В.Г. Фесенков 1889 ж. 13 қаңтарда Новочеркасск қаласында математика және физика пәндер мұғалімі жанұясында дүниеге келді. Оның балалық шағы Ростов-на-Дону қасындағы қалашықта, дон казактары жанында өтті. В.Г. Фесенков бала кезінде далада көп уақыт өткізген, дені сау, мықты бала болып өскен. Көп ауырмайтын, әке-шешесінің мақтанышы болды.
Новочеркасск училищесінде оқығанда, оны ғылыми сабақтар қызықтырды, онымен қоса ол барлық сабақтарды жақсы оқыды. Астрономияны ол мектеп кезінен қызығушылықпен оқыды. Өзі телескоп жасап, үйінің шатырынан бақылаулар жүргізді. Ол 1906 ж. осы телескоптың көмегімен Финлея кометасын анықтады. Ол Нижегородскийдегі астрономиялық күнтізбе жасайтын астрономия үйірмесі мүшелерімен байланыс ұстады.
1907 ж. В.Г. Фесенков училищені бітіріп, Харьков университетінің физика-математикалық факультетіне оқуға түсіп, Харьков астрономиялық обсерваториясына жұмысқа кірді. Өзінің бірінші «Күннің параллаксын анықтау әдісі » жұмысын 1908 ж. II курста жасады.
Университеттің II курсында В.Г. Фесенков Морхауз кометасының орбитасын анықтаумен айналысты, ол әлемнің обсерваторияларында жүргізілген бақылауларды қолданды. Бұл жұмыс 8 айдан соң бітті, сөйтіп университеттің алтын медаліне ие болды. Теориялық жұмыстармен қоса, Эртель мен Мерц бақылауларын Харьков обсерваториясында жүргізді. Оның теориялық жұмыстар мен бақылаулар жүргізуі оның өмір бойындағы ғылыми ерекшелігі болды.
Сол кезде Харьков обсерваториясын ашқан В.Я. Струвенің немересі Л.О. Струве болды. Обсерваторияда Н.Н. Евдокимов, И.И. Сикора, Б.И. Кудревич жұмыс істеді, олар астрономиялық зерттеулер жүргізді. Ол кезде Харьков обсерваториясында астрофизикалық жұмыстар жүргізілмеді.
1911 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетін Алтын медальмен бітірді, сөйтіп онда профессор атағына дайындыққа қалдырылды. Бір жылдан соң ол
Парижге Ғылыми квалификациясын жоғарылатуға жіберілді. Ол екі жыл Сорбоннада дәрістер тыңдады, стажер ретінде Париж бен Мон Гро обсерваторияларында жұмыс істеді. Ол атақты ғалымдардың дәрістерін тыңдады: А. Андуай, П. Аппель, Э. Борель, П. Пьеза.
В.Г. Фесенков Парижде классикалық астрометрия мен аспан механикасының жақсы мектебін өтті, дегенмен астрономияның бұл салалары оны қызықтырмады. Оның ұстанған бағыты астрономияның әлі жетілмеген саласы – астрофизика.
В.Г. Фесенков шет елде болғанда, зодиакалды жарықты зерттеуде үлкен жұмыс атқарды. Ол бұл мәселеге фотометрлік жағынан келді, ол жақсы көрінбейтін объектілерді анықтайтын фотометр құрастырды. Ол бұл фотометрді Медон обсерваториясындағы зодиакалды жарық бақылауында қолданды. Алынған нәтижелерді 1914 ж. Париж университетінде қорғаған «Зодиакалды жарық» докторлық диссертациясында қолданды. Оның бұл жұмысы осы күнге дейінгі зодиакалды жарықтың фотометрлік бақылауларына бастау болып келеді.
1914 ж. Франциядан Ресейге оралып, 1915 ж. магистрлік емтихан тапсырып, осы жылы Харьков университетіне приват-доцент болып қабылданды.
1915-1920 жж. В.Г. Фесенков мұғалімдікпен қоса Харьков обсерваториясының астроном-бақылаушысы болды. 1914 ж. тамызында Геническіде күн тұтылуды бақылау экспедициясына қатысты. Ол Жер шарының альбедосын анықтаумен айналысты, ауыспалы жұлдыздардың өзгермелі жылтырын зерттеді, космогонияның кей сұрақтарын қарастырды, планета табиғаты мен Айға байланысты міселелерді қорытындылады. 1916-1919 жж. Цельнер фотометрінің 4-дюймдік комета іздеушімен қосылысының көмегімен бақылаулар жүргізді, кейіннен 90 мен 79,5 градус солтүстік бөлікте 1155 жұлдыздар каталогін құрастырды. Осылай В.Г. Фесенков жұмысының бастапқы жылдарында Харьков обсерваториясындағы астрофизикалық жұмыстар ұйымдастырушысы болды.
1917 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетінде «Юпитер табиғаты туралы» атты магистрлік диссертациясын қорғады, онда осы планетаның физикалық мінездемесі толық суреттелген, экваторлық жылдамдық теориясы игерілген. Осы жылы ол астрофизика курсын оқыды, оған дейін курс Харьков университетінде оқылмаған еді.
1920 ж. В.Г. Фесенков конкурс бойынша Дон политехникалық институтына механика профессоры мен Новочеркасск педагогикалық институтының астрономия профессоры қызметіне өтті. 1920 ж. Харьков университетінде «Күн жүйесінің эволюциясы» атты докторлық диссертациясын ұсынды, бірақ оны қорғай алмады, өйткені ол кезде ғылыми дәрежелер алынып тасталды.
1922 ж. В.Г. Фесенков Мәскеуге көшті. Бұл жақта оның ғылыми және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі жанданды. Ол астрофизикалық орталық жасауға кіріседі. Ол 1921 ж. ашылған Астрофизикалық институт болып табылады. 1923 ж. бұл институтқа мемлекеттік астрофизикалық институт атағы беріледі.
Алғашқы жылдары институт қарамағында Ташкент обсерваториясы Кучино астрономиялық станциясы. В.Г. Фесенков институттың бірінші басшысы болды. Онымен бірге болашақ атақты астрономдар С.В. Орлов, В.А. Костицын, А.А. Михайлов жұмыс істеді. Келесі жылдары институт қызметкерлері қатарына С.К. Всехсвятский, Г.Н. Дубошин, Р.В. Куницкий, Н.Д. Моисеев, Н.Н. Парийский, Е.В. Пясковская, К.Ф. Огородников, К.Н. Шистовский, Б.М. Щиголев кірді.
В.Г. Фесенков ғылыми зерттеулермен айналыса отырып, мұғалім қызметін тоқтатпады. 1933-1948 жж. ол Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде профессор және астрофизика кафедрасының жетекшісі болды. Кафедрада ғылыми жұмыстар ұйымдастырып, оған студенттерді қызықтырды. Ол ешқашан оқушы инициативасын баспай, олардың индивидуалдық қасиеттерін ашуға тырысты. Ол ешқашан студенттер мен қызметкерлер жұмыстарын өз атына жаздырмайтын. Ол өзінің еңбектерін ғана атынан жариялайтын. Оның басшылығымен жүргізілген бақылауларды, ол жұмыстың нәтижелерін қызметкерлер мен студенттердің өздеріне қолданып, жетілдіруін ұсынып, дайын жұмысты кідіріссіз басылымға жіберетін. Бұл нәтижелерді ол өз жұмыстарында да қолданды.
Астрономияның КСРО-да дамуына 1923-1964 жж. В. Г. Фесенков редакторы болған «Астрономия ғылымының жетістіктері» басылып шығуын ұйымдастырды.
В. Г. Фесенков КСРО Ғылым Академиясындағы жұмысқа көп көңіл бөлді. 1927 ж. ол КСРО ҒА корреспондент-мүшесі болып таңдалды, 1935 ж. А. А. Белопольский мен В. И. Вернадский академиктер ұсынысымен оның толық мүшесі болды. 1936-1937 жж. ол КСРО ҒА Астрокеңесінің төрағасы, келесі жылдары мүшесі болды. 1939-1941 жж. КСРО ҒА физика- математикалық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары болды.
1941-1945 жж. КСРО ҒА Президиумын Қазақ ССР-іне эвакуацияланған академиялық мекемелерінде жолдаушысы болды.
ҰОС басында В. Г. Фесенков КСРО ҒА ғылыми мекемелерімен бірге Қазанға эвакуацияланды, кейіннен Алматыға көшті. Бұл жерде ол эвакуацияланған жұмыскерлер мен академия мекемелерін тасымалдау мен орнықтыру жұмыстарын атқарды.
1941 ж. В. Г. Фесенковпен ұйымдастырған Астрономия және Физика Институтының Қазақстан үшін үлкен ролін бағалау өте қиын. Ауыр әскери уақытқа қарамастан институт В. Г. Фесенков басшылығымен үлкен жетістіктерге жетті. Онда әр түрлі зерттеулер жүргізілді, Қазақстанға қажетті ғылыми кадрлар дайындалды. 1950 ж. Институт екі тәуелсіз бөлікке бөлінді: Физикалық және Астрофизикалық ҒА ҚазССР Институттары.
В. Г. Фесенков Астрофизикалық Институтының құрылысына көп күш пен уақыт жұмсады. Құрылысты өзі бақылап, жұмыстың дұрыс жүруін қадағалады. Кешірек ол Үлкен Алматы өзенінің жағалауында Күн коронасын бақылау үшін станция ұйымдастырды. Кавказда обсерватория үшін орын табудағы мақсатпен астрономиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізді. Экспедиция Крестов тауында кең ауқымды бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Осы экспедицияға қажетті құрал-жабдықтарды Лениннің жеке өзінің бұйрығымен берілді.
Келесі жылдары В. Г. Фесенков экспедицияны Одессаға жақын жерде өткізді (Сухой Лиман, 1927), Китаб экспедициясы (1934 ж.), Қарадақ және Алматы маңында Бутаковка аулына (1943-1944 жж.), Лапот тауына, Талғарға жақын жерде (1946 ж.) экспедицияларға шықты. 1947 ж. В. Г. Фесенков Сихотэ-Алинский метеоритінің құлау орнын зерттеу экспедициясын басқарды. 1948 ж. Сары-Ишик-Отрау құмына экспедиция ұйымдастырылды. 1957 ж. жазда Аксенгір ауданына (Алматы обл.) зодиакалды жарықты зерттеу үшін экспедиция жүргізді, ал күзде В. Г. Фесенков Ливия құмында зодиакалды жарықты бақылау үшін Египетке аттанды. Бұл экспедиция 1957 ж. 26 мамырда КСРО Үкіметінің шешімімен, Халықаралық Геофизикалық Комитетінің төрағасы академик И. П. Бардин ұсынысымен ұйымдастырылды.
Египетте бола тұра, В. Г. Фесенков бақылау жұмысынан басқа, Египет ғалымдарымен тығыз байланыс орнатты. Ол Каир Университеті мен Хелуан обсерваториясында бірнеше дәріс оқыды. Онда ол Египет ғалымдарын экспедицияның мақсаты жайлы, КСРО-да планета аралық кеңістіктк зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Тыңдаушыларды бірінші жасанды жер серігі туралы мәліметтер қызықтырды. В. Г. Жергілікті ғалымдар жұмыстарымен, астрономиялық бақылаулар жүргізілетін жерлермен танысты. Оларға зодиакалды жарықты бақылауды кейінде жалғастыруға ұсыныс жасады. Ол үшін Хелуан обсерваториясына экспедицияның электрофотометрі берілді.
В.Г. Фесенков Сихотэ-Алин метеоритінің құлаған жеріне экспедициясына үлкен жұмыс атқарды. Өте ауыр жағдайларда Е. Л. Криновпен бірге Уссурий тайгасында метеориттерді жинау, кратерлерді қазу, орынның теодолиттік суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастырды. Осыдан алған мәліметтер нәтижесінде В. Г. Сихотэ-Алиский метеоритінің орбитасы планета аралық кеңістікте екенін анықтады және жерге дейін ол астероид болғанын көрсетті.
В. Г. Фесенков 1914, 1927, 1936, 1941, 1945 жылдары толық күн тұтылуды бақылған 5 экспедицияға қатысты. Барлық жағдайларда ол нәтижеге жете бермеді. Ауа райы құбылмалы болғандықтан екі рет күн коронасын дұрыс бақылай алмады. Мысалы, 1936 ж. Күн тұтылу кезінде Қостанай аспанын бұлт қаптады, дегенмен В. Г. Фесенков аспанда фотометрлеу арқылы тұтылудың толық фазасының ортасын 1 с дейін дәлдікпен анықтады.
