

Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000–2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген.

Бұл жас санаттары арасындағы қылмыстылық деңгейі де едәуір өзгеше. Мысалы, 14-15 жастағы 10 000 адамға шаққанда 2000 жылы 778, ал 2006 жылы 507 қылмыс жасалса, мұндай көрсеткіш 16-17 жастағылар арасында 2000 жылы 2318, 2006 жылы – 3103, ал студенттер арасында 2000 жылы 257, 2006 жылы – 392,5 болған.

Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты бөлек қарастырады. Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, адам физиологиясының даму процессі осы аралықты қамтиды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертацияның теориялық негізіне әлеуметтік-құқықтық ой классиктерінің: Аристотельдің, Гегельдің, Гоббстың, Канттың, Макиавеллидiң, Фейербахтың және басқалардың еңбектері алынған. Жұмыс барысында диссертант, сонымен қатар, мына ғалым-криминалистердің еңбектеріне сүйенді. Олар: А.И. Алексеев, Ю.М. Антонян, Г.А. Аванесов, А.Э. Жалинский, Л.Д. Гаухман, А.И. Долгова, К.Е. Игошев, В.Н. Кудрявцев, Н.Ф. Кузнецова, С.Я. Лебедев, В.В. Лунеев, Г.М. Миньковский, А.Б. Сахаров, Д.А. Шестаков және басқалар.

Сонымен қатар, отандық ғалымдар: Н.М. Әбдіров, А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Т.К. Акимжанов, С.Б. Бимурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайыржанов, Н. Дулатбеков, М.С. Нәрікбаев, А.Х. Миңдағұлов, Ғ.С. Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А. Смағұлов, Е.А. Онгарбаев, С.Е. Еркінов, А.Ш. Ещанов, Г.Р. Рустемова, Қ.Ш. Уканов, Л.Қ. Ерінбетова, Д. Бұғыбайқызының және Қазақстанның философ-педагогтары: Ғ. Есім, Ш.Е. Жаманбалаева, Б.А. Тойлыбаев, Қ.Г. Габдулина, Б. Әбдікерімұлы, Ә. Әбуов, А.Т. Құлсариева, Н.Ж. Байтенова, А. Масалимовалардың, Қазақстанның белгілі ақындары Н. Оразалин, Ғ. Жайлыбай, А. Әлімнің, заманымыздың белгілі педагог-ғалымдары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов және шетел ғалымдарының социология, психология, этика, педагогика, заңтану проблемалары және зерттеу тақырыбына қатысы бар өзге ғылыми пәндер бойынша еңбектері пайдаланылды.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – жастар ортасындағы рухани және өнегелік қасиеттің деңгейін зерделеу. Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыру.

Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешілуі тиіс:

– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың биологиялық негіздерін зерделеу;

– құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік жағдайларды талдау;

– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түрлері бойынша талдау және олардың ары қарай даму үрдістерін анықтау;

– құқық бұзушының бастапқы кезде қалыптаса бастаған мінез-құлқының алдын алудағы гуманитарлық және дұрыс бағыттарының ерекшеліктерін зерттеу және оларды негіздеу;

– құқық бұзушылық рецидивінің алдын алудың негізгі тәсілдерін анықтау;

– құқық бұзушылыққа тікелей және сақтандырып ықпал етуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды даярлау және оларға дәлелдеме келтіру;

– педагогикалық үрдістің оларды қайта тәрбиелеудегі әдістері мен амалдарын ұтымды пайдалану.

Зерттеу объектісі. Жастар ортасындағы қылмыстылықтың жағдайын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын мәліметтер қылмыстық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерін реттейтін бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен институттары; жастар арасындағы қылмыстардың сот практикасының материалдары. Адам (оның ішінде құқық бұзушы адам) тіршілік ететін әлеуметтік тәжірибе саласы, оның әлеуметтік және биологиялық мінез-құлықтарының арақатынасының ғылыми тұжырымдары мен Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.

Зерттеудің пәні. Жастар арасындағы қылмыстардың салыстырғандағы үрдісі оның ерекшеліктері мен детерминанттары, қылмыстың өсуіне ықпал тудыратын процесстер, қылмыскердің жеке басы, қылмыстардың алдын алатын құқық-қорғау органдары мен басқа субъектілердің қызметі.

Қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі тұжырымдары:

  1. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдама – адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт.
  2. Қоғамдағы агрессивтік деңгейдің төмендеуі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына ғана емес, адамның рухани және өнегелік жағын арттыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты.
  3. Материалдық (физикалық) дүниенің құбылысын түсіндіретін себептілік – жеке және жалпы қылмыстық мінез-құлықта анықталынбайды, себебі ол жоқ.
  4. Адамның мінез-құлқын психикалық талпыныс (себептер) анықтайды, бірақ шешім қабылдау барысында адамның ырқы (ерік бостандығы) негізгі рөл атқарады. Ал, ерік болмаған жағдайда, есі дұрыс еместік және қылмысқа себеп болған нақты жағдай адамды жауапкершіліктен босатуға негіз болып табылады.
  5. Қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайды. Сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланысты.
  6. «Қылмыскердің жеке басы» деп аталатын криминологиялық санат «қоғамдық қатынастар жиынтығын» береді. Ол тәрбиелеу, оқыту және егу (бұл – құқық бұзушыққа жеке қолданылатын сақтандыру шарасы) арқылы жүзеге асырылады.
  7. Ұлттың рухы, имандылығы – діни әдептер негізінде қайта жандануға тиіс, оның нормалары қазіргі тәжірибе тұжырымдамасында көрініс табуы қажет. Онда отбасын нығайтуға, мектептегі оқуды және тәрбиені жақсартуға, идеологияны оңтайландыруға, жастар тәрбиесінің деңгейін көтеруге және олардың құқыққа қарсы мінез-құлқының алдын алуға бағытталған ұсыныстар «Жарлы отбасындағы балалардың денсаулығын қорғау туралы», «Жас отбасына медициналық-санитарлық көмек туралы», «Азаматтардың қалпына келген денсаулығын қорғау туралы» заңдардың қажет екендігі жайында ұсыныстар; кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлеріне олардың диагностикалық әңгіме жүргізуі үшін даярланған әдістемелік ұсыныстар жасалынған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Біріншіден, адамның дамуын және оның тұлға ретіндегі, биологиялық және әлеуметтік нысан ретіндегі өзара әрекеттестігіне түсініктеме беретін биоәлеуметтік тұжырымдама жасау болып табылады. Себебі, материалдық дүниедегі қылмыстарды түсіндіретін себептілік деген ұғым құқық бұзуға бейім (басқа да) мінез-құлықта мүлде жоқ (әйтпегенде, барлығы алдын ала анықталған болар еді). Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түп-тамырында ырық еркіндігі жатыр, ол еркіндігін адам кейде (көбіне) ойланбай (пайымдамай) көрсетеді. Оның ішінде бейәлеуметтік тұжырымдама жасаудың келешегі зор, криминологтар оны ары қарай дамытуға тиіс. Адамның жеке басын, оның мінез-құлқының нысандарын, өмір тіршілігі мен тәрбиесінің әлеуметтік жағдайын, адамның психикалық және өнегелік қасиетін және де оның іс-әрекеті көрініс табатын нақты жағдайды бөлек-бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал бұлардың барлығы өзара тығыз байланыста.

