ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
1.1 Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде
1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ӨНІМІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИТЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері
2.3 Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі
3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
3.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін тұтастық бағалау
3.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін дифференциалдық әдіспен бағалау
3.3 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін кешенді әдіспен бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 КІРІСПЕ

Квалиметрия — әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі. Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия» термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» — бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым.

Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы эстетикалық талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес металдардан жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.

Зергерлік өнер өте ертеде пайда болған. Бұл өнерден адамның әдемілікке деген беталысын аңғаруға болады.

Біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда Ежелгі Грецияда глиптика – тасты қашау өнері пайда болған. Ежелгі Римде бағалы тастары бар әртүрлі бұйымдар кең қолданған. Алтын мен күміс ежелгі орыс мәдениетінің барлық жағында қолданылған.

Көркемсурет мәдениетінің дәстүрлі зергерлік өнері көптеген Кавказ және Орта Азия халықтарының да ежелгі өнер танымы. Табиғат ерекшеліктері, өмір ағыны, ұлттық өнер салттары – осының барлығы да зергерлік бұйымдардан, олардың түрлері мен әшекейлеу тәсілдерінен көрініп тұрады.

Осы қурстық жұмысты орындаудың мақсаты — зергерлік өнердегі материалдың ерекшеліктерін терең түсініп, оның сапалы сәндік қасиеттерін  анықтау және көркемсурет шеберлігінің жоғарғы орындалу сипаттарын білу, яғни зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көтсеткіштерін кешенді бағалау.

 Курстық жұмыс / 36 бет