Вариация көрсеткіштері курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері
1.1 Вариация көрсеткіштері туралы жалпы түсінік
1.2 Вариация көрсеткіштерін есептеу тәсілдері
1.3 Дисперсияның математикалық қасиеттері
ІІ Статистикалық талдауда вариация көрсеткіштерін қолдану
2.1 ҚР бойынша туристік фирмалар жайлы мәліметтерді талдау
2.2 ҚР турфирмалары бойынша талдаудың экономикалық мағынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне статистика проблемасы кіреді.

Себебі, “дұрыс әрі шынайы ақпаратты қайдан алуға болады?” “Статистиканың күнделікті өмірдегі мәні неде?” деген сұрақтар халықтың назарында тұр.

Жалпы, “статистика деген не” деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, статистика-ежелден келе жатқан қоғамдық ғылым. Басқа ғылымдарға қарағанда ерекшелігі- бұл нақты ғылым емес, өйткені статистика қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып келешекке болжау жасайды, мәліметтерді жинағанның өзінде де толық қамтылмауы мүмкін. Алайда статистика шындыққа жақын көрсеткіштерді іздестіреді.

Статистика — мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII
болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.

Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін

Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.

Статистиканың негізгі міндеттері:

  1. қоғамды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  2. әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бақылау;
  3. статистиканың ғылыми және практикалық әдіснамасын жетілдіру;
  4. әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға болжам жасау.

Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.

Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда,бір жағынан,жалпы заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп,дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан,нарықтық экономикадағы жаңа құбылыстарды,процестерді дұрыс бағалап,экономикалық теорияны одан әрі дамытады.Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория,философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді:математика (жоғары математика,ықтималдықтар теориясы және т.б.); салық экономика (қаржы,банк ісін ұйымдастыру,ауылшаруашылық экономикасы,өнеркәсіп экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих,әлеуметтану,саясаттану,демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.

Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен , өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды . Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .

Статистика арқылы біз қоғамдық құбылыстарды зерттеп, оның тенденциясын анықтаймыз, қоғамды шындыққа жақын ақпаратпен қамтамасыз етеміз, болашаққа болжай жасай отырып көптеген қателіктерді болдырмаймыз.

Бұқаралық қоғамдық құбылыстарды зерттегенде олардың жалпы принциптері мен статистикалық әдістері қарастырылады. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық құбылысты қарастырғанда оны әр түрлі көрсеткіштер арқылы бейнелеуге болады. Статистикада көбінесе вариациялық көрсеткіштер қолданылады. Вариация барлық құбылыстарға тән және сол құбылыстың дамуының алғышарты болып саналады. Вариация көрсеткіштері орташа шамаларды толықтырады, вариация шегін анықтайды, құбылыстың біртекті не әртекті екенін анықтайды. Сол себептен статистикалық талдауларда вариациялық көрсеткіштер маңызды рөл атқарады. Сол себептен бұл курстық жұмыстың тақырыбы өзекті деп саналады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты-вариациялық көрсеткіштердің статистикадағы алатын орнын анықтау, вариация көрсеткіштерінің әр түріне жеке-жеке тоқталып өту, әрқайсысын есептеудің тәсілдерімен танысу, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды статистикалық тұрғыдан талдаған кезде бұл көрсеткіштерді дұрыс қолдана білу.

Міндеті-статистиканың қоғамдағы рөлін айқындау үшін студенттерге толықтай мағлұмат беру;берілген мәліметтерді пайдалана отырып есеп шығару арқылы алған білімді практикада қолдануға жаттықтыру; алынған көрсеткіштер арқылы қорытынды жасай алу, экономикалық маңыздылығын анықтай білу.

Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады: теориялық және практикалық бөлім. 1-ші бөлімде вариациялық көрсеткіштер туралы толық мағлұмат берілген. Көрсеткіштерді есептеу тәсілдері, алгоритмі, формулалары толық қамтылған. 2-ші бөлімі ҚР 14 облысы мен ірі қалаларының 2011 жылғы қаңтар-маусым айларындағы туристік фирмалардың жұмыс пен қызметтерінің көлемі жайлы мәліметтер бойынша талдау жасалынған.

Курстық жұмыс көлемі – 24 бет.