Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары

Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы Президентінің  1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады, осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк —  заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді .Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады.  Ол республиканың  кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің  басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің  өкілдік және атқарушы органдарының  Ұлттық банк пен оның  құрылымдық бөлімшелерінің  заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма  және директорлар Кеңесі (Директорат)саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған  Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және  Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен,  Республика Үкіметінен  және Ұлттық  банктен кірген  басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және  Ұлттық  банктің  төрағасы бекітеді және  қызметтен босатады [1,13 бап].

Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті  Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды.Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы.Оны қызметтен Президент босатады.Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.[1,14 бап]

Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың  Заңкүші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.

Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ұлттық банктің міндеті оның  атқаратын  қызметтері арқылы орындалады :

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшерлеменің  деңгейін өзгертумен шұғылданады.
  • Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
  • Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота  эмиссиялау.Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
  •  Банктердің  банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты(жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.
  • Үкіметтің  және мемлекеттік органдардың  банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.
  • Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді.
  • Ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды .

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:жарғылық, резерв капиталынан , қайта бағалау шоттары және арнайы  провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Заңның 9-бабына сәйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 20 млрд. теңге көлемiнде мына қаражаттар есебiнен құрайды: республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен алынған негiзгi қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.  Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген  операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.[1,9 бап]

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы  тұрлаулылығын  қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға сай жұмсалады. Алтын валюталық резерв  төмендегі элементтерден құрылады:

  • алтыннан:
  • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы  қаржылардың қалдықтарынан
  • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан
  • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы  мекемелері шығарып, кепілдік берген  бағалы қағаздардан
  • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден
  • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы  активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің  шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден,  бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі  шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және  Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік  сипаттағы төлемдер кіреді.           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болғанына көзiмiз жеттi.  Статагенттіктің хабарлауынша, инфляция жыл басынан бері 6,2 пайызға, өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 7,3 пайызға жеткен.  Азық-түлік бағасы өткен айда 1,3 пайызға, азық-түлік емес тауар — 0,6 пайызға, ал ақылы қызмет көрсету 0,7 пайызға өскен. Инфляция деңгейі 2010 жылы 7,5-8 пайызда болса, 2014 жылға қарай 7 пайызға дейін төмендеуі болжануда.

1-кесте

2009-2010жж. инфляция

                                                                                 өткен айға пайызбен, өсуі +, төмендеуі-

  2010 Анықтама үшін

2009ж. қазан

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан
Қазақстан Республикасы 1,4 0,9 0,7 0,7 0,6 0,2 0,2 0,0 0,6 0,9 0,4
Ақмола 2,9 1,3 0,5 0,7 0,2 0,3 0,1 -1,4 0,3 0,7 0,2
Ақтөбе 2,0 0,5 0,5 0,5 0,4 0,2 0,1 0,2 0,5 0,7 0,5
Алматы 1,5 0,7 0,5 0,6 0,6 0,3 0,0 -0,1 0,4 1,0 0,2
Атырау 2,9 0,2 0,4 0,7 0,4 -0,7 0,2 0,1 1,0 1,5 0,4
Батыс Қазақстан 0,7 0,7 0,7 0,8 0,7 0,2 0,2 -0,1 0,4 0,8 1,9
Жамбыл
1,4 1,1 0,6 0,7 0,5 0,4 -0,1 0,1 0,4 1,1 0,1
Қарағанды 1,1 0,8 0,8 0,6 0,7 0,1 0,2 0,0 0,7 1,3 0,4
Қостанай 1,4 0,6 0,8 0,6 0,4 0,3 0,0 0,0 0,6 0,8 0,3
Қызылорда 1,5 0,8 0,6 0,8 0,4 0,1 0,1 0,0 0,4 0,9 1,1
Маңғыстау 0,9 0,8 0,7 0,6 0,3 0,5 0,1 0,4 0,8 0,6 0,2
Оңтүстік Қазақстан 0,7 1,5 0,8 0,5 0,7 0,2 0,3 0,4 0,8 0,8 -0,5
Павлодар 2,4 0,8 0,2 0,4 0,5 0,1 0,4 0,1 0,8 0,7 0,1
Солтүстік Қазақстан 1,3 0,8 0,6 0,8 0,4 0,7 -0,1 0,1 0,3 0,5 0,8
Шығыс Қазақстан 1,3 1,1 1,2 0,8 0,5 0,0 0,0 0,1 0,5 1,1 0,3
Астана қ. 1,2 0,6 0,6 0,7 1,0 0,2 0,2 -0,1 1,0 1,1 0,3
Алматы қ. 1,2 0,7 0,6 0,7 0,6 0,3 0,4 0,3 0,3 0,9 1,0

Дерек көзі: www.nationalbank.kz [18]

Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляцияға қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.

Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясат  Қазақстанда тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляцияны тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымының көлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми пайыз мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
  • Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
  • мемлекеттiң бағалы қағаздарын  сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
  • банктерге және үкiметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.

Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде  пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2008-2010 жылғы ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын қарастырсақ. 2008 жылдың аяғында – 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды.

2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы ақпан аралығындағы кезеңнің өзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге 9 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Алтынвалюта резервтерінің көлемі осы кезеңде 10,4%-ға төмендеді.

Алайда, 2009 жылдың басында әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының сауда-әріптес елдері валюталарының девальвациясы және қазақстандық экспорттың негізі болып табылатын энергия ресурстары бағаларының айтарлықтай төмендеуі төлем балансының 2009 жылғы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етпеді және олардың күрт нашарлауына әкеліп соқты.

Ақша-несие саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті.

Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті.

Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2009 жылдың аяғында ол 23,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16,8% артық.

Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-несие саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы  10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді.  2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды.

Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді  ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.

2010 жылы Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының барлық сценарийлері іске асырылған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды көздейді. [18, www.nationalbank.kz]