Тұтыну ссудасы курстық жұмыс

ЖОСПАР

Кіріспе

I-бөлім. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның түрлері

1.1. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның мәні

1.2. Тұтыну ссудасының түрлері және қажеттілігі

II-бөлім. Тұтыну ссудасын «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде  талдау. Несиелендіру обьектісі

2.1. Тұтыну ссудасын АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау

2.2. Несиелендіру обьектісі мен саясаты және оны банктік тәжірибеде талдау

III-бөлім. Жеке тұлғаларды ссудалауды жетілдіру жолдары және мәселелері

3.1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары

3.2. Қазақстан Республикасының тұтыну ссудасын беру мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну ссудасына келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну ссудасы бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.

Тұтыну ссудасы тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну ссудасы өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және  тағы басқа да мақсаттарға беріледі. Жалпы тұтыну ссудасының көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.

Дамыған елдерде тұтыну ссудасы үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну ссудасы көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие  арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну ссудасы да, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулар керек.

Курстық жұмыстың мақсаты — Тұтыну ссудасының түрлері, жеке тұлғалардың тұтыну ссудасын қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну ссудасының берілу тәртібімен танысу Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:

—  Тұтыну ссудасының түрлеріне зерттеулер жүргізу;

—  Несие объектілерінің қажеттілігін қарастыру

—  Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;

—  Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;

курстық жұмыс / 26 бет