Негізгі ерекшеліктері:
— ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
— білімнің қарқынды дамуы
— ғылмдардың пайда болуы
— діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы.
Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт қалыптасады.
Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.
Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».
Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.
Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл — ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл — ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.
Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:
1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен
2. Әркім жеке басына тән «үңгір» елесінен
3. «Нарық» (базар) елесінен
4. «Театр» елесінен.
«Білім — күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия — материяның ішкі қасиеті» — дейді.
Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады:
1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік
2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы
3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі
4.Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі.
Р.Декарт (1596-1650ж.ж.) — фр. философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол Ла — Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой — толғау» және «Философияның алғашқы бастаулары».
Космология, космогония, физика мен физиологияда – материалист, психология, таным теориясында — идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде сналады.
Декарттың рационализмінің негізі — күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз, зердеміз арқылы ғана қабылданбақ.
Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) — Оксфорд университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642), «Левиафан» (1651ж).
Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя — мәңгі, алғашқы, ал ой — материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.
Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия-танушы ақыл — ойдың рационалдық іс — әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», — дейді. Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген көзқарасты ұсынады.
Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам — адамға қасқыр», адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа ұмтылады, мақсатқа жету барысында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен-бірі үнемі соғыста болады дейді.
Барух Cпиноза (1632-1677ж.ж.) — Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда — саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрады. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек қарастырылғанымен, бірті — бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне баса назар аударады. Негізгі еңбегі: «Этика».
Өзінің философиясында Спиноза пантеистік бағытты ұстанады. Табиғаттың өзі — Құдай, табиғат — мәңгі, шексіз, ал сана оның қасиеті.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екенін қолдайды. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік қағидаларының табиғи сипатын ерекше атап көрсетеді. Бірақ, оның философиясында Құдай — табиғаттың өзі. Ол — субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ешнәрсе жоқ, адамдардың Құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғаты. Спиноза адамгершілік ережелерінің Құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Табиғат қана шын өмір сүреді деген тұжырым жасайды.
Джон Локк (1632-1704ж.ж.) — Оксфорд университетінің түлегі, осы оқу орынында грек тілі мен риторикасынан дәріс береді. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысады, үкіметтің басқарушы қызметтерінеде араласады. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл — ойы туралы тәжірибе» және «Ақыл — ойды басқару туралы».
Локк эмпиризмді, яғни білім, таным тек тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл — ойда әуелі сезімде болған нәрселерден басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп көрсетеді.ойшылдың пайымдауынша, адамгершілік секілді ұғымдар адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір — біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді. Адамда априорлы мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады.
Джордж Беркли (1685-1753ж.ж.) — ағылшын философы, субъективті идеализмнің негізін салушы ретінде танымал ойшыл. Материяны терістеп, дінді мойындайды. Негізгі еңбегі: «Адамдық біліктің бастамасы жайлы трактат».
Оның ойынша, біз дүниені сезім арқылы қабылдаймыз, сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз.
Берклидің пікірінше, қабылдау субьектінің жағдай — күйіне тікелей байланысты. Ол бұл түсінікті абсолютті дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мәңгілік қабылдаушы субьект Құдай деп тұжырымдайды.
Давид Юм (1711–1776 ж.ж.) — ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Оның оынша, субьективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларын тудырады. Мысалы, адамдар күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің негізі — осы құбылыстың үздіксіз күнделікті қайталанатындығында. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теолрия емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юмның біржақты эмпиризмі және оны рационализмнен бөліп қарастыруы дүниені танып — білуге болмайды деген агностикалық тұжырымға алып келді. Адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды