Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі туралы қазақша реферат
Валеология – адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын тілінен аударғанда » денсаушылық » немесе » сау болу » деп аударылады. Яғни, валеология пәнінде оқылатын сала адам денсаулығы болып табылады. Валелогия интерактивті ғылым, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология ғылымдарының негізінде пайда болған. Бұл ғылымның негізін қалаушы И.И.Брехманның басты қосқан үлесі, ол »денсаулық» түсінігіне деген жаңа көзқарасын білдіре білгендігі.
Валеология ғылымы бос қиялдан пайда болған жоқ. Валеологияның тамыры мыңдаған жылдарға созылып жатыр. Оның элементтерін империялық ежелгі халықтарда, антикалық рәсімдерден, ортағасырлық схоластикадан, біздің планетамыздағы философиялық, діни және ғылыми мектептерінде кездестіре аламыз.
Валеологияны және оның ғылыми концепциясын жасауға көптеген клиникалық медицина, физиологиялық, гигиена, генетика және т.с.с. өзге де салалардан көптеген ғалымдар ат салыса қатысты.
Адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі аурулармен күресумен өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу арқылы ғылыми және халық медицинасын дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина денсаулық дегенді тәндік саулық ретінде қабылдап, көбіне көңілді ауру себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.
Егер де медицина адам ағзасын аурудан сауықтыру үшін емдейтін болса, валеология денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйретеді, яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызады.
Яғни, валеология денсаулықтың механизмдерін тануға мүмкіндік береді, денсаулықтың ауытқуын ерте анықтайды, әлі ауру белгілері байқалмай тұрып, ол ағзаның сақталу мүмкіндіктерін қарастырады, алдын алады. Сонымен, валеологияны онтогенезде адамның денсаулығын сақтап күшейту жайлы ғылым деп те санайды. Бұл дұрыс ұғым емес. Себебі, ауруға шалдыққан адамдар да денсаулығын сақтап, нығайтуы қажет.
Валеология термині қазір баршаға таныс. Бірақ та оның шығу тегі, тарихы, ғылыми жетістіктері және мақсаты мен міндеттері жайлы әркім біле бермейді. Сонымен қатар, қазіргі өмірдің өзі валеологияның дамып өркендеуіне себептер мен мүмкіндіктер туғызып отыр.
Профессор Г.К.Зайцевтің анықтамасы бойынша, валеология дегеніміз адамның өмір салтын сауықтыру арқылы адамның денсаулығын басқару.
Валелогия – салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке тәжірибе мен Қазақстан Рсепубликасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.
Дүниежүзіілк денсаулық сақтау ұйымының » Денсаулық баршаға » бағдарламасы бойынша денсаулықты нығайту мәселелеріне байланысты сұрақтардың шешімін үйден, мектептен, өндірістер мен мекемелерден, яғни, адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.
Қазіргі күнде біздің мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы әлі дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жас өспірім балалар. Бұндай қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Валеологиялық білімнің аяқтануына негізінен кедергі туғызатын валеологиялық концептуалды негіздердің аталуының әртектілігі. Білім беру бағдарламаларына вариативтілігі көп дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер етті деп айта алмаймыз. Кейбір мектептке дейінгі мекемелерде, жалпы білім береті мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін арнайы маманданған беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі бұзылады. Қалыпьасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізеді. Оқу құралы ретінде оқу әдістемелік кеңестердің экспертизасынан өтпеген, апробацияланбаған әдебиеттер білім беру барысында жиі қолданылады.
Валеологиялық білім беруде мұндай қарым – қатынас нәтижесінде валеология оппоненттерінің сын – ескертпелеріне жол берілуде.
Кез – келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзәндәк реттеу және т.с.с. валеологиялық өзекті мәселелердің паллиативті шешімі болып табылады. Мұның барлығы валеологиялық білім беру аспектілерін кешенді түрде оқу кезінде қалыптасуы керек. Валеологияның дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру стратегиясын жасау үшін негізгі арнайы жолдар, түсініктер, анықтамалвһар мен критерийлер қалыптастыру керек.
Әлеуметтік гигиенаға тән салауатты өмір салты мен денсаулықтың алғы шарттары практикада қолданылуда.
Қазіргі уақытта Салауатты Өмір Сүру Салтын Қалыптастыру Проблемаларын Ұйымдастыру Орталығы салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық кезеңдеріне сәйкес критерийлері жасалуда. Жаңа критерийлерді дәрігерлер, педагог – валеологтар, социал – гигиенистер, биологтар, психологтар және т.с.с. жасаулары керек.