Екіншіден, криминологиялық ғылым қылмыс жасаған адамды өз ақыл-ойын, ойластырылған іс-әрекетін басшылыққа алатын саналы адам деп ғана қарастырады, ал іс жүзінде олай емес. Себебі «саналы» деген ақылға қонымды, ал «санасыз» дегенді қисынсыз, интуиция бойынша істелген әрекет деп санау керек. Осыдан барып, адам қылмысты кейде нақты ұғынып, еркімен жасаса да, ол әрекеті қисынсыз, ақылға қонбайтындай болып шығады.

Үшіншіден, криминологиядағы қарама-қайшы тұжырымдаманың үзілді-кесілділігі мен біржақтылығын жоюға талпыныс жасалды. Оның себебі, биологиялық және әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдамалар адамның қалыптасып, дамуын әрқайсы өз тұрғысынан бөлекше қарауға тырысады. Әрине әртүрлі тұжырымдамалардың өзара қиылысатын, жанасатын тұстары да болады.

Сонымен қатар, экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбие және ұйымдық-басқару саласындағы, құқық бұзуға жағдай тудыратын жалпыәлеуметтік келеңсіз құбылыстар монографиялық деңгейде талданған, бөлініп алынған және топтастырылған. Ал жастардың тобын құрайтын өзінше бөлек әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты жағдайлар ерекше деңгейде бөлініп алынған. Жастар ортасында жиі кездесетін бірқатар әлеуметтік-психикалық ауытқулар дараланып көрсетілген. Соңғы он жылдықтар ішінде алғашқы рет студенттер ортасына назар аударылған, себебі ол ортада рухани және өнегелік құндылықтың бағасыздануы нәтижесінде келеңсіз үрдіс бой көтере бастады. Соған байланысты криминогендік деңгейде тәрбиенің негізгі шетелдік және отандық тұжырымдамалары қарастырылды, нақты ұсыныстар даярланды. Ол жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасын жетілдіруде өз көмегін тигізуі тиіс. Сонымен қатар алғашқы да, қайталанған да қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттарын қарастыра отырып (криминологиялық бағыттар), ішкі істер органдарының КТІБ қызметкерлерінің сақтандыру жұмыстарын жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Бұл диссертациялық зерттеудің теориялық маңыздылығы, оның жалпы тұжырымдамасы алынған жаңа ғылыми нәтижелер криминологиялық ғылымның дамуына елеулі үлес қосады, себебі олар құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың себептілігі және оның алдын алуға қатысты қазіргі білім жүйесін толықтырады.

Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, бұл жұмыста келтірілген ережелер, қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар заң шығару қызметтерінде, адамды рухани және өнегелік тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ «Криминология» оқу курсын және кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған курстарды оқыту үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.

–                        формальды-логикалық, оның мәнісі – қылмыстың алдын алудың жас адамдарға қатысты қолданылатын құқықтық-қылмыстық тәсілдерінің белгілерін жан-жақты талдауда;

–                        статистикалық, ол жас адамдарға жасаған қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерді жинақтауды және талдауды қамтиды;

–                        сауалнама тарату – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас адамдарға жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер сауалнамалары және арнайы бағдарламалар негізінде ішінара зерделеу;

–                        сұхбаттасу – зорлықшыл қылмыс жасаудың сылтаулары мен себептерін айқындау мақсатында жас адамдар құқық бұзушылармен әңгімелесу;

–                        аталған аймақтардағы ішкі істер органдары қызметкерлерінен жауап алу арқылы сараптық баға беру.

Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығы ретінде бұл зерттеу әдістемесі, сонымен қатар, қарастырылған проблеманы қозғайтын нормативтік көздерді де қамтиды.

Диссертациялық зерттеудің эмпирикалық базасын 2000-2008 жылдары Алматы қаласындағы қылмыстылықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтың жайын, динамикасын және құрылымын, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметін сипаттайтын қылмыстық және әкімшілік статистикасының мәліметтері құрады. 17-23 жастағы 175 студенттен және кәмелетке толмай қылмыс жасаған 16-17 жасар кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім есебінде тұрған 96 жастан арнайы сауалнама жасалынды. Сонымен қатар зерттеудің эмпирикалық базасы білімнің басқа салаларындағы мамандардың да, оның ішінде криминологтардың да соңғы жылдарда жүргізген, криминологиялық басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерін де қамтиды.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері, теоретикалық ережелері, оларға сәйкестендіріліп жасалынған негізгі қорытындылар мен ұсыныстар, Д.А. Қонаев атындағы Универитетінің қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасындағы талқылау барысында апробациядан өтті.

Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі теориялық қағидалары мен тұжырымдары келесі ғылыми конференцияларда ұсынылып, көпшіліктен тиісті оң бағасын алды: «Теоретические и практические вопросы предупреждения преступности: в деятельности правоохранительных органов и институтов гражданского общества: международный опыт и национальная практика Казахстана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Қазақстан криминологиялық ассоциация, 2007 ж.); «Уголовно-исполнительная система: перспективы реформирования и проблемы подготовки кадров»: атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Костанай қ.: Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институты, 2006 ж.); «Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества»: атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Д.А. Қонаев атындағы университет, 2007 ж.); «Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2008 ж.).

Диссертациялық зерттеудің нәтижелері, қорытындылары және ұсыныстары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының оқу үрдісіне ендірілді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация мазмұны таңдап алынған зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне және оның көлеміне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден және қорытындыдан, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.


Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.

Бірінші бөлім «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының себептік тетіктері» деп аталады. Ол екі бөлімшеден тұрады.

«Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының биологиялық негіздері» деп аталатынбірінші бөлімшедеадамның биологиялық тұрғыдан қалыптасу және оның тарихы мен пайда болуына әсер ететін негізгі себептер мен тетіктері, сонымен қатар адам дамуындағы қоршаған ортаның әсері және ортамен өзара байланысы қарастырылған.

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі.

Криминологиялық ғылым да адамның өмiр бойы басынан кешiретiн өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі – деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты: а) қылмыскердің шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді; ә) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды; б) қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады. Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта – адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді. Бірақ, «шыққан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамда адамды әлеуметтік құбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады [1, б. 106].

Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.

Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; тату өмір сүруге дағдыланады; өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі – агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялық) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды қамтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті. Автор, осы және басқа да мән-жайлардың жиынтығы арқылы адамның құқыққа қарсы мінез-құлқына түсініктеме беруге болатындығын көрсетті.

«Құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы» тақырыбы зерттеу жұмысының бірінші бөлімінің екінші бөлімшесінде қаралады. Бұл бөлімшеде, әр адам үшін, әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы аса қажет екендігі, әлеуметтік ұстаным арқылы, адамда қандай да бір із қалдыруға, бір қасиетті дамытып, ал екінші бір қасиетін жойып жіберуге болатындығы дәлелденген.

Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. 1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары); 2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған; 3) адамның қоғамдағы орнын; 4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.

Сонымен қатар, бұл жерде автор әлеуметтік ұстанымның маңыздылығын аша келе, криминология ғылымында бөлінген дәйекті-криминогендік, ситуациялық-криминогендік, ситуациялық типтермен байланыстыра отырып, әлеуметтік жағдай мен адамның жеке басының өзара әрекеттестігінің сипаты осы көрсетілген тип тармақтарын бөліп алудағы негізгі критерийлер болып табылатындығын ашық айтады. Мысалы, дәйекті-криминогендік тип тармағының, мораль және құқық нормалары ұдайы бұзылатын микроортада қалыптасатындығын, қылмыс іс-қимылдың дағдылы мәнерінен туындайды және оған субъектінің тұрақты қоғамға қарсы көзқарасы, әлеуметтік мақсаты, бағдары себепші болатындығын; мұндай адамдар қылмыс жасау жағдайында белсенділік танытатындығын; бұл типтің өкілдері нақты ортаны өз мүдделеріне қарай өзгерте алатындығын.

Ситуациялық-криминогендік тип тармағының, мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипатталатындығын; қарама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет ететіндігін; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, өнегелік және құқықтық ситуациясына байланысты (қылмыстық құрамда болу, басқа адамдармен қақтығыс, т.б.) екендігін; бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылатындығын; Мұндай адамды қылмыстылыққа оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал қылмыстық жағдай оның заңды жалғасы болып саналатындығын.

Ситуациялық тип тармағының, адамның санасы мен іс-қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтері, егер бола қалған күннің өзінде, шамалы ғана болатындығын; әлеуметтік орта мен адамның жеке басының күрделі ситуацияда, оның ішінде адамның оған даярлықсыздығы жағдайында өзара дұрыс әрекеттеспеуі де едәуір маңызды рөл атқаратындығын; бұл тип тармағының өкілдері қылмысты сол адамның кінәсінен туындамаған, ол қылмысты кездейсоқ жағдайда жасайтындығын; аталған адамның (кездейсоқ қылмыскерге қарағанда) бұл ситуацияларда өзінің және басқа адамның құқыққа қарсы, тіптен қылмыстық іс-қимылын ақтай алатындығын жұмыста тағы да нақтылап атап өтті.

Жұмыста, сонымен қатар бұрынғы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге 10-20 жылдан кейін жүргізілген криминологиялық зерттеулер көрсетіп отырғандай, дәйекті-криминогендік тип тармағы өкілдерінің 72% рецидивистер санатына, қалғандары – азғындаған адамдар (маскүнемдер, жезөкшелер) қатарына қосылғандығы, жұбайы, ата-анасы, әкесі немесе шешесі тарапынан жасалған қатаң бақылау нәтижесінде қылмысқа бармағандар енжар түзелгендігі, ал өз ықтиярымен құқық бұзуға бармағандар – тез түзелген адамдар қатарына жататындығы, соңғылар, әдетте, кездейсоқ қылмыскер болғандығы көрсетіледі.

Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін келеңсіз әлеуметтік жағдайларды экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени-тәрбие салаларында, сондай-ақ әлеуметтік қатынастар саласында көруге болады. Мысалы, экономика саласында ол: жұмыссыздық, дағдарыс, өндіру мен тұтыну арасындағы қайшылық, еңбек түрлері, нысандары және жағдайлары арасындағы айырмашылықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің әртүрлілігі және т.б.

Саяси салада: сыбайлас жемқорлық; билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар; демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар; заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т.б.

Әлеуметтік қатынастар саласында: отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы; жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы; әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т.б.

Идеологиялық салада: білім беру және тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарындағы қайшылықтар; қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар; қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі; әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т.б.

Мәдени-тәрбие саласында: білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің беделінің түсуі; құндылық бағдарының өзгеруі; мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру; қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т.б.

Осы аталғандарға орай бүгінгі жағдайға автор бүгінгі жағдайға тоқтала келе, елдің экономикалық жағдайының жалпы нашарлауы, нәтижесінде соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық сипаттағы келеңсіз процестер орын алды, әлеуметтік институт болып табылатын отбасының керегесі босады, балалардың өмірі мен денсаулығына дұрыс қамқорлық болмағандығы, реформа кезінде Қазақстан халқының өмір деңгейі 30%-қа төмендеді (бұрын да онша жоғары емес еді), табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз отбасылар саны көбейді. Қазіргі кезде балалардың 10%-на жуығы кедей отбасыларында тұратындығы айтылады. Бұл мән-жайлар жасөспірімдердің мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауына, ақыл-естерінің ауытқуларының пайда болуына әсер етіп отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарасақ, 2006 жылдың өзінде жүйке-психикалық ауру балалардың саны артып, 45% құрап отыр. Ал, экономикалық жағдайдың нашарлауынан отбасыларына әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі ұдайы азаюда. Төлемақының көтерілуінен ондай қызмет көрсетуді пайдалану қиынға түсті. Жұпыны отбасыларының балалары (олар көпшілік) өздері қызығатын клубтарға, спорт секцияларына бару, сауықтыру лагерьлерінде демалу, сауықтыру орындарында емделу мүмкіндігінен айырылды. Нәтижесінде олардың қолы бос уақыты қылмыстық сипат ала бастады, тіптен, криминологиялық әдебиетте «бос уақыттағы қылмыстылық» термині пайда болды. Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, барлық «бос уақыттағы» құқық бұзушылықтың 80%-нан астамы 16 сағат пен 24 сағат аралығында жасалады екен. Ата-ананың әлеуметтік қауқарсыздығы, әдепсіз өмір салты, маскүнемдік, әсіресе әйелдердің ішімдікке салынуы балалардың қауіпті ортаға түсу мүмкіндігін арттырды. Соттар жылына ата-ана құқығынан айыру туралы 23 мыңдай іс қарайды екен. Қамқоршы органдарға да соншалық іс түседі. Қазақстан Республикасы ІІМ есебіне жүгінсек, соңғы 6 жыл көлемінде Республика аумағында қылмыстың 42%-ын жасөспірімдер жасап отыр. Отбасыларында, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында, балалар үйлері мен интернаттарда, жабық арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінде балаларға қатыгездік көрсету, ар-намысын таптау, психикалық және тәндік зорлық-зомбылық жасау жиі кездеседі (барлық балалар жарақатының 70%-ы отбасында, тұрмыста болған). Қатыгездікке шыдай алмай жылына 2 мыңдай бала өзіне өзі қол жұмсаған, 30 мыңға жуығы өз үйінен, 6 мыңдайы балалар үйінен және мектеп-интернаттардан кетіп қалады. Шамамен 5-7 мың жасөспірім қылмыстық озбырлықтың құрбанына айналады. Ішкі істер органдары жыл сайын 5 мыңнан аса балаға іздеу жариялайды. Балалардың жүріс-тұрысын ата-аналардың бақыламауы, оларды өз бетімен жіберуі, нені қызықтайтынын, қалай оқитындығын білмеу және т.б. немқұрайдылық педагогика тұрғысынан алғанда «қиын» баланың қалыптасуына жағдай тудырады, ол алғашында ұсақтан бастап (карта ойнау, ішімдіктің, есірткінің дәмін тату, ұрлық және т.б.), кейін елеулі құқық бұзушылыққа барады. Ішкі істер органдарының әсіресе, бұрын жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктер. Бұл, ең алдымен, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің құқық бұзушы жасөспірімдерді, қолайсыз отбасыларын дер кезінде анықтау жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер; криминалдық полицияның жедел тобының кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тез ашып, жастардың қылмыстық тобын ыдырату жөніндегі жұмысында орын алып отырған кемшіліктер; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ерте бастан болдырмауға бағытталған іс-шараларды жоспарлаудағы кемшіліктер; ішкі істер органдарының мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланысының нашарлығы. Беделі бар қылмыскерлерге еліктеу, солардай болуға ұмтылу, олардың өмір салтына қызығу кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына қалайда теріс ықпалын тигізетіндіндігі жұмыста ашық айтылады.

Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген: 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту; 3) қалаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол қала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады; 7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай; 8) қалада жастарды өзіне тартатын «бұзылған» жерлер жеткілікті; 9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды; 10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды; 11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Диссертацияның «Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтарын түрлері бойынша талдау» бірінші бөлімнің үшінші бөлімшесінде қаралады. Бұл бөлімшеде, жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтары түрлері бойынша талданған.

Қылмыстылықтың жекелеген түрлерін өзінше бөлек-бөлек қарағанда қылмыстылықтың күрделі, жүйелік-құрылымдық әлеуметтік құбылыс ретінде бүтіндігін, оның әрбір түрлерінің диалектикалық өзара байланыстары мен өзара әрекеттестігін әрқашанда есте сақтау керек. Дәл осы жүйелік-құрылымдық тәсіл «қылмыстылық көрініс сипаттамасын» реттеуге және оның өзіндік детерминологиясының нақты тетіктерін ашуға мүмкіндік береді. Криминологиялық оқулықтарда және монографияларда қылмыстылықтың түрлерінің криминологиялық сипаттамасы қаралады. Олардың кейбіреулері жиі кездеседі және олар жалпы қылмыстылыққа елеулі ықпал етеді. Ал кейбіреулері аса көп таралмаса да, не қоғамға аса қауіпті, не едәуір ерекшеліктерге ие. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің детерминациясы мен себептілігі, айта келгенде, мемлекет, қоғам деңгейінде олар үшін ортақ құбылыстармен және процестермен анықталатынын ескеру керек. Бұл процестер мен құбылыстар өздерінің әртүрлі әрекеттестігінде қылмыстылықтың сан қилы түрлерін тудыруы мүмкін. Мысалы, адам өлтіру, әйел зорлау, ұрлық көптеген криминологиялық параметрлер бойынша парақорлықтан, алаяқтықтан, абайсызда жасалған қылмыстардан және басқалардан өзгеше. Қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшеліктерін ескермеу – онымен күресте мақсатты және нақты тәсілдерді қамтамасыз етпеу деген сөз. Сонымен қатар, қылмысты жасаудағы қылмыскердің мінез құлқын да жетік талдап өту аса қажет. Қылмыскердің жас ерекшелігіне, оның өскен ортасына, әлеуметтік жағдайына қарай. Мысалы, кіші және ересек жастағы жасөспірім арасында ортақ ұқсастықтар көп және ол аралықты бозбалалық шаққа өту кезеңі дейді. Кәмелетке толмаған 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік тәжірибенің жетімсіздігі, жоғары сезімдік, қозғыштық, еліктеуге бейімділік, көзқарасы мен мінез-құлқындағы қарама-қайшылық пен тұрақсыздық, сырт адамның ықпалына икемделгіштік, сырт көзге ересек көріну ниеті тән. Олар тіпті өзін ересек етіп көрсету үшін жұрт көзінше темекі шегіп, ішімдік ішуге, жанжалға, ұрысқа араласуға дайын. Ондай балалардың көпшілігі ата-аналарымен бірлесіп шешетін мәселелерді өз бетінше, үлкендердің келісімінсіз шешуге тырысады (мектепті тастап кету, өзінше бір жұмысқа тұру, өзінің жеке заттарын сатып жіберу немесе басқа зат сатып алу). Ал, жасөспірімдік кезеңнің табалдырығын аттаған 11 жастағы бала мен бозбалалық кезеңге ауыса бастаған 15 жастағы жасөспірімнің физикалық және психикалық жағынан, ал соған байланысты әлеуметтік сана тұрғысынан ерекшеленетінін, аңғаруға болады. Кіші жастағы жасөспірімдік кезең ол балалық шақтан ересек шаққа көшу мерзімінде бала ағзасының мінез-құлық, әрекетіне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін физиологиялық өзгерістер процесі жүреді. Бұл жас аралығында бала мінез-құлқында көріне бастайтын өзгерістерге байланысты дисгармония (үйлесімсіздік) кезең деп атауға болады. Міне осындай талдаулар арқылы, қылмыстың алдын алуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы көрсетіледі.

Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімі «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың негізгі бағыттары» деп аталады. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінің бірінші бөлімшесінде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алудағы этикалық бағыттары қаралады. Бұл бөлімшеде этиканың ұғымы және діннің адам тәрбиелеудегі маңыздылығы көрсетіледі.

Этика (грек. ethika, ethos – әдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім [2, б. 114]. Этика өзіне нормативтік этиканы және мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық және т.б. туралы мәселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мән бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға және азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тәрбиесінде бірден дұрыс әсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның әрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы және мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нәтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік және өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік және сана-сезімдік мәселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға және оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен және адам интеллектісімен сәйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнәрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бәрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тәрбие мәселесі әруақытта мәңгілік әмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мәдениет, тәрбие, білім дәні өсіп шығады. Исламдық этика мұсылман дінін ұстанатын адам үшін сондай негіз болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінің екінші бөлімшесінде «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың педагогикалық бағыттары» мәселелері зерттеледі.

Бұл бөлімшеде, автор криминология ғылымының этика ғылымымен ғана емес, педагогикамен де бірігуге тиіс екендігін, себебі психология, биология, генетика және сол сияқты ғылымдар қылмыстық заңды бұзушы адамдарды азайту үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап бере алмайтындығын көрсетті.