Экспедиция кезінде В. Г. Фесенков жұмыскерлігін, талаптылығын көрсетті. Қандай да болмасын жағдайларда жұмысты дұрыс орындай білді. Ол өз бақылауларының нәтижелерін тез өңдеп, баспаға жіберетін. Мысалы, зодиакалды жарықты түнде бақылап, келесі күні бақылау материалын өңдейтін. Бірнеше бақылаулар жүргізіп, бір аптадан кейін оның қолында дайын нәтижелер болды, оларды кезекті ғылыми жиналыста баяндады не баспаға жіберді. Мысал ретінде Египеттегі зодиакалды жарықты бақылау экспедициясын еске түсірейік. Түнде – бақылау, күндіз — нәтижелерді өңдеу. Осыған орай бағдарламаның соңында-ақ Каир Университетінде баяндама жасады, 1947 ж. мамырында Сихотэ-Алинский метеоритін зерттеу экспедициясынан кейін, ол Уссурий тайгасында жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы 5 мақала жазды. Ол өз уақыты мен күшін дұрыс жұмсап, өзінің оқушыларында солай тәрбиеленеді. « Жұмыс істеу керек, Ай күтпейді! » деген сөздері экспедиция уақытында жиі айтылатын.
В. Г. Фесенков үлкен ғылыми және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, жастарды да тартты. Оның қарамағында өз бетінше жұмыс істей алатын оқушылар болды. Оның басшылығымен әр уақытта А. Б. Северный, Э. Р. Мустель, А. Г. Масевич, Ю. Н. Липский, Г. Ф. Ситник, Д. А. Рожковский, Н. Б. Дивари, Г.М. Идлис, В. И. Мороз, З. В. Карягина және т.б. жұмыс істеді. Ол ондаған аспиранттарды дайындады.
В. Г. Фесенков көпшілікті хабарландырып отыруды дұрыс көрді. Ол өз жұмыстарын журналдарда басып, клубтар мен ұжымдарға дәріс оқитын, ғылымдағы жетістіктер мен жаңалықтарды таныстырды. Еш экспедиция оның жергілікті халық алдында экспедиция мақсаты мен астрономиядан дәріссіз өтпейтін.
В. Г. Фесенков ғалымдармен кездесуге үлкен көңіл бөлді, түрлі конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысты. Оның ғылыми жиналыстарда сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық туғызатын. Ол жаңа зерттеулердің нәтижелерін жақсы біліп, оларды басқаларға да жеткізе алатын, мұны оның баяндамаларынан байқауға болады.
Атақты математик және поляр зерттеушісі – О. Ю. Шмидт, 1944 ж. планетаның жұлдыз аралық шаң материясынан түзілді деген гипотезасын ұсынды. В. Г. Фесенков бұл көзқараспен келіспей, өзінің күн жүйесінің пайда болуын, эволюцияның заңды процессімен еш сыртқы күш әсерінсіз деген оймен сипатталатын ротациондық гипотезасын ұстанды. Бұл гипотезаға В. Г. Фесенков 1919 ж. басталған көп жылғы зерттеулер нәтижесінде келді. Гипотезаға сүйенсек, Күн мен оны қоршаған планеталар газ тұманынан бір уақытта түзілді. Басында барлық планеталар химиялық құрамы бірдей болды. Кейіннен Күнге жақын планеталар бастапқы жеңіл элементтерді (сутегі, гелий) жоғалтты, ал ауыр элементтер сақталды. Күн жүйесінің массивті планеталары бастапқы химиялық құрамын сақтап, қазірде сутегі мен гелийден тұрады. Планеталардың құрылуымен қатар, Күнде өзгеріске ұшырады.
В. Г. Фесенков астероидтар Күн жүйесіндегі бір планетаның жарылу нәтижесінде пайда болды деген көзқарасты ұстанды. Бұл көзқарасты жаңадан алынған мәліметтермен бекітіп отырды, әсіресе Сихотэ-Алинский метеоритін зерттеу жұмысынан алынған мәліметтерді қолданды. Оның зерттеулері бойынша метеориттік заттың құрылысы мен химиялық құрамы, оның массасының ішінде кристалдану арқылы пайда болғанын көрсетеді. Мұндай масса Марс пен Юпитер орбиталарының аралығындағы кезінде орналасқан планетада болуы мүмкін. Гипотетикалық планета жарылып, көптеген майда бөліктерге шашырады. Ірі бөліктері алысқа ұшпай, бастапқы орнында астероидтар белбеуін жасады. Майда бөліктері Күн жүйесінің перифериясында жойылып кетті. Массасы 10^15 бөліктері мыңға жуық астрономиялық бірліктерге қашықтады.
В. Г. Фесенков жұлдыздардың пайда болуы туралы гипотезасын шығарды, олар Ғалам өмірінің әр периодында пайда болып, қазірде газ тұманынан пайда болып жатыр. Пайда болған жұлдыздардың арақашықтығы тұрақты ағыс принципі бойынша анықталады. Жұлдыздар, планеталар сияқты, көрші денелердің ағыс әрекеттері оларды жоя алмайтын жерде орналасады. Массивті жұлдыздардың тез айналуы, олардың тұрақтылығын сақтау үшін, өздерінің массалық бөліктерін планета түзуге материал не жұлдыз серігі ретінде бөліп тастайды. Ғалымдар ротациондық тұрақсыздық принципін космогониялық және космологиялық гипотезаларының бастауы ретінде алды.
Марс пен басқа планеталарда өмір бар деген тұжырым қалыптасты. Г. А. Тихов 40 жылдары Марста өсімдіктер бар деген гипотезасын ұстанды. Ол жер өсімдіктерін зерттеп, олар Марстағы гипотетикалық өсімдіктер аналогі болуы мүмкін. Осы жұмыстардың нәтижесінде Г.А. Тихов ғылымның жаңа саласы – астроботаниканы ашты. В. Г. Фесенков Г. А. Тиховқа қарсы: «Марс пен басқа планеталарда өмір жоқ»,-деді. Екі ғалымның арасында пікірталас туды, бұл үлкен қызығушылық тудырды. Зерттеулер нәтижесінде В. Г. Фесенков расталды, Марста өсімдік жоқ екендігі дәлелденді.
В. Г. Фесенков студент кезінен-ақ зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. Юпитердің көрінетін детальдарын қағаз бетіне түсіруден бастады, ол түрлі факторларды (дифракция, жер атмосферасында жарықтың жұтылуы және т.б.) ескере отырып, планеталардың жоғарғы қабат фотометрия методикасын жасады. 1924 ж. ол Юпитердің ішкі құрылысына теориялық зерттеу жүргізді. Оның қосылуы мен экваторлық жылдамдығын қарастырды. 1952 ж. ол Юпитер сызықтарының пайда болу гипотезасын жасады, ол бойынша планетаның сыртқы бетіндегі заттар конденсациясы әр түрлі сатыларда өтті. Интенсивті турбуленттікке байланысты төменгі саты қабатындағы заттар жоғарғы қабатқа көтеріледі де, атмосфера фонында сызық күйінде бейнеленеді.
1922 ж. В. Г. Фесенков Венера мүйізінің ұзарғанын зерттей келе, оның себебі рефракция емес, планета атмосферасында жарықтың таралуы екенін анықтады.
Самуриды В. Г. Фесенков 1925-1927 жж. Кучинода 7-дюймдік рефрактормен бақылап, дөңгелектің шығыс бөлігі жұлдызды көлемнің 0,1-ге батысынан жарығырақ, ол теориялық көзқарастан көңіл тудырады.
В. Г. Фесенков бірқатар жұмыстарын Марсқа арнады. Марс туралы бар мәліметтерге анализ жасап, 1926 ж. атмосфералық жұтудың әсері мен жарықтың планета дискісі бойымен таралуы жайлы бағалы материалдар алды. Планета дискісіндегі детальдар, арасындағы контрасттың азаю фактісіне сүйене отырып (спектрдің ультрафиолет диапазонында бақылаған), ол осы диапазондағы атмосфера мөлдірлігінің коэффициентін анықтады. Ол дәл есептеулер нәтижесінде Марстың көрінетін дискілердің диаметріне спектрдің әр учаскелерінде әсерін өз бақылау жұмыстарымен салыстыра отырып, дәлелдеді. Бұл планетада таралатын газдық атмосферамен байланысты және ол Марс атмосферасында шаңның болуын анықтады. 1944 ж. В. Г. Фесенков жарықтың Марс дискісімен таралу дәлірек теориясын жасады, теорияны бақылау нәтижелерімен теңестіре отырып, Марс шөлдерінің көрінісі Жер қызыл құмдарына ұқсайтындығын байқады. Марс бетінде температура таралуын бақылап, онда өсімдік болуының мүмкін еместігін анықтады. Мұндай қорытындыға «Өмір факторы » демекші, Марс өсімдікті қажетті Күн энергия мөлшерімен қамти алмайды.
В. Г. Фесенков Марстағы су сұрағын шеше отырып, егер Марста 300 м диаметрден артық ашық су қоймалары болғанда, оларды телескоппен су бетіне түскен Күн жарығынан байқауға болатынын айтты. Ондай жарықтар байқалмағандықтан, ашық су қоймалары жоқ екендігі зерттеулер нәтижесінде дәлелденді.
В. Г. Фесенков Ай гипотетикалық атмосферасын тығыздығын анықтау әдісін ұсынды, ол Ай дискісінің терминаторға жақын, Күн сәулесі тік түспейтін бөліктердің поляризациялану өлшемдері арқылы анықталды. Осы Жер атмосферасынын 10^-6 тығыздығынан артық атмосфера тығыздығын анықтауға мүмкіндік беретін әдісті Ю. Н. Липский пен Б. Лио француз астрофизигі қолданған. В. Г. Фесенков Айды зерттеуді 20 жж. Басында Кучинода Н. М. Штауде мен П. П. Паренагомен бірге бастады. Ташкент обсерваториясында қарапайым астрографымен түсірілген Ай суреттерін қолданып, ол Ай материктерінің Ай фазасына тәуелді жарықтығын анықтайтын эмпирикалық формуланы ашты.
1941 ж. Ай бетінің термиялық қасиеттеріне анализ жасап, В. Г. Фесенков Ай беті қабаттарының қарапайым, жылу өткізу механизмінің қатысы жоқ екенін көрсетіп, бұл қабаттар майдалап бөлінген заттардан тұрады деген қорытынды жасады. Ол осы өте төмен жылу өткізу беткі қабаты Ай түнінде жылу сақталуын қамтамасыздандыратынын айтты.
В. Г. Фесенков Күнді зерттеу үшін көп уақыт жұмсады. 1913 ж. Күннің айналуы мен оның эволюция мәселесі Күн туралы бірінші жұмысы жарияланды. 1934 ж. В.Г. Фесенков Күн дақтары мен факел жарықтығы бойынша температураны анықтау әдісін жасады, олар Күн дискісінің фотосуреттері арқылы анықталды. Кучино обсерваториясында түсірілген суреттерден дақ пен факел температурасы олардың Күн дискісінде орналасуына тәуелсіз екенін көрсетті.
Күн радиациясын зерттеу үшін В. Г. Фесенков бірнеше әдістер ұсынды, оларды Күн дақтарының жарық бөлуін өлшеу, Күн тұрақтылығын, Күннің жұлдызды көлемін анықтады.
Күн коронасын толық Күн тұтылу кезіндегі фотометрлік бақылауларды жетілдіру мақсатында В. Г. Фесенков Жер атмосферасымен шашыратылған коронаның нағыз жарықтығын көрсететін жарықты есептеу әдісін жасады. Бұл бұлдыраулар күн сақинасының жарығымен, Жер атмосферасының көлеңкелі емес бөліктерінде жарықтың таралуымен түсіндіріледі. 1926 ж. Фесенков ұшақтан толық күн тұтылуды бақылап, корона жарықтығын Күннен алыс қашықтықтан анықтау мүмкіндігін корона жарықтығы мен зодиакалды жарықтың арасындағы байланысты орнату мақсатымен қарастырды. Мұндай бақылаулар тек 1941 ж. толық күн тұтылу кезінде жүргізілді. Сафир-Бойе фотокамерасы көмегімен күн дискісі шетінен 8 градус қашықтықта коронаны абсолютті жарықтық бірінші рет өлшеді. Жарықтың таралуы Күннен алшақ жерден күн сақинасы арқылы анықталды. Зодиакалды жарықтың ізі табылмады. Күннің қасында зодиакалды жарық ұшақтан бақылағанда анықталды, онда күн сақинасы мүлдем қатысы болмады. 1914 ж. тұтылу кезінде С. Н. Блажко алған Күн коронасының суреттерін қарап, Фесенков Күн коронасының поляризациялану дәрежесінің бұрыштан тәуелділігін тауып, сфералық симметриялы корона туралы тұжырымды теріс екендігін дәлелдеді. Ол кейбір бақылаушылар шеңбер сақинасы деп атап жүрген затты атмосфералық құбылыс екендігін көрсетті.
