Зейін және тұлға туралы қазақша реферат
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.Сезгіш дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан(ми қабығынан)төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б) келіп, оларды өзін бағындырады.Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960жж АҚШ оқымыстысы Г.Мэгун,Италия ғалымы Моруций импульстардың төменен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Зейін механизімі мидың ректорлық қызметіне, жануарлардың И.П Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі «Бұл не?» деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргіштерке жауап беруі болып табылады.Адамдағы аңғару рефлексі-туа біткен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы айқын көрінеді.Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады.Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді.Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді.Мәселен, «Балалар, дұрыстап отырындар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қарандаршы!» деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым А.А Ухтомский (1875-1942ж) ми қызметінің күшейіп, өзге алаптардаң қызметіне үстемдік етеді.Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі. Даминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, «зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғаратын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады» — деген болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні-бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Зейіннің құрылымы, түрлері, қасиеттері
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді.
Ырықсыз зейіннің психолоиялықө әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелегін көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екенін білдіреді. Ал ырықсыз зейінжі эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған қатысты көңіл-күй мен эмоциялар, қызығулар мақсат мүдде арасындағы ара қатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананы белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіштер ішінен күшті басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі – қызыл түстің көзге әсер ету коэфицентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез-келген тітіркендіргіштердің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина не қабырға газетінің жаңа номерін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек, әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады.Мысалы,бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйендіретін нәрселерде зейінді өзіне еріксіз аударады.Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейіе тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейінің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның адамның шешуші ролін көрсетеді.Сананың әрекеттің белгілі шартымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз.Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп,оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды.Олай есептеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді.Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті.Талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сезімін арттырады.Сабақта оқушылырдың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып,ырықсыз зейінін ырықтызейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орынының қолайлы болуы-ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі.Жұмыс орнында кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек.Мысалы,сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты-адамның психикалық күйі.Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады.Адамның сырқаты,жан қинайтын бөгде ойлар т.б.ырықты зейінің сапасын нашарлатады.Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуын ықпал етеді.
Адамның күрделі мәселелерді шешуші, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы,жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі-мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Үйреншікті зейін-зейіннің ерекше түрі.Атына көрініп тұрғандай,ол ырықты зейіннен кейін жасалады.Сонымен,үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар.Ол қызығу негізінде қалыптасады.Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатынасәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.Мұндағы маңызды нәрсе-істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы-әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі.Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді.Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады.Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.Адамның іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп,реттеуге бағытталған.Бұны перцептивті зейін деп те атайды.Ішкі зейін-сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы.Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән.Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әр ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын.Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер,елестер,ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары,ернінің жыбырлыуы,жеке сөздері айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-қозғалыстарыарқылы байқалары. Ішкі зейіндер-сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын,олардыңнәтижесін болжай алмайды.Ойлай білу,ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып,талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері. Ұжымдық зейін — бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады.
Топтық зейін — бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейіннің қасиеттері.Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: а)көлемі, ә)бөлінуі, б)шоғырлануы, в)тұрақтылығы, г)ауысуы.
а)Зейіннің көлемі-адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны.Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар,әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі.Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге тең. Егер әріптестерден мағаналы сөз құрастырсақ,онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді.Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да,сынаушы кісі сөз әріптерінің орны аусқанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқан көрінеді.
ә)Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде өлең жаттап,әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз.Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады.Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады.Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.Мысалы,жас ұстаз өз зейінін бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан,сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін.Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады.Өзі алдында отырған кейбір оқушылардың тәртіп бұзып отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейіннің оған бөлінуі де ширап,сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды сапасына айналады.
б)Зейіннің шоғырлануы-адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы,оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады.Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге,таңбаларға ғана аудармаса,онда есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда болады.
в)Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады.Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т.б жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.Зейіннің толқуын қосарланған кескін суреттерден байқауға болады.Егер квадрат салынған суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке клеткаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Сурет. Зейіннің ауытқуы
г)Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді,ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып,зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп,жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға зейіннің ауысуын қиындатады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылыу жұмысын орындаған оқушының келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн «бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым ба»деген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннің қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
Зейіннің адам өмірінде алатын орны. Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың айқындығы, сезім көрнеуі және ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады. Зейінділік күй-адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсенің қызығуы күшеюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйінің тағы бір қыры-зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау,терең ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып,оны алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан зейінсіздік туады.
Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты айқын,соған жетуіге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшіліктер байқала қоймайды.
Зейінсіздік — бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт пікір айту,өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі аяғыны дейін бітіру,адамның жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент ерекшеліктерімен байланысты еккендігі адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен анық аңғарылып тұрады.
Осы ерекшеліктері мен сипаттарына орай зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт бағдарында айқын көрініс береді. Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның саналы әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің есігі деуге болады.
Адам өміріндегі зейін ретикулярлы формациялы іс-әрекетпен байланысты мидың жалпы белсенділігімен сипатталады. Ми әрекеті зейінді әр-түрлі деңгейде қамтамасыз ететін 5 деңгей немесе кезеңге бөлінеді.
Сонымен, зейіннің дамуы ырықты зейіннің қалыптасуымен сипатталады және ойын уақытының өсуінен көрінеді. Рубинштейн бойынша 6 айдан 1 жасқа дейінгі баланың ойын ойнау уақыты 14,5 мин, ал 3-4 жаста – 50 мин, 5-6 жаста 96 мин. Сонымен қатар зейін аударылуы да кемиді; 3 жаста 10 мин ойын кезінде 3,7-ге дейін, ал 5-6 жаста 1,1-ге дейін. Мектеп жасы кезеңінде балалардың үргемеушілік себептері көбінесе, ырықсыз зейінінің тұрақсыздығынан болады. Мектеп жасында зейіннің барлық қырларының қарқынды дамуы байқалады, тек 10-13 жас аралығында біраз тежелуді көруге болады. Ересектерде зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануы аса өзгеріске ұшырамайды. Зейін көлемі, аударылуы, таңдамалылығы 18-ден 33 жасқа дейін өседі, 34 жастан зейін қызметінің тұрақталуы байқалады, ал кейінгі жылдары, 38, 41, 44 жаста, кему мен өсу алмаса жалғасады.
Зейін – жаттықтыруға болатын процесстердің бірі. Жүйелі әрі арнайы жаттығулар арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің сапасын елеулі жетілдіруге болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты.