VB 6.0 ортасында Оңтүстік жарық ЖШС жарық қызметін автоматтандыру курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе…… 3

Бағдарламаның  қойылымы ………….. 5

І бөлім. Мәліметтер базасының ауқымдылығы

1.1.  Жарық . Жарық  қызметін автоматтандыру ………… 6

1.2. Мәліметтер базасы жайлы негізгі ұғым ………. 8

1.3. Макростар туралы түсінік …. 10

ІІ бөлім. «Оңтүстік жарық» қосымшасының конструкциясы

2.1 Жарық  қосымшасының алгоритмы ……… 13

2.2. Қосымшаның блок-схемасы ……………… 14

2.3. Қосымшаның процедураларының түсініктемесі ………… 16

2.4. «Оңтүстік жарық» қосымшасының бағдарламалық листінгі …….. 22

Қорытынды  ……….. 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………. 30

Кіріспе

         Қазақстанның қалаларының барлығында жарық қызметтері жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеті қала тұрғындарының жарықпен қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның дамуы мен жарықтың көбейуіне байланысты қазіргі таңда жарық қызметтері автоматтандыруды талап етеді. Заман талабына сай құралдармен, бағдарламалармен жабдықталған жарықтандырушы фирма  иелерінің жұмысы қарқынды жүретіні сөзсіз. Сол себепті мен курстық жобамның тақырыбын осы салаға арнап «Оңтүстік Жарық» деп алдым.

Курстық жобаның негізгі мақсаты жарық  қызметін автоматтандыру болып табылады. Жоба барысында «Оңтсүтік жарық» қосымшасы құрылады. Бұл қосымша мәліметтер қорымен тікелей байланысқан, ақпараттық жинақтауыш болып табылады. Қосымшаның ақпарат көзі ретінде мәліметтер базасы пайдаланылады.

Мәліметтер базасы дегеніміз белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған ақпараттардың  жиынтығы.

Қосымшаның конструкциясы күрделі болғанымен пайдаланушыға түсінікті түрде болуы қажет. Қосымшаның дизайны пайдаланушы жанарына еш әсерін тигізбейді. Ең бастысы қосымшадағы мәліметтер қоры  сырттан келген зиянкестерден сақталған.

Курстық жоба барысында «Оңтүстік жарық» қосымшасының алгоритмінен бастап қосымша жұмыс жасап тұрған күйге дейінгі қосымша құрастырудың барлық сатысы көрсетіледі.

Жобалау барысында сапалы қосымша құру үшін бағдарламалаудың барлық тәсілдері пайдаланылады.

         Курстық жұмыстың мақсаты: Түркістан қаласының жарық көзімен қамтамасыздандыратын «Оңтүстік Жарық» ЖШС өнім берушінің құжымысын  автоматтандыру мақсатында Visual Basic 6.0 бағдарламалау ортасында «Оңтүстік Жарық» қосымшасын құру.

Зерттеу міндеттері:

—         жарық қызметі жұмысының сипаттамасына тоқталу;

—         мәліметтер қорының қызметтері және олардың байланысу әдістерін зерттеу;

—         «Оңтүстік жарық» қосымшасының жасалу технологиясын баяндау.

Зерттеу объектісі: Visual Basic тіліндегі мәліметтер қорымен байланыстыру объектілері, Microsoft Access бағдарламасы.

Зерттеу пәні: Бағдарламалау тілдері 

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік оқулықтар, техникалық журналдар, электрондық оқулықтар, интернет көздері.

Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 30 бет