Колумб жаңа жерлерді ашқаннан соң испандықтар португальдықтардың қауіпті бақталастарына айналды. Қақтығыстың алдын алу үшін папаның делдалдығымен жүргізілген ұзақ келіс сөздердің нәтижесінде 1494 жылы Тордисильясе қаласында келісім жасалынды. Бұл келісім бойынша полюстен полюске шейін шекара белгіленді. Келісім бойынша осы шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын аймақтар испандықтардың, ал шығысқа қарай ашылатындары португальдықтардың иелігіне жататын болды. Шек қоюшылық тек Атлантика мұхиты бойынша ғана жүргізілінді . Ал мұның өзі кейіннен, испандықтар шығыстан, ал португальдықтар батыстан келіп, Молуккалық аралдарда кездескенде олардың қақтығысып қалуына әкеліп соқтырды.
Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға баратын теңіз жолдарын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497 жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко до Гаманы қойды (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 июльде Лиссабонннан шағын — шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты. Экспедицияның қолына сол кездерге сәйкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялық аспаптар берілді. Васко до Гама Жыл мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай ойыса отырып, оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын жерден өтіп кетті.
Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткеннен соң ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы белгісіне келіп жетті (1497 жылғы 16 декабрь). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жол тап болды. 1498 жылы 1 мартта португальдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өз ара жауласушы шейхтардың қол астындағы араб қоныстары басталды. Малинди қаласында Васко да гама өз қол астына лоцмандыққа сол кездегі ең тәжірбиелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн-Маджидті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар дәл және толық суреттерін (Лоции деп аталатын) өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірбиесі жағынан Ибн — Маджид тіпті португальдықтар тәрізді европалық тамаша теңізшілерден де асып түсетін-ді. Бір жарым айдан соң (1498 жылғы 20 май) Ибн — Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут қаласына жеткізді. Теңізбен Индияға сапар шегу он айдан астам уақыт алды. Васко да Гама жергілікті Раджімен тіл табысып, келісім жасады. Бір жылдан соң, 1499 жылдың июлінде екі кемесінен және эскадра командасының жартысынан астамынан айырылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамдарды артып Лиссабонға қайтып келді.(4-46 б. )