Сонымен қатар, аталған ғылымдардың қылмыстық мінез-құлықтың генезисін толық аша алмайтындығын, оны тек гуманитарлық ғылым, оның ішінде педагогика ғылым ғана бере алатындығы айтылады. Педагогика – тәрбие туралы ілім.

Сөзбе сөз аударғанда – «баланы жетектеу» деген мағына береді екен. Тәрбиелеудің, білім берудің және оқытудың заңдылықтары туралы ғылым ретінде ұзақ және күрделі жолдан өтті, ол ғылыми негізделген білім жүйесіне айналды, ал тәжірибе көптеген ұрпақтарды тәрбиелеп және оқытып нағыз өнерге айналды. «Ежелгі Грецияда өз қожасының баласын мектепке жетектеп алып барып, сабақ кезінде және одан тысқары жерде балаға қызмет көрсететін құлды педагог деп атаған. Қоғам дамыған сайын педагогтың рөлі едәуір өзгеріп, ол басқаша ұғымға ие болды, ол баланы оқытудың, жан-жақты тәрбиелеудің өзінше дербес өнеріне айналды» [3, б. 2].

Жұмыста, жаста тәрбиелеуде патриотизмнің және қазақ тұрмысындағы жастарды тәрбиелеудің жолдары мен амалдары көрсетіледі. ҮІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алатындығы айтылған. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді. «Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым. … Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан-жақты реттелген. Қазіргі кезде 3,8 млн адам оқумен қамтылған: 400 мыңы – мектепке дейінгі балалар, 2,1 млн – мектеп, училище оқушылары, 200 мың – арнайы орта оқу орындарының, 3 мыңнан аса – ЖОО студенттері. Ол үшін, қандай болмасын заң халықтың тәжірибесінен бастау алып соның негізінде дайындалып, ұрпақ тәрбиесіне ендірілуі керек. Сондықтан ғана қабылдауға заң іске асырылса, құқық бұзылмайды.

Құқықтық тәрбиеде қолданатын, ескеретін жай қазақ үшін заң – әдет, салт-дәстүрінің өзі моральдық құқық ретінде өмір сүрген. Сондықтан болашақ заңгерлер, педагогтар халықпен, оның ішінде жастар мен құқықтық тәрбие жүргізілгенде өз халқының ғасырлар бойы жинаған құқықтық мәдениетін бойына сіңіре, оны бүгінгі талапқа сай кәсіби қызметінде пайдаланса, құқықтық тәрбиенің маңызы арта түседі. Бұл – жастарды құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптасуындағы негізгі тәрбиелік жолы.

Сонымен қатар, жұмыста Қазақстан Республикасында әлі күнге дейін тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдаманың жоқ екендігі айтылады. Коммунистік режим келмеске кетті, ал ғалымдар 17 жыл бойы тәрбие тұжырымдамасының нұсқасын да берген жоқ. Осыған орай, келешекте тұжырымдама жасалынуы тиіс. Онда, ислам дінінің қоғамға беретін адамгершілік қасиеттерінің орны мен рөлін анықтау қажет.

Ал, дисертациялық зерттеу жұмысының екінші бөлімінің үшінші бөлімшесі «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың криминологиялық бағыттары» деп аталады.

Бұл бөлімшеде, этика, ғылым ретінде, адамның өнегелі, дұрыс мінез-құлық көрсетуі үшін біз не істеуіміз керек деген мәселе көтеріледі, онда криминология ғылымы жасалып жатқан қылмыстардың саны азаю үшін не істеу керек деген мәселелер көтеріледі және құқық бұзушының жеке басқа ықпал етудің криминология ғылымы уағыздайтын әдістері мен амалдары қарастырылады.

Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз – бұл мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға ықпал етудің негізгі педагогикалық әдістері мен тәсілдерін қарастырыла келе, оны қалыпқа келтіруде кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерімен бірге психолог-мамандардың, педагогтардың, криминологтардың көмегі керек екендігі айтылады. Бұл жұмыстың ұтымдылығын арттыру үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың, әсіресе дамуында қандай да бір ауытқушылық барлардың, ал олардың ішінде полицияда есепте тұратындары аз емес, жеке басын зерделеуге арналған жаңа әдістемелік нұсқаулар керек екендігі сөз болады.

Автор, жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешуде келесідей заңдар қабылдануы керектігін атап кетті: «Жарлы отбасындағы баланың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда ол балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, тек оқушыларды ғана емес, мектепке бармайтын балаларды да ауық-ауық диспансерлеп тұру көзделсе; «Жас отбасына медициналық-санитарлық көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда отбасына, анаға және балаға көмек көрсетудің нақты нысандары көзделсе; «Азаматтардың қалпына келген денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы. Бұл заң актілері жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін ғана емес, қоршаған ортаны сақтау үшін де керек: экологиялық апаттардың, табиғи зілзаланың ауыр зардаптарын жою, өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға әсерін болдырмау (оқу мекемесінің жанына ондай кәсіпорын тұрғызуға тыйым салынатын кез келді), ауру, жарым-жан бала туудың алдын алу және т.б. үлкен орын алады. Балалар мен жасөспірімдердің өздерінің тұратын жерлеріндегі демалысын ұйымдастырудың бұрынғы тәжірибесіне көшіру. Сол мақсатта жергілікті әкімшілік мектептерге, тұрмыстық-коммуналдық мекемелерге жан-жақты көмектесуі тиіс. Бұл іс-шараға бизнесті де тарту мәселесін қарастырған жөн.

Қорытындыда жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде келесідей негізгі қорытындылар жасалынған. Криминологиялық теория әлеуметтік биология ғылымымен үйлесімін тапқан жағдайда ғана табысты дами алады, себебі оларды ортақ мәселе – адам болмысын зерттеу мәселесі біріктіріп тұр. Желікпеліктің (маниакальность) қандай кейпі криминогендік мінез-құлықтың: агрессияның, қатыгездіктің, іш тарлықтың, сараңдықтың және т.б. негізінде жатыр. Бұл табиғи теріс қасиеттер белгілі бір қолайсыз әлеуметтік жағдайларда үдеп, керісінше, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарға баулу нәтижесінде ол қасиеттерден арылуға болады.

Адамның құқыққа қарсы мінез көрсетуінің басты себептері, негізінен, биологиялық факторларда жатыр, олар әртүрлі желікпелік тудырады. Адамның бұл психикалық қасиеттері қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалынан, ата-ананың балаға қатыгездігінен, ата-ананың бір-біріне араздастығынан, сондай-ақ жасөспірімнің төңірегіндегі адамдардың оған көрсеткен зорлық-зомбылықтарынан шиеленісуі мүмкін.

