Жағалық (Мексика маңы және Атлант маңы) ойпаттар туралы қазақша реферат
Жағалық ойпаттар – матриктің ең жас табиғи аймағы. Олар үшін жайпақ бедер, күшті батпақтану, жылы ылғалды мұхиттық климат тән. Бұл әсіресе субтропик өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай. Территорияның өзіндік ерекшелігін анықтайтын негізгі табиғат процестеріне ойпаттың өзімен шектесіп жатқан Орталық және Ұлы жазықтардың, Аппалачтың ықпалы мол. Олар мұндай беткі ағын мен грун суларын бағыттау арқылы шөгілген өнімдер жағалауға қарай тасылады. Осы жиналма материалдар ойпаттың негізгі беткі төсенішін қалыптастырады.
Геологиялық ұрылымы бойынша ойпаттар бір-бірінен ерекшеленеді. Атлант маңы ойпаты негізінде платформалық типке жақын Аппалачтың ежелгі қатпарлық құрылымдары жатыр. Мексика маңы ойпаты Мексика шығанағының қозғалмалы облысының бөлігі ретінде байқалады.
Ойпаттардың табиғат ерекшеліктері теңіз маңы бөлікте анық байқалады. Атлант мұхитя және Мексика шығанағы жағалауы күрделі тілімденуімен ерекшеленеді және екі жағалық сызығы бар болып саналады. Сыртқы сызықты жіңішке ені жүздеген метрден бірнеше км-ге жететін құмды шашақ жолағы құрайды. Олар теңізден жаға бойы созылып жатқан ірі лагуналарды бөліп тұрады. Ішкі жағалық сызық та құмды жағажайлардан құралған және көптеген өзендердің атырауларымен тілімденген. Жағадан қашықтаған сайын лагуналар көлдермен, батпақтармен, марштармен ауысады, одан әрі жалпақ жапырақты ормандары бар жайпақ сазды ойыстар жатыр. Теңіз маңы жолағының ең батпақтанған енді жері Мексика шығанағында 50-70 км-ге, Атлант мұхиты маңында 100-120 км-ге жетеді.
Қысы жылы. Қаңтардың орташа температурасы 5-100С аралығында өзгереді. Циклондардың жиі өтуінен бұлттылық және жаңбыр көп болады. Жазы ыстық және жаңбырлы. Шілдеде температура 270С шамасында тұрақталады. Муссон көп мөлшерде ылғал әкеледі. Жазда және күзде дауыл күші бар тропиктік циклондар жиі өтеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ден асады.
Басқа көршілес аймақтармен салыстырғанда Жағалық ойпаттар өте аз игерілген. Табиғаты табиғи күйінде сақталып отыр деп айтуға болады. Аллигаторлар, ірі жүзгіш тасбақалар, колибри құсы және көптеген тропиктік өсімдіктер түрлері өседі.
Пайдалы қазбалар ішінен Флоридадағы фосфорит және Мексика маңы ойпатындағы мұнай үлкен маңызға ие.