Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі туралы қазақша реферат
Қорытпадағы таза алтын мөлшерін сынама деп атайды. Сынама бірнеше жүйеден тұрады.
1927 жылға дейін КСРО-да алтынды сынама болған. Яғни, бұл бір фунт қорытпадағы (бір фунт 96 алтынға немесе 409,5 г тең) таза алтын саны деген сөз.
1927 жылы лигатурлы қорытпаның 1000 салмақ бірлігіндегі химиялық таза алтын санын анықтайтын метрикалық сынама пайда болады. Алтынды сынаманы метрикалыққа аудару үшін, берілген алтынды сынаманы 1000-ға көбейтіп, 96-ға бөлу керек. Ресейде зергерлік бұйымдарды алтын, күміс және мыстан тұратын үш түрлі қорытпадан жасайды. Осы мақсатта пайдаланатын алтынның ең көп тараған қорытпасы – 583-ші сынама болып табылады. Егер, алтын бұйымда бақылау инспекциясының 583 деген таңбасы тұрса, бұл осы бұйым дайындалған қорытпаның 1000 салмақ бөлігінде химиялық таза алтынның 583 салмақ бөлігі және 417 салмақ бөлігі басқа металдардан (күміс және мыс) тұрады деген сөз.
Сонымен қатар, сынаманың карат жүйесі болады (Англияда, АҚШ-та). Карат сынамасы – қорытпаның 24 бөлігіндегі химиялық таза алтынның салмақ бірлігінің саны. Карат сынамасын метрикалық сынамаға аудару үшін, берілген карат сынамасын 1000-ға көбейтіп, 24-ке бөлу керек, ал алтынды сынамаға аудару үшін – 4-ке көбейту керек. Карат сынамасын, карат бірлігіне тиісті бағалы тастардың салмақ өлшемдерімен араластыруға болмайды.
Жасалған бұйым қорытпасындағы алтын мөлшерінің көп немесе аз болуы, металл қасиеттерінің көркемдік суреттелу жағына әсер етпейді. Егер, салмағы және көркемсуреттік орындалуы бірдей бұйымдарды салыстырса, олардың ішінен, алтын сынамасы жоғарғысы қымбат бағаланады. Ресейдің алтынынан 2000-нан астам, ал күміс қоспаларынан 1500-ден астам зергерлік бұйымдарын жасайды.
Зергерлік бұйымдарды шығару өндірісінде, көбінесе, 87,5% күміс пен 12,5% мыстан тұратын күмісті-мысты қорытпасын қолданады. Мұндай қорытпа мүмкіндігінше берік, химиялық төзімді болады.
Күміс бұйымдары 875-ші, және де эмальмен жабылатын 916-шы сынамалы күмістен алынады. Сондай-ақ 800-ші және 750-ші сынамалы күмістен жасалған бұйымдар да кездеседі. Төменгі сынамалы қорытпалардан жасалған бұйымдар, ауаның құрамындағы күкірт сутегінің әсерінен тез қарайып кетеді. Асханалық күміс те тамақтағы қышқылдар әсерінен тез қараяды.
Сынама – зергерлік бұйымдардың сапасына кепіл беретін мемлекеттік таңба болып табылады. Таңбаны жасау заңмен қудаланады.
Зергерлік бұйымдарды дайындау өндірісінде сақина, сырға, алқа және тағы басқа бұйымдырдың сыртын дайындауда, гауһар, меруерт және ашық бояулы тастарды бекіту кезінде платина қорытпаларын қолданады. Платина өндіру кезінде, онымен тығыз байланысқан және қасиеттері бойынша ұқсас келетін платина топтарының металдары – палладий, родий, рутиний, иридий және осмий кездеседі.
Зергерлік бұйымдардың сарапталуы, олардың сапасын анықтайтын органолептикалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі: бұйымның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамы мен экологиялық қауіпсіздігін анықтау. Бұйымның моделі мен құрылымы бекітілген үлгіге, техникалық талаптар немесе техникалық көрсеткіштерге, сызбаларға, сурет бойынша техникалық құжаттамаға, пішіні мен тағайындалуына сәйкес келулері керек.
Жартылай бағалы тастардан жасалған қосымшалардың сырты жақсы тегістелген және жылтыр болу керек. Ал жасанды өсірілген меруерт тастардың қосымшалары майда және жырық жерлері болмауға тиіс. Ал таза янтарь тасының кейбір бұйымдарында органикалық және органикалық емес қоспалар кездесе береді. Ондағы жарықшалар, дөңестер, қабатталған жерлер, ішкі және сыртқы тотығу учаскелері бұйымның көркемдік бағалануын төмендетпейді.
Бағалы және бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда, меруерт тас пен янтарь тасын желімге және кесілген штифтерге отырғызу жіберіледі. Бірақ бұйымның сыртында желім іздері болмауға тиіс. Қосымшаларды бүгілген тетік арқылы қыстыру және қадау, тек бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда ғана орындалады.
Бағалы металдардан жасалған бұйымдарда майысулар, қылшалар, бұдырлар, жұмыс құралының іздері, жарықшалар болмауы тиіс. 958-ші сынамалы алтын бұйымдарында, олардың сырт пішінін бұзбайтын аздаған ауытқулар болуы мүмкін. Бағалы металдардан жасалған бұйымдардың салмағы бұйымның нақты салмағының +15% көп ауытқымау керек. Барлық бөлшектер жақсы және берік орнатылған болу керек. Сәнділік және қорғаушы-әшекей жамылғысы – бұл бұйымның барлық жеріне бірдей, тиісті бірқалыпты қалыңдықпен, ешқандай ақаусыз, дақсыз, жырықсыз, бөлек қоспаларсыз жабылуы. Бұйымдардың қосылған жерлері мұқият жабылған және оның іздері қарусыз көзге көрінбеуі тиіс. Біріккен жердің түсі бұйым түсінен ажырамағаны дұрыс.
Өнімнің көркемсуреттік әрленуі мен пішіні, олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді. Сақиналардың пішіні тас өлшеміне қатаң түрде сәйкес келіп, оның жалғасқан жерлері тегіс, әрі қолды жырмауы керек. Сырғаның жапқыштары, тастары бірдей мөлшерде, түсте болады.
Тастан ойылған көркемсуреттік бұйымдардың сыртқы беті мұқият айнадай етіліп ажарланған болады, бұйымның пішінін бұзатын оң жақ бетіндегі ойықтар, жырықтар, өңдеу іздері, майысулар жіберілмейді.
Сүйек пен мүйізден жасалған мүсінді, бедерлі және оюлы бұйымдардың бұрандасы нық, таза және сурет бойынша нақты және де жақсы ағартылған болу керек.
Сурет салу, оюлау немесе басқа да әшекейлеу түрлері тегіс қабатты боялған, сурет болса бұрмалаусыз және аяғына жейін жеткізілген, сырты айнадай жарқылға дейін ажарланған болуға тиіс.
Зергерлік бұйымның иерархиялық ағаш құрылымы
0 | 1 | 2 |
Зергерлік бұйымдардың эстетикалық сапасы |
ақпараттық айқындалуы
|
түсі |
әдемілігі | ||
мөлдірлігі | ||
формалардың рационалдылығы
|
Пішіні | |
біркелкілігі | ||
композиция бүтіндігі
|
симметриялығы |
|
огранка |
||
тастардың болуы | ||
өндірістік орындаудың мүлтіксіздігі |
пробасы | |
массасы |