1934 ж. Фесенков поляризация дәрежесі мен күн коронасы сәулеленудің поляризация бұрышын анықтау поляроидтың үштік орналасу әдісін ұсынды. Ол бойынша поляроидті осі бойымен 60 градус айналдырып, жазықтығына перпендикуляр интенсивті жарықтың үш өлшемін алу керек болды. Бұл әдіс көп қолданды, коронаның, жұлдыздардың, зодиакалды жарықтың сәулеленуін зерттеу үшін қолданды.
В. Г. Фесенков айналысқан ғылыми мәселелердің ішінен зодиакалды жарықты бөліп көрсеткен жөн. Зодиакалды жарықтың табиғаты қандай? Бақылау үшін қандай құралдарды қолдану керек? Көптеген сұрақтар ғалымды қызықтырды.
Зодиакалды жарықты зерттеу жұмыстарын университетті бітіргеннен кейін бастап (Париж, 1913) , өмір бойы осымен айналысты. Ол зодиакалды жарықтың фотометрлік бақылауларын планета аралық кеңістікте шаң материясының таралуы, шаң бөліктерінің динамикалық қасиеттері, зодиакалды бұлтқа концентрленетін, Жердің жоғарғы атмосферасы туралы қорытындылар жасауда қолданды. Фотометрлерді зодиакалды жарықты бақылау үшін жасап, зодиакалды жарықты Жердің әр түрлі нүктелерінен бақылады, бақылау материалдарын өндіру әдісін шығарды. Әдіс бойынша түнгі аспан жалпы көрініс жарығының оны құрастырушыларға бөлінеді: ионосфералық, атмосфераның жоғарғы қабаттарының өз жарық бөлуімен негізделген; барлық жұлдыздардың жалпы жарығымен анықталатын жұлдыздық; Жер атмосферасында жұтылумен әлсіздендіретін зодиакалды және басқа Жер атмосферасында осы үш бастаудың жарығының таралуының нәтижесінде пайда болатын құрастырушылар. Жүргізілген бақылауларды анализдеп, В. Г. Фесенков мынадай қорытындыға келді: зодиакалды жарықтың басты бөлігі планета аралық кеңістік шаңымен жарық таралуымен негізделеді, эклиптика жазықтығына бағытталған. Ол планета аралық кеңістікте күннен 1 а. ө. Қашықтықта шаң тығыздығын есептеп тапты, сонымен бірге шаңның жалпы массасын Жер массасының 10^-10 жақын екендігін тапты. Шаң бөліктерінің динамикасы жетілдіре зерттелді, ғалым Пойтинг-Робертсон эффектісін анықтауға көп көңіл бөлді, ол бойынша шаң бөлшектері Күнге қарай оралған спираль бойымен жылжуы керек. В. Г. Фесенков есептеулері бойынша Жер орбитасының ішіндегі планета аралық кеңістіктегі барлық шаңды заттар толығымен Күнге 100 000 жыл (астрономиялық ең қысқа уақыт периоды) ішінде құлауы керек.
Осыған орай планета аралық кеңістікті шаңмен толтыру бастауларымен қиындық туды. Фесенков бұл мәселеге жан-жақты қарады және шаң бөлшектерін тудыратын түрлі жағдайларды қарастырды. Нәтижесінде В. Г. Фесенков 1958 ж. зодиакалды бұлттың материясы астероидтардың дезагрегация өнімдерімен толтырылады деген қорытынды жасады.
