Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөаспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар.Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есептейді, өйткені осы кезең ішінде балаларда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтан да қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, әлеуметтік педагог пен оның төңірегіндегі ересек адамдар тарапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.
Кеше ғана сыпайы жүрген жасөспірім мінезінде аяқ астынан дөрекілік, әдепсіздік, қиқарлық, тәртіпсіздік байқалады, ересек адамдардың айтқанын талғампаздықпен, сын тұрғысында қабылдайды, олардан дәлелді, қисынды пікірді талап етеді. Осының бәрі тәжірибесіз мұғалімнің, тәрбиешінің жасөспірім оқушылармен ортақ тіл таба алмауына соқтыруы мүмкін.
Әлеуметтік педагогтар жасөспірімдермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырған кезде осы кемшіліктерді міндетті түрде ескеруі керек.
Жасөспірімдік жас – бұл дүние танудың, адамгершілік сенімнің, принциптер мен арман-мұраттың, бағалау ұғымы жүйелерінің белсенді қалыптаса бастау жасы. Дәл осы жаста балаларда адамгершілік сана-сезім қалана бастайтындығын әлеуметтік педагогтар мықтап ескеруі тиіс.Жасөспірімдердің жеке басының қалыптасуы адамгершілік ісі мен өнегелілік тәжірибесінің сипатына байланысты.
Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудің маңызды кезеңі, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткеніндей, жасөспірімдерде өзіне-өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы сапаға деген мүдде пайда болады. Ол өзіне-өзі зер сала отырып, өз «менін» ашады, өз басындағы күшті және әлсіз жақтарды білуге ұмтылады. Мұның өзі жасөспірімнің бүкіл психикалық өміріне, оның танымдық әрекетінің сипатына, оның маңайындағыларымен көзқарасының, адамдармен қарым-қатынасының қалыптасуына ықпал етеді.
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың оқу жылына арналған мақсаты мен міндеттері:
1.Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзегеасырудағы мектеп пен жанұяның өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс-қимылын қамтамсыз ету.
- Жанұя мен мектепте ата-аналардың тәрбиелеу белсендігін барынша дамыту.
- 3. Әрбір жанұяда балаларды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
- Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата-аналардың белсенділігін күшейтуге үнемі жәрдемдесіп отыру.
- Сынып ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.
Мерзімде-рі |
Ата-аналармен педагогикалық ағарту тақырыптары |
Жанұялармен жүргізілетін жеке-дара жұмыс |
Ата-аналар комитетімен жұмыс |
Қыркүйек |
Оқушыларды дамытудың әлеуметтік-психологиялық жағдайы және оның баланың жеке басына әсері |
1.Сынып оқушыларының жанұяларымен танысу, 2. Әрбір баланы тәрбиелеудің нақты міндеттерін сақтау |
Ата-аналар жиналысын өткізугүе дайындық: ата-аналар комитетінің мүшелері мен белсенді топтарына қатысушыларды іріктеу; жұмыс жоспарын жасау |
Қазан | Сіз өз балаңыздың мектепте қандай ұжымда көргіңіз келер еді? Бұл үшін тәрбиешілер не істеу керек? | Жанұяларға бару; ақыл-кеңес айту, пікірлесу | Сыныптан
|