Валеология бойынша бағдарламаны енгізу туралы қазақша реферат
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бірі балалар мен жасөспірімдерге үздіксіз білім беру барысында валеологияны оқыту, яғни, валеологиялық білім беру болып табылады. 1998 жылы Мәдениет, білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша валеология бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына 1998-1999 оқу жылдарында енгізіле бастады. Кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде валеология бағдарламасы 3,5 млн оқушыларға оқытылуда
— 91,6%, мектепке дейінгі балалар бақшасында
— 96,3%, орта арнайы білім беретін орындарда — 76,2% және жоғарғы оқу орындарында -69,3% оқытылуда.
Республика мектептеріндегі сараптама зерттеу жұмыстарының көрсетіп отырғанындай, оқушылардың жеке бас гигиенасына байланысты ауруларының алдын алу 1998 жылға қарағанда 34%-ға өскен, СӨС нормалары мен ережелерін орындау 60% өскен, дене шынықгыру 18% өскен, шылым шегушілердің саны 20% азайған, спирттік ішімдік ішетіңдердің саны 5%-ке азайған, ал ЖЖБА жөнінде және олардың алдын алу жайлы білімдері 52% артқан. Кейбір аймақтарда оқушылар арасында сары ауру сырқатымен ауыратын адамдардың саны 10%-ға төмендеген (Ақтөбе, Ақмола, Павлодар), асқазан, ішек қарын және тыныс жолы ауруларымен ауыратын адамдардың саны 18% төмендеген (Жамбыл, Батыс Казақстан). СӨСҚ мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейі 65% артқан; дене шынықгыру белсенділігі 3 есеге; ЖЖБИ және ЖТИС алдын алу 45% артқан; спирттік ішімдік пен темекі тартудың зияндылығы жайлы білімдері 30% артқан. Бағдарламаны одан әрі жетілдіре енгізу үшін білім беру бойынша бағдарламалардың Республикалық координациялық кеңесі құрылды, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігінің техникалық қолдауымен оқу құралдары мен 1-4 сыныптарга оқубағдарламалары жасалды.
2003 жылы СӨСҚПҰО ҚР Білім және Ғылым Министрлігімен және Алматы калалық білім департаментімен біріге отырып, «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру процесіндегі мектеп психологиясы» атты тұңғыш жобасын енгізе бастады.