Егер адамда (қоғамда да) агрессивтік, қатыгездік және желікпеліктің басқа түрлері артатындай мүмкіндік болса, онда оларды қалыпты деңгейге дейін төмендететін де мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндік тәрбиелеуде, оқытуда, этикалық және эстетикалық құндылықтарға баулуда жатыр.

Адамның желікпелік қасиеттерінің ішінен агрессивтіктің ерекше түрін – «криминалдық агрессияны» бөліп алуға болады, бұл адамның айырықша психикалық күйі. Себебі әлеуметтік биология және этология ғылымдары агрессияны адам бойында болуға тиісті табиғи инстинкт деп есептейді.

Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық келеңсіз мән-жайлар (жұмыссыздық, дағдарыс, кедейшілік, өндірістегі қиындықтар, еңбектену саласындағы қайшылықтар) құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері бола алмайды, олар тек адамның ондай мінез-құлқын қоздыратын, оның психикасының өзгеруіне себеп болатын жағдайлар ғана.

Әртүрлі жас санаттарының жалпы құқыққа қарсы мінез-құлқына сипат беретін ортақ әлеуметтік жағдайлармен қатар (ортақ санат) екінші және үшінші деңгейдегілер де бар. Мысалы, келеңсіз сипаттағы объективтік жағдайлардың екінші деңгейіне жасөспірімді әлеуметтендіретін мән-жайлар және қалада бар барлық ерекше жағдайлар жатады (ерекше санат). Әртүрлi шамада барлық жастарға тән психикалық ауытқулар түрі үшінші деңгейді құрайды (бірлі-жарым санат).

Сыртқы мән-жай (жағдай), сөзсіз, құқыққа қарсы мінез-құлықтың генезисінде маңызды рөл атқарады. Адам болмысының күрделі жаратылысы генетикалық деңгейде айырықша жадының дамуын қарастырған (адамдар тіршілігінің ұтымды-әлеуметтік тәжірибесі), оны ең ұтымды тәжірибенің негізі – руханилық және өнегелік санаттар. Бұл аталғандар, адамда бойында бірімен-бірі тығыз байланысқан. Адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықтары сияқты, рухсыздық пен өнегесіздік, адамның тәжірибеде дұрыс болуын қалыптастыра алмайды, ал онсыз адам да, қоғам да жетіле алмайды.

Руханилық пен имандылықтың қайта жандануы елдегі криминалдық жағдаймен тікелей байланысты. Келеңсіз үрдістердің біртіндеп жинақталуы қоғамның, әсіресе зиялылардың сапалық күйінен көрініс тапты. Мұны қылмыстық статистика талдамасы, автордың зерттеулері көрсетіп отыр. Мысалы, руханилық деңгейді анықтауға және моральдық тиянақтың бар-жоқтығына қатысты сұрақтарға респондент – студенттердің 13,7%-ы әдептілік, өнегелік дегенді ұмытып, өте анайы, дөрекі сөздермен жауап берген. Олардың 15,4%-ы тоталитарлық режимге қайта оралу керек екендігін ашық айтқан.

Ұлттық рухани және имандылық қасиеттерінің қайта жандануы исламдық этикаға негізделуі тиіс, оның моральдық нормалары жастарды тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасында өз орнын алуы керек.

Қазіргі тәрбиедегі басты мәселелердің бірі – еркін тәрбие мен мәжбүрлеп тәрбиелеудің шегін анықтау. Педагогикада адам бостандығының дәрежесіне қарай тәрбие процесінде гуманистік және авторитарлық бағыттар бөлініп алынады. Гуманистік бағыт адамды қоғамдық дамудың жоғарғы мақсаты және құндылығы деп қарастырады, ал авторитарлық, керісінше, адамды оның қоғамға қосқан үлесіне қарай бағалайды. Яғни, тәрбиенің қазіргі тұжырымдамасы осы екі бағытты ұстауы тиіс. Мысалы, авторитарлық бағыт, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар арасында және олар үшін жабық типтегі мекемелерде оқу ұйымдастырғанда тиімді болар еді.

Сендіру әдісі шегінде авторитарлық педагогиканың тәрбиелік ықпалының әртүрлі тәсілдері, амалдары және құралдары қолданылады: криминалдық ортадағы жалған көзқарастар мен бедел иелерін әшкерелеу; жақын немесе әйгілі адамдарға еліктеуге болатындай келбет жасау; қандай да бір құқыққа қарсы іс-әрекеттің теріс салдарларын, оның психологияға және өнегеге жат жақтарын көрсету.

Ықпал ету өрісіне байланысты (мысалы, санаға, мінезге, көңіл-күйге) тәрбие процесінің әдістері де, амалдары да, тәсілдері де өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда, негізінен, құқықтық пікірлерді, білімді, теріс қылықты бағалауды, оң мінездің бағыттылығын және т.б. қалыптастыруға бағытталған әдістер бар. Оларды сананы қалыптастыру әдістері дейді. Және де әдеттерді, таптаурын мінез-құлықты, бір типті реакциялар қалыптастыруға бағытталған әдістер де бар. Оларды мінез-құлықты қалыптастыру әдістері деп атайды. Кейде қосымша деп аталатын, оң мінездің қалыптасуына біршама көмек ететін, көңіл-күймен байланысты да әдістер бар (мадақтау, жазалау, жарысу және т.б.). Автор, бірінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері жасөспірімде оң мінез-құлақтың нормалары туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғым қалыптастыра алады деп ойлайды. Екінші топ әдістері кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметінде тәрбиені қолдануды іске асырады. Үшінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері тиісті ықпал арқылы құқық бұзушының мінез-құлқын, іс-әрекетін реттей алады, себебі ресми құптау немесе құптамау мінез-құлаққа әсер етеді, құпталған қылық бекітіліп қалады, құптау таппаған іс-әрекет тежеледі. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері жеке-дара сақтандыру ықпалының нәтижелерін талдауға және бағалауға бағытталған, олар адамның оң мінезінің қалыптасуына жанама әсер етеді.

Жеке-дара сақтандыру ықпалының әдістері мен тәсілдерін қолданудың негізгі ұйымдық-тактикалық нысандарына келесілер жатады: сақтандыру мақсатында әңгімелесу, құқық бұзушының мінез-құлқын ұжымда талқылау, жасы толмағандарды қоғамға пайдалы жұмысқа тарту.

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 

1 Ной И.С. Методологические проблемы криминологии. – М., 1999. – 106 с.

2 Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с.

3 Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999. – 257 с.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі 

1 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Теоретические и практические вопросы предупреждения преступности: в деятельности правоохранительных органов и институтов гражданского общества: международный опыт и национальная практика Казахстана: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 12-13.10.2006. – Алматы: Казахстанская криминологическая ассоциация, 2007. – Б. 155-159.

2 Криминологическое направление предупреждения противоправного поведения // Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества: мат-лы междунар. науч.-теорет.конф. 28.02.2007. – Алматы: Университет им. Д.А. Кунаева, 2007. – Б. 78-81.

