Витамин

Витамин туралы қазақша реферат

Витаминдер — бұл әрбір адамның тағамында болуы тиіс өмірлік маңызы бар заттар. «Элигита Азия» ЖШС «WILD» компаниясы шығаратын «В» тобының витаминдерін, сондай-ақ аскорбин қышқылын ұсынады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) — антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.
Бұдан басқа, бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады.Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды. Антототықтырғыштың ет өнімдеріне қосылуы жиналатын нитриттер мен нитраттардың мөлшерін үштен бірге азайтуға мүмкіндік беріп, тұрақты әрі біртегіс тұздалуын қамтамасыз етеді, консервілеу процессін тездетеді.

Түсі ақтан ашық сарыға дейін өзгеретін кристаллды ұнтақ болып табылады.

Қолданылатын саласы: кондитерлік тағамдар, карамель, сағыз, сүт өнімдері, қойыртылған сүт, құрғақ таңғы астар, дән үлпегі, печенье, балық өнімдері, қайта өңделген жеміс пен көкөніс өнімдері, мұздатылған көкөністер мен жемістер, құрғақ картоп, көкөніс пен жеміс консервілері, шарап, шампан, сыра, алкогольсіз сусындар, шырын, минералды су, ет өнімдері, ветчина, ысталған өнімдер, сарделькалар, өңделген ұннан жасалған тағамдар, көпіршікті таблеткалар, татымды заттар концентраттары.
Сондай-ақ косметика мен жануарларға арналған азықтар.

Доз алануы — 0,02% дейін.

Қолданылу әдісі . Шарап, сыра, шырын және алкогольсіз сусындарды өңдеу кезінде аскорбин қышқылы соңғы дайын өнімге қосылады. Ет және шұжық өндірісінде ерітінді түрінде тартылған етке қосылады, ал балық өнімдерін дайындаған уақытта тұздық суға кіреді. Жаңа мұздатылған жемістер мен көкөністерге араластырылған ерітіндісін себу немесе өнімді концентратталған ерітіндінің ішіне салу арқылы өңдейді. Аскорбин қышқылы өнімнің ішінде толығымен ерітілу тиіс. Антитотықтырғыш өнімге неғұрлым ерте қосылған сайын, соғұрлым жоғары нәтиже күтуге болады.

Сақтау шарттары: құрғақ, салқын, жарық түспейтін жерде сақтау қажет.

B тобының витаминдері табиғи ортада әрдайым бірге болатындықтан, осындай жиынтықталған атқа ие болған.
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін ұлпаның тыныс алуына және энергия қуатының шығарылуына қатысады. Ойлау және эмоциялық жүктеме көп түсірілетін, созылмалы аурулармен ауратын қазіргі заманғы адамға В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.

В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет:
Иммунитет жүйесін күшейту
Тұмау және жіті вирустық аурулар

Созылмалы шаршау синдромы
Жүйке жүйесін нығайту
Депрессия
Мазасыздық
Ұйқысыздық

Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік
Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)
Бас ауру
Ұмытшақтық
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі

Гепатиттер
Остеопороз
Қант диабеті
Гипогликемия
Гипотиреоз
Алкоголизм
Анемия
Семіру
Жіті фарингит
Бронхиттер мен пневмониялар
Синусит
Отит
Тері денсаулығын жақсарту
Қызғылт бездер
Себорея дерматиті
Афтозды стоматит
Көру қызметінің жақсаруы

Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау және дене күшіне көп түсетін жүктеме; психоэмоционалдық стресстер; созылмалы және жіті инфекциялық аурулар; екінші рет қайталанған иммунитет тапшылығы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар, монотерапия кезінде В тобы витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.

B тобының витаминдерін ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті оны күн сайын арттырып отыру қажет. Осы витаминдердің күші бәрі алкогольмен, рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады, сол себепті көптеген адамдардың ағзасы осы топтағы витаминдерге тапшы болатыны таң емес.

Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.

Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.