Халықаралық қарттар жылы туралы қазақша реферат
Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 1999 жылды «Бүкіл ұрпақтар қоғамына» деген девизбен Халықаралық қарттар жылы деп жариялауына байланысты, сондай-ақ оны өткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Қоса беріліп отырған Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу бағдарламасы бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері
Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу бағдарламасының іске асырылуы туралы 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3.Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1999 жылға арналған бюджетті жасау кезінде осы мақсаттарға қаржы көздесін.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 18 қарашадағы
№ 1174 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
№ р/с |
Іс-шаралар атауы |
Мерзімі |
Жауапты атқарушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
«Бүкіл ұрпақтар қоғамына» деген девизбен Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу жөнінде облыстарда, аудандар мен қалаларда мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен аймақтық комитеттер құру. Комитеттерді басқару облыс, қала, аудан әкімдеріне жүктелсін, орынбасарлары етіп ардагерлер қоғамдық ұйымдарының басшыларын тағайындау. | 1998 жылдың 1 желтоқсаны-на дейін | Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыс, қала, аудандардың әкімдері |
2. |
Облыстар, қалалар, аудандардың әкімдеріне Халықаралық қарттар жылына әзірлік және оны өткізу жөніндегі аймақтық бағдарламаларды, қарт адамдардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеуді тапсыру. | 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін | Облыс, қала, аудандардың әкімдері |
3. |
Халықаралық қарттар жылына арналған Республикалық, аймақтық жиналыстарды өткізу. | 1999 жылдың 1 қазанына дейін | Ардагерлер ұйымдарының орталық кеңесі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі |
4. |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметкөрсетуге және өзге адамдардың көмегіне мұқтаж жалғызілікті жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлердің әлеуметтік көмекпен толық қамтылуын қамтамасыз ету.Қиын жағдайға душар болған, әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж азаматтардың тіршілік әрекетін уақытша қолдауға бағытталған кезек күттірмес шараларды жүзеге асыру үшін қолданылып жүрген әлеуметтік көмек бөлімдерінің базасында үйге жедел әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру. | Ұдайы | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыс, қала, аудандардың әкімдері |
5. |
Қарт адамдарға көмек көрсету жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасуды жолға қою | —»— | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп |
6. |
Жоғары оқу орындары базасында әлеуметтік қызметші (социономдар) дайындау бойынша әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік менеджмент факультетін ашу мүмкіндігін қарастыру | 1999 жыл | Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі |
7. |
Соғыс, еңбек ардагерлері, жұмысқа қабілетсіз жалғызбасты зейнеткерлерге қажетті қолдау көрсету, олардың мәселелерін шешу мақсатында ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қамқорлық жасау практикасын қайта жаңғырту | Ұдайы | Облыс, қала, аудандар әкімдері, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшылары |
8. |
Бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөзде Халықаралық қарттар жылына әзірлікті және оның өткізілуін кеңінен көрсету ұсынылсын. 1999 жылы қарт адамдар тақырыбына, Қазақстанда барлық ұрпақтар қоғамын құру мәселелерін зерттеуге ерекше назар аудару | —»— | Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары |
9. |
Қарт адамдарға атаулы көмек көрсету үшін аз қамтылған адамдарды қолдау жөніндегі жалпыұлттық қорға қаражат тарту мақсатында телеиарафон өткізу | 1999 жылдың II тоқсаны | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары, облыс, Алматы мен Астана қалаларының әкімдері |
10. |
Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, қоғамдық бірлестіктерімен, тыл еңбеккерлерімен және жастар ұйымдарымен «Ұрпақтар сабақтастығы: нақты өмір шындығы және болашағы» тақырыбына дөңгелек стол өткізу | 1999 жылдың III тоқсаны | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары |
11. |
«Қазақстанның болашағы үшін» деген жастар қозғалысымен бірлесіп қарт адамдарға қамқорлық көмек ұйымдастыру жөнінде «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу | 1999 жылдың II-III тоқсаны | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары |
12. |
Мемлекеттік басқару органдарының, облыстар, қалалар, аудандар әкімдерінің түрлі қоғамдық мәні бар әр түрлі шешімдерді қабылдауы кезінде аға ұрпақ өкілдерінің тәжірибесін, даналығын пайдалануы | Ұдайы | Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері және мемлекеттік басқару органдары |
13. |
Қарт адамдарға көркем, тарихи, ғылыми-көпшілік әдебиетін тарату мақсатында «Жақсы кітап – жан азығы» атты қайырымдылық акциясын өткізу | 1999 жылдың II тоқсаны | Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі |
ЖОСПАР
Кіріспе
I тарау. Қарттар және олардың арасында кездесетін мәселелер
Қартаюдың түрлері және адам жасының бөлінуі
II тарау. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек беру және қамсыздандыру
Әлеуметтік қызметкердің және мекемелердің қарттарға көрсететін әлеуметтік көмегі