Валюта жүйесінің типтері, даму кезеңдері туралы қазақша реферат
Тарихта ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйе типтер қалыптасқан. Бастапқы кезде валюталық экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық қатынастарды пайдалануға және қалыптастыруға, халықаралық айналымды жүзеге асыратын ұлттық жүйе пайда болады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру немесе керісінше жіктеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі, мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады, ол – елдің ақша бірлігі. Ұлттық валюта қолма-қол фомада (банкнота, монета) және қолма-қол емес фомада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер болып табылады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі – ол ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады және сыртқы экономикалық байланыстың жайымен сипатталады. Ұлттық валюта жүйесінің мынадай негізгі элементтері бар. Олар : ұлттық валюта өлшемі, ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталуына, валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы, валюта бағамының тәртібі, валюталық шектеудің болуы не болмауы, валюта курсының құрылуы механизмі, елдің сыртқы есеп айырысу тәртібі, ұлттық валюта рыногы мен алтын рыногының режимі, елдің валюта қатынасын реттеуші ұлттық валюта ұйымдастырылуы. Дүниежүзілік шаруашылықтың және ұлттық валюталық даму негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық келісім – шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастардың екінші типі – дүниежүзілік валюта жүесі болып табылады. Дүниежүзілік валюта жүйесі дегеніміз – халықаралық несие – қаржы институттарымен халықаралық шарт пен мемлекеттік құқық нормаларын біріктіретін, дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұйымдастыру нысаны. Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте – бірте қалыптасу нәтижесінде пайда болып, кейінерек мемлекет аралық келісімдер арқылы заңдастырылған. Оның негізгі міндеті – халықаралық сауда сату процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс — әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарып, өндірістін даму қарқынына, баға саясаты мен жалақыға, халықаралық айырбастың көлеміне әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептеу қатынастарын, қатысушы елдердің ішкі ақша айналымын қамтиді. Оның ішкі және сыртқы жүйелерін әлемдік ақша белгілері байланыстырады. Оның негізгі құрамдас белгілері мен негізгі элементтері: халықаралық төлем құралдарының жинақталуы (ұлттық, шетелдік, ұжымдық халықаралық валюталар) валюталарды айырбастау тәртіптемесі; валюта курсы мен валюталық тепе – теңдік, валютаның айырбасталымдылық шарттары, халықаралық айналымды валюта төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық есеп айырысу нысандарын, дүниежүзілік валюта мен алтын нысандарын тәртіптеу, дүниежүзілік және ұлттық банк мекемелерін құру және мемлекет аралық реттеу институтының статусы – 1994 жылдан Халықаралық валюта қорының болуы. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен ажырамастай байланысты, оларды байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін реттейтін және валюталық саясаииы шоғырландыруға негіз болатын ұлттық банктер болып табылады. Олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықтар олардың элементтерінен байқалады.
Егер дүниежүзілік валюта жүйесі – халықаралық есептеу бірліктеріне негізделген болса, ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға елдің ақша бірлігіне негізделген.
Дүниежілік валютаның негізі резервтік валюталар – басқа елдер үшін валюталық парие мен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, резев құралы және халықаралық төлем қызметін атқаратын, валюталық бағамын реттеу үшін валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын дамыған елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше түрі, категориясы болып табылады. Резервтік валюта мәртебесін алу үшін несиелік – банктің жақсы дамуы, капитал экспорттарында және дүниежүзілік өндірісте билік етуі және халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдылығы мен валюалық шектеудің болмауы қажет.
Резервтік валюта дамыған ел экономикасына сауда және валюталық шектеулердің болмуы және осы валюталық тұрақтылығы мен девальвация жүргізбеуі сияқты белгілі бір міндеттемелерді жүктейді. Халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу және валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу үшін шартты бірлік ретінде халықаралық есептік ақша бірлігі қолданылады. Қазіргі уақытта қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде ЭКЮ (Еуропа валюта бірлігі) және СДР (арнайы қарыз алу құқығы) қызмет етеді. ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында және СДР – Халықаралық валюталық қорда қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен пайдаланылады. Олардың шартты құны 1973 жылдан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерде және валюталардың орташа құнын, бағамдарын өлщеу арқылы есептелінеді. Осы топтағы валюталар саны, олардың валюталық компоненттері мен құрамы орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты, ол оның құны топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құның саласына байланысты белгіленеді. 1991 жылғы жағдай бойынша валюталық « қоржын « 5 валютадан : АҚШ – 40 % , неміс маркасы — 21%, Жапон йені — 17%, Француз франкі — 11% және фунт стерменгтен — 11% тұрады. Валюталық жүйенің еклксі бір элементін – валюталардың конвирсиялау дәрежесін сипаттайды. Ол елдің эконмикалық, валюталық жағдайларына байланысты анықталады және басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталардан тұрады. Валюталық жүйеде валюталық бағамның негізі болып заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіретін – валюталық паритет ажыратылады. Ол халықаралық валюта қатынасиары бойынша СДР негізінде белгіленеді. Валюталық жүйенің тағы бір элементі – жекелеген елдің немесе елдердің төлем қабілетін көрсететін және халықаралық ақшалай міндеттер мен талаптарды мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін – халықаралық өтімділік болып табылады. Оның құрамына алтын, шетел валютасы, халықаралық валюталық қатынастағы резервтік, СДР және ЭКО – дағы шоттар кіреді. Жаңа валюталық орталықтың құрылуы және оның дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына кіру аймақтық валюталық жүйенің пайда болуына себеп болады. Аймақтық валюталық жүйе дегеніміз ( ЕВЖ 1979 ) – бір аймақтағы бірқатар елдің валюта саласындағы қатынастардың ұйымдық экономикалық нысаны және дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған « Жалпы нарық « одағындағы мемлекеттердің валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ ( ЕО ) құру, ынтымақтастық процесін ынтыландыру және Батыс Еуропаның позициясын күшейту болып табылады.
Валюталық жүйенің даму кезеңдері халықаралық еңбек бөлінісің, өндіріснің, дүниежүзілік нарықтың, шаруашылықтың дамуымен тығыз байланыста.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монеталы стандарт негізінде құрылады. 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындап, мемлет аралық келісіммен заңды түрде рәсімделеді. Алтын сиандартты өндірісті, сыртқы эклномикалық байланыстарды, халықаралық есеп айырысулар мен ақша айналысын реттеуші ретінде бір қызмет атқарады. Уақыт өте келе ол дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына сәйкес келмей, 1914 жылы валюталық шектеу енгізілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағадрысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқты. Ол 1922 жылы Генуэз (Генуя) конференциясындағы мемлекет аралық келісіммен құрылды. Онда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды, ол бойынша банкноталар алтынға емес, вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталады. Девиз деген – кез келген формадағы шетел валютасы ( доллар, фунт сиерминг, т.б ) . Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резерфтік валюта статусы ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунд стерлинг мен американдық доллары осы атақты бірінші болып алуға таласып жатты.
Үшініш дүниежүзілк валюта жүйесі 1944 жылы 22 мауысымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллармен фунд стерлинг қабылданып, алғы резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Конференцияға 44 ел қатысып, Халықаралық Валюта қоры жарғысы белгіленеді. Бреттон-Вудс бойынша алтынды пайдаланудың 4 негізгі формасы: валюталардың алтындық паритеті және олардың халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал мен халықаралық валюта өтімділігінің компоненті қарастырылды.алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітіліп, АҚШ долларын алтынға тенестіру, оны шетелдік орталық банктерде 31,1 гр таза алтынға тен функциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылды және іс жүзінде долларлық стандарт орын алды. Бұл конференцияда Бреттон – Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері анықталды. Олар: валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленіп паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты; валюталық шектеу мен валюталық саясат халықарлық келісім-шарттарға бағынды; валюталық бағамдардың режимі белгіленіп,валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Оның негізгі мақсаты – халықаралық валюта қатынасында бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 60 жылдардың аяғында үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі құлдырағаннан кейін төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонгта Ямайка валюта жүйесі деп аталоды және заң жүзінде бекітілген мемлекет аралық принциптерге сүйеніп, жаңа жүйе – көп валюталы стандартты құрды. Ямайка валюта жүйесінің негізгі қағидасы және бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
1.СДР стандарты енгізілді,ел валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Бірақ іс жүзінде долларлық тандалды, өйткені СДР жүйесінде көбірек пайдаланды. СДР әлемдік ақша рөлін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайтып, оның қолдану аясы тек ХВҚ-ның операцияларымен шектелді.СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты.
2. Ямайка валюта жүйесінде алтынның өзінің монеталық қызмет атқарылған заңды түрде тиым салынды: алтындық паритет, ресми баға алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталу тоқтатылды.
3. 1973 жылдан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі пайда болып, валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді.
4. ХВ арқылы мемлекет аралық реттеу күшейді.
Сонымен Ямайка валюта жүйесі басқаларына қарағанда валюта бағамдарының тұрақсыздығы өзінің икемділігімен төлем баланстарын және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тең бейімделді. Сонымен бірге ол біраз келеңсіздіктерді туғызды. Жаңа валюта жүйесін құру негізгі үш кезеңге бөлінеді.олар :
а) жаңа валюталық жүйені құру;
б) жаңа жүйенің қағидаларын іске қосу;
в) дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру болып табылады.
1987 жылдан бастап АҚШ ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолдануда (1USA = 1.9430 DEM). Валюта баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені оның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.
Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бпғалау басымырақ, бұл долларлық халықаралық төмен және резервтік құрал ретінідегі рөлімен түсіндіріледі. Сауда өнеркәсіп клиенттер үшін валюталар бағамы кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-курс немесе кросс-бағам дегеніміз – екі валюта бағамдарының үшінші валюта арақатынастарының ( әдетте АҚШ долларына )
=1.490 швейц франк
=1 АҚШ доллары
=1.6790 ГФР маркасы
бағамымен (банктің валютаны сол бағаммен сатып алуға дайын болуы ) белгілесе де. Сатып алушы бағамынан сатушы бағамы тікелей котировка бойынша әрдайым жоғары болады және олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банк аралық бағамды анықтаудан, тіркеуден баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады жіне сатушы мен сатып алушы бағамымен бекітіледі. Маржа немесе спред ( сатушы және сатып алушы курсьарының арасындағы айырма ) компанияның немесе банктің статусына, мәмім көлеміне, валюталық операцияларға байланысты өзгереді.
ХХ ғасырдың басында дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартты. Олар 1973 жылдан бастап валюталық нарықта сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын « құбылмалы « бағамдарына ауысты. Құбылмалы валюталық бағамдар өзгерістері халықаралық есепте жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар тұғызды. Кейбір мемлекеттерде ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі болады. Мысалы : Бельгияда қаржылық коммерциялық операциялар бойынша екі котировка жүреді. Белгілі тауарларды экспортты қолдау және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін бұл әдіс дамушы елдерде қолданылады. Батыс елдерінде көптеген валюталық бағамдардың индекстері таралған. Валюта нарығында көптеген валюталық котировкалар бірдей өзгеруі мүмкін, сондықтан авлюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін және жеке ақша бірліктерінің басқаларымен салыстырғанда арзандату ( қымбаттату ) дәрежесін анықтау үшін арнайы индекстерр есептеледі. Валюталық « қоржындар « арнайы индекстер негізінде болады және тиімді валюта бағамдардың индексі болып табылады. Ол 18 валютадан тұрады, төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне байланысты құрады. Көбінесе валюталық бағам индекстері ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, тауарлардың бәсекелестік қабілеттеріне әсер ету және елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Көбінесе валюта ағымдарын талдау кезінде номиналды және нақты валюталық ағымдар индексі, оның ішіндегі нақтысы валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады. Нақты валюта бағамының индексі бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді ( себебі ол инфляциямен байланысты ) сәйкес келетін екі елдің ішікі бағаларындағы өзгерістерге түзетілген валюта бағамының индексін білідіреді.
Жалпы халықаралық валюта нарығында бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Экспорттаушылар бағасы орташа әлемдік бағадан төлем тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшінт ұмтылады. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі оған тиімді, себебеі экспорттаушы қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Ал импотртшылар бұл тұста ұтылады, себебі валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі.
Ұлттық валютаның котировкасы төмендегенде онымен көрсетілген сыртқы қарыз да төмендейді, бірақ шетел валютасымен көрсетілген сыртқы қарыз өседі. Валюта бағамының ауытқуы салдары елдің валюта – экономикалық, экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады. Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді.