Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы

  1. Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері.

Бұл бөлімде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың мүлік салығын бөлек-бөлек қарастырамыз.

               Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.

Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.

Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді.

Мүлік салығын төлеушілер:

1)      Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық

жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар.

2)      Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық

салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

3)      Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық

бөлімшелері.

4)      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.

Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері

қарастырылған. Мәселен:

  1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мүлік салығын төлеуден босатылады:

  • кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес бюджеттегі ұйымдар;
  • өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мұлік бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, қазақ саңылаулар қоғамы. Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, Орталық комитеті, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);
  • Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес, мүлік салығын төлеуден босатылады:

1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте

пайдаланылмайтын мүлік бойынша коммкрциялық емес ұйымдар;

1)    өндірістіктік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік

бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен салынған өндірістік кәсіпорындар, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қазақ Республикалық ұйымы;

2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

2-3) қызметінің негізгі түрі театр, ойын-сауық және концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

3) Қазақстанның ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;

4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын жедел басқаруға құқығы бар ұйымдар;

5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органымен жасалған келісім шартқа сәйкес салық төлеушілер 5 жылға дейінгі кезеңге мүлік салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Салық төлеушілер (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге міндетті.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды аиқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық есептілігін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен табыс етеді.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есебін салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 1 тамызынан және 1 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.