Валеологияны медициналық және педагогикалық деп бөлуді шартты деп қабылдау керек, бұл педагогика мен профилактикалық медицинаның бірігуінен туған. Валеологиялық білім беруде педагогикалық қадам ерекше орын алады, оған валеологиялық білім беру ерекшеліктері барысында интерактивті әдістерді қолдану жатады. Валеология ғылымының дамуы салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мемлекеттің саясаттың бір бөлігі болуы керек, ол ұлттық генофондтың бұзылуының алдын алады, адамның адамгершілік физикалық, психикалық, соматикалық және репродуктивті мүмкіндіктерін арттырады.
Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет білім беру жүйесінің педагог мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман баланың, жасөспірімнің бойында қажетті мотивацияны ұялатады, ол күнделікті қажеттіліктерден тұрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер молынан туындайды.
Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім болды, бірақ та дұрыс өмір сүру қалпы жайлы білім әр түрлі халықтың дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ.
Жоғарыда айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні адам денсаулығы болып табылады. Сондықтан да денсаулық түсінігні анықталмай, валеология ғылым ретінде, сонымен қатар, профилактикалық медицицнада тіршілік ете алмайды. Көптеген, 600- ден астам ғалымдар денсаулық ұғымына анықтама бермекші болған. ДДСҰ – ның берген анықтамасына 50 жылдан астам уақыт өтті, ол да дәл емес және оның үстіне ол ескірген анықтама. Мысалы, профессор А.А.Остроумовтың айтуынша, «денсаулық – ортаның талабы мен ағза күшінің арасындағы тепе – теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда келесі анықтаманы береді, »денсаулық – бұл ағзаның табиғи күйі, барлық мүшелер мен жүйелердің гармоникалық түрде әсерлесуі және қоршаған ортамен динамикалық түрде тепе- теңдікте болуы».
Подфизиологтардың айтуынша, » денсаулық түрлі қоғамдық және еңбек іс әрекеттеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін тіршілік».
Профессор В.П.Казначеев айтуынша, »денсаулық дегеніміз биологиялық және физиологиялық функциялардың сақталып дамуы, максималды түрде тіршілік ету барысында адамның оптималды еңбекке және әлеуметтік белсенділікке ие болуы».
» Денсаулық өлшемі» деген методологиялық ұғымында профессор А.Г.Шедрина (Новосибирск қаласынан) денсаулыққа келесідей анықтама береді: “ денсаулық – бұл біртұтас, көпқырлы динамикалық күй, позитивті және негативті жақтарды қосатын, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында генетикалық потенциалды жүзеге асыру кезәнде дамитын және әрбір адамға өзінің биологиялық және әлеуметтік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күй”.
Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов (Санк – Петербург қаласынан) мына нәрсеге ерекше көңіл бөледі: » адам денсаулығы ол тіршілік ету күйінің үздіксіз жалғасуы, бұл кезде ағза өзін — өзі реттеп отырады, гомеостазға қолдау көрсетеді, соматикалық және психикалық статусты өз — өзінен жетілдіреді, мүшелер мен жүйелері оңтайлы қарым – қатынаста болады, қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді, әр түрлі биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау кезінде фенотиптік талаптарға сәйкес резервті компенсаторлы механизмдер пайдаланылады. Жоғарыда аталған белгілердің кез – келгенінің болмауы жартылай немесе түгелдей денсаулықтың бұзылғандығының белгісі. Толық денсаулықты жоғалту өлімге тең».
Өзінің көлемділігі мен күрделілігіне қармастан бұл анықтама денсаулық ұғымына толық объективті түсінік береді. Қазіргі кезде денсаулық жүйесін қалыптастырмай тіршілік ету мүмкін емес, ауруды анықтау мен емдеуге негіделген денсаулық сақтау ұйымы және индивидтік денсаулығын қалыптастыруға дәрменсіз болып, олардың бойында өз денсаулығына деген немқұрайлықты қалыптастырады. Медицинаның қай – қайсысы да білім берудің орнын толтыра алмайды, ауруды қалыптастыру оңай, емдеу қиын. Егер де білім берудің мақсаты адамды дамыту болса, қазігі жағдайда білім беру мен тәрбиелеудің басты бағыты ол салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен нығайтуға үйрету.