1 Заңды тұлға институтының дамуында заңды тұлға туралы бірнеше теориялар орын алды. Оған мысал ретінде, «Перонифицировалық мақсат теориясы» (А.Ф. Бринц), «Ұжымдық теория» (С.Н. Братусь), «Мемлекет теориясы» (С.Л. Аскиназий), «Директор теориясы» (Ю.К. Толстой) келтіруге болады.
Сізге жоғарыда көрсетілген теориялардың қайсысы дұрсырақ? Өзіңіздің көзқарасыңызды таладап, көрсетіңіз?
2 Заңды тұлға – азаматтық айналымның негізгі субъектісі, сондай-ақ оның анықтамасын түсіну студенттер үшін қиын. Заңды тұлғаның әр түрлі ұйымдастырушылық – құқықтық нысан арасындағы айырмашылықты түсіну қиынға соғады.
Заңды тұлғаның негізгі белгілерін көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген заңды тұлғаның ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарын белгілеп, әр нысанның келесі белгілерін сипаттап беріңдер:
— құрылудың мақсаты;
— құрылтайшы;
— құрылу тәсілі;
— мүліктің пайда болуы;
— жаңа қатысушылардың қатысу тәртібі;
— борыш бойынша жауапкершілік;
3 1996жылдың 18 қаңтарында Н мұнай компаниясы «Чайка» банкінің акционерлік қоғам нысанында құрылтайшысы болады. Банк мемлекеттік тіркеуден өтіп, ол тек заңды тұлғалармен ғана жұмыс істедйді. 1998жылдың 19 қаңтарында «Чайка» банкі Қазақстанның Орталық банкіне оған жеке тұлғалардан теңге және шетел валютасымен депозит салымдарын қабылдауға құқық беретін лицензияны беруге өтініш береді.
Банктің заңды тұлға ретінде құқық қабілеттілігі қай сәттен бастап пайда болды және қашан тоқтатылуы мүмкін? Банктің жеке тұлғалардан депозит салымдарын қабылдауға құқық қашан пайда болды және тоқтатылуы қашан? Қандай жағдайларда және қай тәптіпте банктің құқығы шектеледі?
4 Заңды тұлғаны құру процедурасы мемлекеттік органдарда міндетті тіркелуін қажет ететіні белгілі. Бірақ кейбір заңды тұлғалар, оған қоса лицензия алуға міндетті болып табылады. Лицензиялауы тиіс қызмет түрлерінің саны бірте – бірте көбеюде.
Сіздің пікіріңізше, төменде келтірілген қандай қызмет түрі лицензиялауы тиіс?
— су көліктермен тасымалданатын жүк;
— су астындағы жұмыстар;
— тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу;
— ветериналық қызмет;
— кино фильмдерді жаппай көрсету қызмет;
— риэлотрлық қызмет;
— шығармашылық қызмет;
— лизинг;
— бланктер мен баспасөзді дайындау бойынша қызмет;
— радиохабарлар.
5 Лизензияның бағасын белгілеудің тәртібі бар ма? Сіздің ойыңызша, заңды тұлға қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын болса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?
6 90жылдың басында несие мекемелерімен жасалған сәтсіз ақшалай операциялардың нәтижесінде Қазақстан халқы қаржылық жағдайға ұшырап қалады. Ақшаны процентке берудің мақсаты, бұл оны инфляция нәтижесінен сақтап қалу болады. Бірақ ақша салымдары қайтарылған жоқ. Мемлекет несие ұйымдарының қызметін заңдастырғанымен, халыққа олардың шығындарын қайтармады.
Сіздің ойыңызша жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты заңды тұлғаны рәсімдеудің кепілдігі жүзеге асырыла ма? Сіздің пікіріңізше әділетсіздік жағдайы орын алды ма?
7 Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары мыналар: шарттар, жарғы, ережелер. ҚРАК 41,58, 87, 97 баптарын оқып, мынаны құрастырыңдар:
Шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив және акционерлік қоғамның құрылтай шартарының схемасы;
Шаруашылық серіктестік, өндірістік кооеператив және акционерлік қоғам жарғысының схемасы
Жарғы және құрылтай шартның мазмұны арасында айырмашылықтар қандай
8 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құқықтың мына субъектілері туралы айтылған жоқ, бұл банктер, биржалар, холдиттер, комерциялық емес серіктес. Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржылық – өнеркәсіптік топтар, қазына кәсіпорындар және қайырымдылық ұйымдар туралы аз айтылған.
Сіздің ойыңызша, неге? Жоғарыда аталған субъектілердің қызметі қандай номативті актілермен реттелуі тиіс? Сіздің ойыңызша банк, бұл кәсіпорын ба, әлде мекеме ме? «Банк» және «несие мекемесі» ұғымдарын қалай түсінесіз?
9 Әр мемлекеттерде қор биржалар саны әр түрлі. Франция және Швецияда бір қор биржасы бар, ал АҚШ, Германияда бір ірі және бірнеше ұсақ биржалар бар. Шет елдерде бұндай биржаларды құрылтайшысы мемлекет немесе жеке кәсіпорын бола алады. Ресейдегі қор биржалры 1996жылдың 12 қаңтардан «Коммерциялық емес серіктес ұйымдар туралы» заңына сәйкес коммерциялық емес серіктес нысанында құрылды. Ал Қазақстанның заңнамасында бұл мәселе қалай шешіледі?
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы қор биржалардың ұйымдастырушысы кім? Оларды ұйысдастырушыларына ерекше талаптар қойыла ма? Коммерциялық емес серіктестікті қалай түсінуге болады.
10 Телевизор шығаратын Алматылық зауыт «Алтын» деген коммерциялық банктің құрылтайшысы болады. Екі жыл өткен соң «Алтын» Ақтау қаласында және Семей қаласында филиялдарын ашады. Банк өкілдігі және оның филиялы қандай қызмет атқаруы тиіс. Банк өкілдігі және филиялы қандай құжаттар негізінде қызмет атқара алады? «Алтын» банктің өкілі және филиалы заңды тұлға бола ала ма?