МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….3
I ЖАЛПЫ СИПАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…..5
1.1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі….5
1.2 Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары мен құқықтық жағдайы және заңға сипаттама…9
1.3 Мемлекеттік қызметтер саласындағы стандарттардың құрылымы мен құрамы……13
II ЖАЛПЫ СИПАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҰМСАЛАТЫН БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ…….17
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және фискалдық қызметті ұстауға байланысты бюджет шығыстары мен олардың біліктілігін арттыру жолдары….17
2.2 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру және оларды пайдалануын бақылау…..20
ҚОРЫТЫНДЫ…….28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..30
Кіріспе
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың — қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды.
Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек.
Қызметкерлерге «олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын» кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады.
Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс.
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың , қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. Мемлекеттік қызметшілердің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардың саяси және діни алаламаулықты талап етеді.
Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға орналасатын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды белгілеу қажет екендігі еске алынып отыр.
Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың басты мақсаттарының бірі- мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру. Бұл қызмет жұмыстарды белгілі бір уақытқа жоспарлау жолымен жасақтау, ақпарат алу және онымен жұмыстану, шешімдер әзірлеп шығару, қабылданған соншалық, ақпараттарды өңдеуде қалыпты әдіс-тәсілдерді пайдалану, мүмкін емес.
Уақыт ақпарат өңдеуде ыждағаттылықты, сондай-ақ негізделген және уақтылы басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан мемлекеттік орган қызметін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Осы мәселелердің барлығы мемлекеттік органның әзірліктен өткен және тәжірибелі кадрлар құрамынсыз шешілмейді.