1. Прокурор өз құзыретi шегiнде:
1) заңдылықты бұзуды болдырмау туралы;
2) қылмыс жасауға және басқа тәртiп бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелерi бойынша;
4) заңда белгiленген өзге жағдайларда ұсыныс енгiзедi.
2. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, бiр ай мерзiмде қарауға тиiс. Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға хақылы. Ұсынысты қараудың нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарланады.
1. Органның немесе лауазымды адамның не азаматтың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi салдарынан оларды дұрыс қолданбауға әкелiп соғатын жеткiлiктi негiздер бар деп санаған ретте, прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзғаны үшiн көзделетiн жауапкершiлiктi түсiндiредi.
2. Құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсiндiредi.