1928 жылы туристердің Ресейлік қоғамы пролетарлық туризм қоғамы болып қайта құрылды. 1925-1926 жылдары «Кеңес туристі» ұғымы пайда болды. Бұл қоғам сапарларды жолдамалар бойынша пойыздар мен пароходтарда серуендеулерді ұйымдастырумен айналысты. Бұл қоғам сапарларды материалдық қамтамасыз ететін кеңестік, кәсіподақтық және шаруашылық ұйымдары құрайтын акционерлік қоғам болды. Ол туризмнің қалыптасуында өте үлкен роль ойнады. Бірақ та, бұл таза коммерциялық қоғам болып, жаппай туризмнің мәселелері оның міндетіне кірмеді. Ал бұл жұмысшы жастар мен студенттердің арасында туризмнің дамуын тежеді. Яғни пролетарлық туризмнің дамуы мен нығаюының талаптарына жауап бермеді. Сондықтан да, 1930 жылы 8-наурызда Ұлттық комиссарлар кеңесі ««Кеңес туристі» акционерлік қоғамы мен пролетарлық туризм қоғамының бірігуі және пролетарлық туризм мен экскурсияның Бүкілодақтық еркін қоғамын құру туралы» қаулы қабылдады. Оның алғашқы төрағасы Н. В. Крыленко болды. Ол юстицияның халықтың комиссары, бірінші класты альпинист, шахмат федерациясының төрағасы болған адам. Оның құрамына 75000-ға жуық адамды біріктірген туризм бойынша барлық ұйымдар кірді. 1929 жылы «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы негізін қалады. Оның пайда болуына шетелдік туризмнің дами бастауы мен шетелдік қонақтарды қабылдауды бір жүйеге келтіру болды. 1929 жылы Кеңес туризмінің пайда болу жылы деп есептелінді. 1931 жылы шетелдік туристерді орналастыру үшін «Отель» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғамның иелігінде елдің әр түрлі қалаларында 17 отелі болды. 1932 жылы 3-сәуірде Мәскеуде ОПТЭ-нің І Бүкілодақтық съезі болып өтті. Оған 290 делегат қатысты.
Пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамының жұмысының кемшілігі дене шынықтыру кеңесінен оның бөлек қалып қалуы және жеткіліксіз жұмысы болды. 1936 жылы халық комиссариаты кеңесінің шешімімен пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамы жойылды. Туризм дене шынықтыру және спорт ісі бойынша Бүкілодақтық комитеттің және осы жылы құрылған Туристік-экскурсиялық басқарманың жетекшілігіне берілді. 1938 жылы туризмнің Бүкілодақтық секциясы құрылды. Ол «КСРО туристі» белгісінің нормативтерін әзірледі. 1939 жылы күзде Мәскеу маңында кеңес туризмінің 10 жылдығына арналған туристердің слеті болып өтті. 1939 жылы Қызыл армияға көмек ретінде еркін альпинистік отрядтары құрылды. 1940 жылы туризмде туристік атақтар енгізілді. Осы жылы азаматтық соғыстың күрескерлік даңқ маршруттары бойынша жаппай жорықтар жарияланды. Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жерлерде барлық туристік шаруашылық бұзылды. Тек соғыстың соңында ғана туризмнің Бүкілодақтық секциясы өзінің жұмысын қайта жаңартты. Ал туристік-экскурсиялық басқарма туристік базаларды қайта қалпына келтіруді бастады. 1945-1952 жылдар аралығында туризм мен дене шынықтыру спорттық ұйымдардың құрылымының өзгеруіне қарай бірқатар қаулылар қабылданып, іс шаралар жүргізілді. Мысалы, туризм бойынша спорттық нормалар енгізілді, спорттық разрядтар мен туризм бойынша спорт шебері атағы енгізілді, туризм инструкторы туралы және туристік-инструкторлық атақты беру тәртібі туралы қаулы шықты. 1954 жылы жас туристердің алғашқы слеті болып өтті. Ол Тургаяк көлінде (Оңт. Урал) өтті. 1956-1957 жылдары пионерлер мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық экспедициясы өткізілді. Оны РСФСР Орталық балалар экскурсиялық-туристік станциясы «Пионерская правда» газетінің редакциясымен бірге ұйымдастырды.
1956 жылы КСРО ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының мүшесі атанды. Халықаралық жастар туризмін дамыту мақсатында 1958 жылдың маусымында «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы құрылды. Бұл бюро КСРО-ның жастарын басқа елдермен байланыстыру мәселелерімен айналысты. Бірақ 60-70 жылдары аралығында шетелдік сапарларға КСРО азаматтарының 0,4%-ы ғана шыққан. 1960 жылы курорттар мен туризмді басқару бойынша Орталық кеңесі құрылды.
1962 жылдың 20 шілдесінде Кәсіби одақтардың бүкілодақтық кеңесінің (ВЦСПС) президиумы «Туризмді ары қарай дамыту туралы» қаулы қабылдады. 1969 жылы 30-мамырда КСРО-ның министрлер кеңесі мен ВЦСПС «Елде туризм мен экскурсияны ары қарай дамыту бойынша іс шаралар туралы» қаулысын қабылдады.