МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе…….. 5
2 Негізгі бөлім….. 6
2.1 Құс өсіруді ұйымдастыру…. 6
2.2 Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері…..8
2.3 Құс тұқымдары….. 9
2.4 Тауық тұқымдары…….. 9
2.4.1 Леггорн…… 9
2.4.2 Орыстың ақ тауығы…… 9
2.4.3 Етті-жұмыртқалағыш…. 10
2.4.4 Плимутрок тұқымы…… 10
2.4.5 Етті тұқымдарға…… 10
2.4.6 Сойыстық тұқымдарға…… 10
2.4.7 Көркемдік тауықтар…… 10
2.5 Үйрек тұқымдары……… 10
2.6 Қаздар……….. 12
2.6.1 Қытай қаздары жақсы жұмыртқалағыш….. 12
2.7 Күркетауықтар…… 12
2.7.1 Солтүстік кавказ күркетауығы…….. 13
2.7.2 Кең кеуделі жез түсті күркетауықтар…… 13
2.8 Бөденелер……… 13
2.9 Құс қорасы және оның күтімі……… 14
2.10 Өсіруге қажетті құсты таңдау……… 17
2.11 Жұмыртқа шайқау….. 19
2.12 Құс азықтандыру……… 20
Қорытынды және ұсыныстар… 23
Пайданылған әдебиеттер ….. 24
1 Кіріспе
Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде құс шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдардың 99 пайызының, ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81 пайызының өз дербес шаруашылығы бар. Осыған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке деген қажеттілігінің 80 пайызын, жұмырқаға деген қажеттілігінің 95 пайызын, жүннің қажеттілігіне 82 пайызын. Орта есеппен алғанда бұл көрсеткіштер дербес шаруашылық иесінің жылдық табысының 75 пайызын құрайды екен. Осыдан-ақ дербес шаруашылық маңызының золағына әбден көз жеткізуге болады. Оның сыртында әрбір дербес шаруашылық иесі түтінінің экономикасына тигізетін пайдасы тағы бар. Мәселен 4-5 адамнан тұратын бір түтін жылына 220-240 жұмыртқа табатын 6-10 тауықұстаса медициналық мөлшер бойынша қажет жұмыртқамен, ал 40-50 балапан шығаратын үйрек немесе 20-30 балапан шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық құс етімен қамтамасыз етіледі.
Бұл күндері ауылдық жерде тұратын әрбір түтіннің құстардың әр түрлі тұқымдарын өсіруге мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық хақылы.
Дербес шаруашылықта құстарды өсіру, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған, осы мәселелермен қатар қойды сою, оның терісін тұздау, қойды қырқу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік зоогигиеналық шараларға да қанығады. Сонымен бірге мал өнімдерін дайындалатын қазақтың дәстүрлі және қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да оқырманның кәдісіне жарар деген ойдамыз.
Құстардың тұқымдары өте көп жерге тарап, кез-келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдары жоқ емес, соның ең бастысы құстардың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай құс қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайлымы шөлайт жерлерде де, жазы ыстық жерлерде өсе береді. Оған құстың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең негізгісі – түрлі жайлым отын өте жақсы пайдаланатындығы мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта әр-бір адам құсл шаруашылығын аша алады. Бұл күндері құс шаруашылығын ұлғаюту көзделіп отыр, бұл үшін қазіргі кезде елімізде ауылды жерлерде құс базалары ашылуда. Құс шаруашылығын да біріншіден құстың жақсы тұқымдарын көбеитуде, одан кейін оның жұмыртқасына және т.б. шаруашылығы ұлғаюда. Бұның арқасында ауыл адамдарының тұрмыс жағдайы жақсарып келеді және жұмыспен қамтамасыз етілуде.
Курстық жұмыс / 26 бет