3 Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтарын түрлері бойынша талдау // Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 07.06.2008. – Алматы: Академия МВД Республики Казахстан, 2008. – Б. 43-48.

4 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Фемида. – 2007. – № 1. – Б. 12-13.

5 Этические направления предупреждения противоправного поведения // Предупреждение преступности. – 2007. – № 1. – Б. 23-25.

6 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Тураби. – 2007. – № 3. – Б. 61-63.

7 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Заң. – 2007. – № 6. – Б. 20-22.

Резюме 

Карамырза Жаркынбек Тагайбекович

Причины и условия, способствующие совершению правонарушений среди молодых людей, и проблемы их педупреждения

12.00.08 – уголовное право и криминология;

уголовно-исполнительное право

Общая характеристика работы. В работе проанализированы состояние, динамика и структура преступности молодых людей. Дается полная и объективная криминологическая характеристика личности молодого человека, совершившего преступление, систематизированы причины и условия, а также криминогенные факторы, оказывающие влияние на формирование не только личности, но и на их поведение, выработана система мер предупреждения преступности среди молодых людей. Кроме того, в диссертации дается сравнительный анализ об уровне преступности молодых людей (2000-2008 гг.), изучены и приобщены результаты анкетирования учащихся общеобразовательных и высших учебных заведений г. Алматы.

Объектом исследования являются общественные отношения в области борьбы с молодежной преступностью в Республике Казахстан.

Предметом исследования является определение личности молодого человека, ее классификация на основе психолого-педагогической характеристики по возрастному признаку, а также формы и методы организации профилактических мероприятий по предупреждению преступлений, совершенных молодыми людьми и основные принципы их исправления и перевоспитания.

Цель исследования – определение системы мер борьбы с вовлечением несовершеннолетних и молодежи в преступную деятельность, соответствия норм действующего уголовного законодательства Республики Казахстан об уголовной ответственности за совершения такого преступления потребностям практики, выработка наиболее эффективных путей совершенствования системы мер предупреждения, в том числе оптимальных путей дальнейшего совершенствования уголовного законодательства и профилактика преступности среди подрастающего поколения, а также состояние предупредительной деятельности в данной сфере.

В соответствии с обозначенной целью поставлены следующие задачи: исследование правовых аспектов отечественного законодательства в сфере преступности молодых людей; анализ современного состояния преступности среди подрастающего поколения; разработка предложений и рекомендаций по совершенствованию уголовного законодательства и иных нормативно-правовых актов; разработка правовых новшеств в законодательство в области борьбы с преступностью, в том числе и среди молодых людей; вынесение предложений, направленные на развитие теории предупреждения преступности; изучение личностных характеристик молодежей (социально-демографических, культурно-образовательных, эмоционально-волевых свойств, потребности, интересов, стремлений, ценностных ориентаций, особенности правосознания); рассмотрение основных проблем взаимодействия педагогических коллективов общеобразовательных школ Республики Казахстан с некоторыми субъектами профилактики противоправного поведения учащихся общеобразовательных школ.

Научная новизна диссертационного исследования заключается в том, что в работе на монографическом уровне проведено комплексное исследование особенностей преступности молодых людей, а также состояние предупредительной деятельности в данной сфере, с учетом возрастных и психологических, социальных и нравственных, демографических и правовых особенностей. Теоретическая значимость диссертационного исследования заключается в обосновании механизма создания сил противодействия преступному насилию в обществе и семье, включающая новые социальные институты из гражданского сектора.Практическая значимость исследованияопределяется тем, что положения и выводы, изложенные в нем, могут быть использованы: для совершенствования норм административного, уголовного, уголовно-процессуального и уголовно-исполнительного права; при разработке законодательства в области борьбы с преступностью, в том числе несовершеннолетних; при дальнейшем развитии теории предупреждения преступности; в правоприменительной практике для улучшения обеспечения прав и защиты молодых поколении. Некоторые рекомендации и предложения могут найти свое отражение в деятельности правоохранительных органов, а также могут быть реализованы при подготовке нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан.

Основные положения, выносимые на защиту:

  1. Биосоциальная концепция в криминологии – это направление человека взаимосвязи в нарушении характера и психического изменения.
  2. Изменение агрессивных действии в обществе, это не только зависит от государственной социально-эконмичесой политики, но и зависит от воспитания человека.
  3. Причины определяющие материи – не определяется в частным и общим уголовным характером, потому что этого не существует.
  4. Характер человека определяют психические стремления, но во время принятия решения основную роль играет воля человека. Если нет воли человека, тогда имеет место невменяемость и конкретный случай, явившийся причиной преступления, которая освобождает человека от уголовной ответственности.
  5. Неблагоприятное социальное обстоятельство в обществе и материальные недостатки человека (безработица, бедность и т.д.) прямо действует на психику человека (появляются агрессивность, месть и т.д.). Такие обстоятельства влияют на человека, но не является фактором совершенствования преступлений, поэтому любые действия зависят от личности человека.
  6.  «Личность преступника» – это криминологическая квалификация, она дает понятие «общественного отношения». Она реализуются путем воспитания, знания и внедрения (это – меры изпользовающие в правонарушениях).
  7. Дух и нравственность нации – должны возобновиться на основе религиозных обычаев, его нормы необходимо отразить в современной практической концепции. Там должны быть предусмотрены предложения направленные на укрепления семьи, улучшения учебы и воспитания в школе, оздровлении идеологии, повышения уровня воспитания молодежи и профилактики их противоправного поведения; предложения о необходимости принятия законов «О защите детей из малообеспеченных семей», «Об оказании медицинско-санитарной помощи молодым семьям»; «О защите восстановленного здоровья граждан»; сотрудникам подразделений по делам несовершеннолетних для проведения ими диагностических бесед подготовленные методические рекомендации о правовом воспитаний несовершеннолетних правонарушителей, учеников школ.

Теоретико-методической основой диссертационного исследования являются основные положения диалектико-материалистического метода познания и основывающиеся на нем наиболее общие частно-научные методы: исторические, сравнительные, системно-структурные, конкретно-социологические (анкетирование, анализ документов, статистическая обработка полученных данных), фундаментальные положения современной философии.

Нормативную основу исследованиясоставляют официальные материалы и документы: Всеобщая Декларация прав человека, Конституция Республики Казахстан, Конвенции, Законы Республики Казахстан, Постановления Правительства Республики Казахстан, а также нормативные правовые акты стран ближнего и дальнего зарубежья. А также, опубликованные в периодической печати и литературе, данные статистики и конкретно-социологических исследований по вопросам преступности несовершеннолетних; материалы деятельности комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав; результаты изучения деятельности материалов ПДН ГОРРАЙОВД Республики Казахстан; ежегодные материалы статистической отчетности МВД и Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о состоянии преступности и правонарушений в стране.

