Жоспар:
Кіріспе
I.Бөлім. Жарғылық капитал аудитінің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары
1.1. Аудиттің мәні, мазмұны
1.2. Аудитті жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу
II. Негізгі бөлім
«Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі мен орны
2.1. «Каризма» ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу жағдайы
2.2. «Каризма» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
III. Бөлім
Жарғылық капитал аудитінің есебі
3.1. Жарғылық капитал есебінің аудиті
3.2. Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті
3.3. Бөлінбеген табыстың аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
« Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» — деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет