ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІК САЛАСЫ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
1.2 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, оның ерекшеліктері
1.3 Әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда көліктік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
2 ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Көлік түрлері бойынша саланың даму ерекшеліктері
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕ КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Көлік саласын дамытудағы іс- шаралар
3.2 Транзиттік әлеуетті пайдалану жолдары
3.3 Халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар мен негізгі бағыттар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

«Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында Мемлекет басшысы мынадай міндет қойды:

«Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болып табылады, ол бізден еліміздің бүкіл көлік инфрақұрылымын озыңқы дамытуды талап етеді».

Еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Қазақстандық көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Көліктің тиімді дамуы ел экономикасына, сауданың өсуіне, құрылымдағы көлік шығынының үлесін төмендетуге едәуір ықпал етеді.

Әлемде аумағы бойынша 9-орын алатын Қазақстан үшін жүк тасымалы ғана емес, өңірлердің дамуы да, әлеуметтік проблемалардың шешімін табуы да көлікке байланысты.

Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жетілдіру елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Жалпы көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы өскелең сұранысты қанағаттандырды. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде: жолаушылар тасымалы 2,4 есе, жүк тасымалы 1,5 есе, жүк айналымы 2 есе, жолаушылар айналымы 2,5 есе ұлғайды.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық туристік нарықтағы қазіргі уақыттағы жағдай туризм инфрақұрылымын дамыту, олардың ерекшеліктерін анықтауды талап етеді.

Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер, Л. Берри,  Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б.

Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н. Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады.

Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н. Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х. Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-экономистердің еңбектерінде орын алған.

Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық зерттелмегендігі ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: халықаралық туризмде көліктің рөлін және оның дамуын зерттеу, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Міндеттері:

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

— халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, оның ерекшеліктерін сипаттау;

— Қазақстанда туризмнің дамуын ашу;

— әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда  көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайын  қарастыру;

— көлік түрлері бойынша саланың дамуына  талдау;

— саланы дамытуды мемлекеттік реттеудегі қолданыстағы саясатты талдау;

— көліктің экономикалық саясатының халықаралық тәжірибесін сипаттау;

— көлік саласын дамытудағы іс- шараларын ұсыну;

— транзиттік әлеуетті пайдалану негіздерін қарастыру;

— халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде туризмдегі көлік инфрақұрылымы алынды.

Зерттеу пәні – халықаралық туризмде көлік қызметін жүзеге асыруында туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-қатынастар жиынтығы.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың туризмдегі еңбектері, туризм және көлік мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.

Ғылыми жұмыста талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау, экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 8 бөлімшеден, 34  бет компьютермен терілген беттен, 10-кесте, 8-суреттен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 Курстық жұмыс / 35 бет