Халықтың өмір сүру деңгейі курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе……..3

1. Халықтың өмір сүру деңгейі………..4-15
1.1 Халықтың өмір сүру деңгейін және кедейшілікпен күрес түсінігі,теориясы………4
1.2 Халықтың материялдық әл-ауқатты………7
1.3 Қазакстандағы демографиялық ахуал………11

2. Қазіргі кедейшілік жағдай……..16-23
2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік бейіні………16
2.2 Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекетпен реттеу…..18
2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық даму көрсеткіші……21

Қорытынды……24

Қолданылған әдебиеттер тізімі..…27

Кіріспе                                                 

Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.

Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының  экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.

«Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. 2009 жылдың 1қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар — 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған.

Кедейлік бейiнi –   кедейлiктiң  барынша  айқын    көрiнiстерiнiң  сандық          және сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен
сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды.Кедейлiк — бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарынiске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.

Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады.

Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сонымен қатар Қарағанды облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің маңызды болжамы әлемдік экономикадағы жағдай есебімен Ортамерзімдік жоспарда анықталған.

курстық жұмыс / 27 бет