Жалпы Ұлттық Өнім курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе 5

1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 9

2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21

3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы 25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары 25

Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс — әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.

Зерттеу объектісі — макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.

Зерттеу пәні — экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.

Зерттеу мақсаты- барлық көрсеткіштер қалай есептелінуі мен олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.

Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға  сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:

  • жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштерін анықтау;
  • нақты және атаулы жалпы ұлттық өнімін анықтау;
  • жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістерін көрсету;
  • тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау;
  • жалпы ұлттық өнім мен қор және ағыннын көрсету;

Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалалардың талдауы, сонымен бірге экономико – статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.

Курстық жұмыс 34 беттен құралған , 3 сурет, 3 диаграммалардан, 1- кестеден, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен,

 Курстық жұмыс / 34 бет