Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік кұбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершілігінің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Тар мағынада мемлекеттің жасалғанқұқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіру деп тұрады.
Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни, құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттіккүштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады [12, 55-58 б.].
Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңдакөрсетілгсн айыппұлды төлеп, шығынды қалыпша келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана, жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлыманық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік құнттау арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады. Заңды жауапкершілік бірқатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Кінәлі әрекетүшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзінбасқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Заңдылық қағидасы. Бұл кағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталынып отырып, бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды пайда болып табылады.
Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:
— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;
— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;
— бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;
— жауапкершіліктің деңгейіжасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
— жауапкершілік бұзылған құқық пенкелтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.
Мақсатқа сәйкестілік қағидасы.Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуінталап етеді:
— Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
— Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
— Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:
— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
— құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
— құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды [13, 41-49 б.].
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизмінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның катысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы [14, 156-162 б.].
Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның ішінде және заңдылық жүзінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Сонымен заңды жауапкершіліктің функциялары:
1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.
2. Бұзылған құқықты калпына келтіру азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құқықты қалпына келтіреді.
3. Тәрбиелік азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге баулиды.
Заңды жауапкершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрбіріне өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі болады.
1) Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:
— Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
— бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;
— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.
2) Қылмыстық және әкімшілік құқықтық; жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік, жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.
3) Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге түлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.
Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құкық нормаларын өз еріктерімен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің кажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пеп құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде өндіре білу болып табылады.
Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғарғы деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Заңды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібін, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық тек соттық тәртіпте іске асады.
Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян заңды деп танылады:
— Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.
— Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлдеқайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсызайдап кету т.с.с).
Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктітағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
Сонымен құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?
Құқық бұзушылықты болдырмаудың; бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқықтық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады