МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы
1.2 Венчурлік бизнестің қызмет атқару механизмдері
1.3 Венчурлік бизнес шетел тәжірибесінде
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері
2.2 Инновациялық жобалар
2.3 Технопарктердің жағдайын талдау
3 ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы – біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады. Осыдан шығатын ендігі мәселе – шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты — Венчурлық бизнес түсінігін талдап, оның еліміздегі даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыста келесі міндеттер анықталған:
• Оңтайлы венчурлық ортаны жасау;
• Венчурлық индустрияның қазақстандық оң тәжірибесін анықтау және тарату;
• Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені тарту;
• Венчурлық нарықтың қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз ету және коммуникативтік алаңды жасау;
• Қазақстанға болуы мүмкін инвесторлар мен технологияларды тарту;
• Венчурлық бизнес компаниялары үшін білікті мамандардың тобын қалып-тастыру
Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз — технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.
Шетел тәжірибесіне келер болсақ, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, бірқатар Еуропа елдерін қарастыруға болады. Бұл елдерде инновация саласына айтарлықтай қаржы бөлінеді. Бұл – ілім-білімге негізделген экономиканы дамытуға ұмтылатын елдердің барынша жоғары технологиялық деңгейіне шығуына мүмкіндік беретін қадамдардың бірі.
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.
Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесін кешенді ілімін зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің шетелдік ғалым-экономистері: Н.Леончев, И.Перлаки, В.Д. Хартман, Э.Мэнсфилд, Р.Фостер, Б. Твисс, И Шумпетер, Э.Роджерем, Ф. Никсон, Б.Санто және басқалары елеулі үлес қосқан. Олардың инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен құралына байланысты қолданған жұмыстарында жалпы ілімдік тұрғыда қарастырған ғылыми еңбектері қызығушылық туғызады.
Отандық ғалым-экономистер А.Қ.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, А.Е.Есентугелов, О.Сабден, Б.Н.Исабеков, Д.Муканов, Т.Исахметов, Р.С.Каренов, С.Шілікбаев, А.Ж.Орманбаев, А.Акчурин, А.Н.Дауренбекова, Н.Урузбаева, О.Қалдыбаев, К.Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Инновация ұғымы зерттеушілердің Ресейлік ғалымдар Н.И.Лапин, Д.В.Соколов, А.Б.Титов, М.М.Шабанованың жұмыстарында принципиалды жаңа немесе венчурлік қызмет негізінде пайда болған модификацияланған жаңалықтарды жасау мен меңгерудің қорытынды нәтижелері негінде инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру жөніндегі, еңбектерінде қарастырған.
Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесі бойынша кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін реттеудің, соның ішінде венчурлік бизнестің тиімді әдістерін зерттеудің ілімдік және тәжірбиелік маңыздылығы, өзектілігі мен зерттелу дәрежесінің нақты экономика саласында индустрия жағдайында қолайлы жағдайды құру үшін жеткілікті болмауы курстық жұмыс тақырыбын, зерттеу мақсаты мен мәселелерін анықтады.
Курстық жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының венчурлық қорлары болып табылады.
Курстық жұмыс / 36 бет