Основные результаты проведенного исследования, теоретические положения, основанные на них выводы и рекомендации, прошли апробацию на международных и республиканских научно-практических конференциях. Проблемные вопросы диссертационного исследования были опубликованы в журналах и научных сборниках, включенных в список Комитета по контролю в сфере образования и науки МОН Республики Казахстан.

Структура и объем диссертационного исследования отвечает целям и задачам исследования. Диссертация состоит введения, двух разделов, включающих шесть подразделов, заключения, списка использованных источников и приложения.

SUMMURY 

Of the thesis for submitting of the scientific degree

Candidate of Law Sciences

Reasons and conditions promoting fulfilment of offences among young people, and problems of their prevention 

12.00.08 – criminal law and criminology; criminal-executive law 

Karamirza Zharkinbek Tagaibekovich 

         General characteristic in the work are analyzed state, the dynamics and the structure of the criminality of young people. There is given the comprehensive criminality characteristic of the personality of young people of those committed crimes, are systematized the reasons for condition, and also the criminality factors, which have an effect on molding not only personality, but also to their behavior, the system of the measures of warning the criminality of young people.   Furthermore, in the thesis is given comparative static analysis about the level of the criminality of young people (2000-2008), the results of the questioning, conducted in the educational institutions of Almaty city.

          The subject of a study is social relations in the region of crime control of young people in the Republic of Kazakhstan.

The object of experiment is the determination of the personality of young person, its classification on the basis of psychological and pedagogical characteristic according to the sign dependent on age, and also forms and methods of organizing the preventive measures for warning of the crimes, perfected by young people and the basic principles of training.

Purpose of a study is determination of the system of the measures of fight with the involvement of the minor in the criminal activity, the correspondences standards of the acting criminal legislation of the Republic of Kazakhstan about the responsibility for the accomplishments of this crime to the needs of practice, the production of effective means of improving the system of the measures for warning, including the optimum ways of further improvement of criminal legislation and the preventive maintenance of the forced criminality of minor in the family and working relations, and also the state of preventive activity for this sphere. The following problems are posed in accordance with the designating purpose:  a study of the lawful aspects of domestic legislation in the sphere of the forced criminality of minor;  the analysis of the contemporary state of the crimes, perfected by minor;  the development of proposals and recommendations regarding the improvement of criminal legislation and other normative- lawful reports;  to develop legislations in the region of crime control, including of minor;  to place the proposals, directed for the development of the theory of warning criminality; the study of the personal characteristics of minor (social-demographic, in a cultured way- educational, emotional-volitional properties, need, interests, tendencies, value orientations, the special feature of legal conscience);  the examination of the basic problems of the cooperation of the pedagogical associations of the general education schools of republic Kazakhstan with some subjects of the preventive maintenance of the antipropogandic  behavior of the students of general education schools.  Basic condition, verdict to the protection: Crimes perfected by juveniles can create threat health and life of that suffered, as a result of which:  not attracting to the penal responsibility of minor, and also their impunity leads to the continuation with them criminal activity, namely to the accomplishment of heavy and separately heavy crimes inadequate behavior, the special features of the psychological state of minor serve as occasions for the accomplishment by them crimes; the personality of minor criminal is characterized by emotional instability, aggressiveness, roughness, impetuosity; by the circumstances, which determine the accomplishment of crimes not relations, and also the state of preventive activity in this sphere.

The scientific novelty of a dissertation study consists of that the work at the monographic level is carried out a comprehensive study of the special features of the criminality of young people, and also the state of preventive activity in this sphere, taking into account age-qualification and psychological, social and moral, demographic and lawful special features. The theoretical significance of a dissertation study consists in the substantiation of the mechanism of the creation of counteracting forces to criminal violence in the society and the family, which includes new social institutes from the civil sector.The practical significance of a study is determined by the fact that the positions and the conclusions, presented in it, can be used: for improving the standards of administrative, criminal, criminal procedure and criminal- executive law;  with the development of legislation in the region of crime control, including of minor; with further development of the theory of warning criminality;  in the use of law practice for an improvement in the guarantee of rights and protection of minor. Some recommendations and proposals can find their reflection in the activity of law-enforcement agencies, and also can be realized with the preparation of the normative decisions of the Supreme Court of the Republic of Kazakhstan.

         Substantive provisions born on protection:

1.The biosocial concept in criminalistic is a direction of the person interrelation in infringement of character and mental change.

2. Change aggressive action in a society, it not only depends on the state social and economic politics, but also depends on education of the person.

3. The reasons determining matters — it is not defined in private and the general criminal character, because it not exists.

4. Character of the person is defined with mental aspirations, but during decision-making the basic role is played with will of the person. If there is no will of the person then diminished responsibility and the concrete case which has shown the reason of a crime which releases the person from the criminal liability takes place.

5. The adverse social circumstance in a society and material lacks of the person (unemployment, poverty and so on) directly operates on mentality of the person (there is an aggression, revenge and so on). Such circumstances influence the person, but is not the factor of perfection of crimes, therefore any actions depend on the person of the person.

6. » The person of the criminal » is criminalistic qualification, it gives concept of «the public relation». It is realized by education, knowledge of introduction (it — measures uses in offences).

7. The spirit and morals of the nation — should renew on the basis of religious customs, its norms are necessary for reflecting in the modern practical concept. Offers the families directed on strengthenings, improvements of study and education at school, improvement ideologies, increases of a level of education of youth and preventive maintenance of their illegal behaviour there should be stipulated; offers on necessity of acceptance of laws «About protection of children from needy families», «About rendering of the medicine-sanitary help to young families», «About protection of restored health of citizens», to employees of divisions on affairs of minor offenders, pupils of schools.

Theoretical- systematic the basis of a dissertation study: the historical, comparative, system-structure, concrete sociological (questioning, the analysis of documents, statistical processing of obtained data), fundamental positions of contemporary philosophy.

       Official materials and documents compose the normative the basis of a study: The Universal Declaration of Human Rights, the Constitution of the Republic of Kazakhstan, conventions, the laws of Republic Kazakhstan, the decisions of the government of the Republic of Kazakhstan, and also the normative lawful reports of the countries of near and far abroad. And also, published in periodicals and the literature the data of statistics and concrete — sociological researches on questions of criminality of minors; materials of activity of the commission on affairs of minors and protection of their rights; results of studying of activity of materials on affairs minor city regional internal affairs Republic of Kazakhstan; annual materials of the static reporting of the Ministry of Internal Affairs and the State Office of Public Prosecutor of Republic Kazakhstan about a condition of criminality and offences in the country.

The basic results of the conducted investigation, the theoretical positions, based on them conclusions and recommendation, passed approval at the international and republic practical-scientific conferences. Problematic questions of a dissertation study were published in the periodicals and the scientific the collections, included in the list of committee on supervision in the sphere of formation and science Respublic of Kazakhstan.

Structure and volume of a dissertation study answers purposes and tasks of a study. Thesis consists of title page, list of designations and reductions, introduction, two divisions, seven subsections, conclusion, list of the used literature and application.