Зодиакалды жарықтың фотометрлік ерекшеліктерін анализдеп, В. Г. Фесенков зодиакалды жарықтың изофоты, оған атмосфера табиғатының қосымша жарық бөлуі жататынын көрсетеді. Осыған байланысты ол «зодиакалды кеш әсерінің» есептемелерін жүргізді, Жер атмосферасында зодиакалды жарық бөліктер горизонтында жарықтың таралуын есептеді. Дегенмен алынған жарық көлемі мағынасыз болды. Изофоттың формасының өзгеруінің басқа себебі – атмосфераның ең жоғарғы қабаттарында пайда болатын жарық бөліну әсерімен байланысты болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті қарастырып, ғалым Жердің жоғарғы қабаттарындағы ауа қабаты сферасында ерекшеленуі керек. Оның ойынша, атмосфера полюстерде қысылып, эклиптика жазықтығында 1000 километрге таралған. Атмосфераның осы бөлігіндегі жарық бөлуін ол түнгі аспан жарықтанудың эклиптикалды құраушысы деп атады. В. Г. Фесенков ғылыми істерінің ерекшелігі бірінші қарағанда ұқсастығы жоқ екі түрлі мәселе арасында байланыс болатын. 1947 ж. жарияланған «Планета аралық кеңістіктегі метеорлы материя» монографиясын жатқызамыз. Онда теориялық астрономия әдістерімен, бақылау әдістеме сұрақтарымен шешілетін, прктикалық астрофизика пәнін құрастырушы теориялық сұрақтар қарастырылған. Монографияда мынадай сұрақтар қарастырылған: зодиакалды жарықтың бақылау әдісі мен оны өңдеу, түнгі аспан жарығының теориясы, жұлдыздардың жалпы санын бағалау, Жер атмосферасында жарық экстинкциясын есептеу әдісі, шаңның қозғалысымен байланысты динамикалық сұрақтарды анализдеу, Күн жүйесіндегі астероидтар мен кометалар, комета мен астероидтар дезагрегация процесі.
Осыған байланысты В. Г. Фесенков астрофизикалық мәселелерді геофизикалықпен байланыстырды. Ол қарастырған геофизикалық мәселелерге мыналар кіреді: Жер атмосферасының күндіз жарық бөлуін зерттеу, түнде және кешке Жер альбедосын анықтау, Жер атмоферасының жоғарғы қабаттарының құрылысын зерттеу, атмосферада озон құрамын анықтау, Жер мен басқа планеталардың ішкі құрылысын зерттеу. Атмосфера оптикасы бойынша маңызды жұмыстар жасады. Ол Жердің қабықшасыз атмосферасы бірінші жақындағанда екі параметрмен суреттеледі – таралу индикатрисасы мен мөлдірлік коэффициенті. В. Г. Фесенков осы параметрлерді қайталанбас әдіспен жетілдіріп, бақылауға қажетті приборлар құрастырды. Олардың ішіндегі ең әйгілісі ореолды фотометр болды. Оны атмосфераның оптикалық қасиеттерінің тұрақтылығын бағалау үшін, Күн ореолының жарық өлшемдері бойынша атмосфера мөлдірлігін анықтау үшін қолданды.
В. Г. Фесенков бірінші ретті таралу есептемесіне сүйенген күндізгі аспан жарықтығы теориясын ашып, оны горизонтальды және вертикальді көріністің алыстығын, Жер көлеңкесін, толық күн тұтылу шартында атмосферада жарық таралуды зерттегенде қолданды.
В. Г. Фесенков күндізгі аспан жарық өлшемдеріне көп көңіл бөле отырып, екі каналды поляриметр құрастырды. Ол Стокстың төрт параметрін өлшеуге арналған. Бақылаулар күндізгі аспан жарығында поляризация элементтілігі жоқ екендігін көрсетті.
В. Г. Фесенков астрономиялық және геофизикалық мақсатта қолданған жасанды серіктерді қолдануда қатыспаса да, ол Жер орбитасы жанына жіберілген аппараттарды қалай қолдану керектігін көп ойлады. Жер атмосферасында озон құрамын анықтау үшін, ол Жерден жасанды серіктерді Жер көлеңкесіне екі спектрлі интервалға (Шапюн және одан тыс) кіру уақытында фотоэлектрлік бақылау жүргізуді ұсынды. В. Г. Фесенков Жер бетінен 20-30 км биіктіктен кешкілі жарықты бақылау әдістемесін өндіріп, бірақ оны тәжірибеде қолдануда үлгермеді.
1972 ж. басында В. Г. Фесенков жүрегі ауырып, ауруханаға жатты. 1972 ж. 12 наурызда жүрегі тоқтап қаза болды. Өмірден әйгілі ғалым, ғылыми зерттеулер ұйымдастырушы, жақсы Адам кетті. Оның көптеген ғылыми еңбектері осы күнге дейін мағынасын жоғалтпады.